«Мейірімділік -асыл қасиет» 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мейірімділік -асыл қасиет» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік сезімі мен эмоциялардың көрінуін ажырата алады. Қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік таныта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

IV. Адам болам десеңіз...

Педагогтің аты-жөні

Дюсембаева А.Г.

Күні


Сынып : 2 «а»

Қатысушылардың саны:12


Қатыспағандардың саны: 0


Сабақтың тақырыбы

25-сабақ «Мейірімділік -асыл қасиет»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Мейірімділік сезімі мен эмоциялардың көрінуін ажырата алады. Қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік таныта алады.

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Мейірімділік, татулық, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өмірде мейірімділіктің маңыздылығын ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік


1. Оқушыларға «мейірімділік» мәнін түсіндіру;

2. Әрқашан адамдармен қарым-қатынаста татулық қасиетін дамыту;

3. Қамқорлыққа, мейірімділікке жасап жүруге тәрбиелеу;



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері/

Уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)






  1. Жағымды көңіл-күй

(1-3 минут)


Оқушылармен амандасып, түгендейді.


5Т ережесін еске түсіру.



Тыныштық сәті.

Су асты патшалығына ойша саяхат.



Оқушылар амандасады


5Т ережесін еске түсіреді


Жағымды күйге келеді

Хрустальная грусть

  1. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру

(3-5 минут)


108- бет, №25-сабақ М.Байділдаұлы

«Ақ көгершін »мәтінін оқып келу.


Сұрақтар:

  1. Бала көгершіннің жағдайына қарамастан неліктен оны алды деп ойлайсыңдар?

  2. Көгершіннің әсем қалпына түсуіне қандай себеп болды?

  3. Көгершін алғысын қалай білдірді?

  4. Сендердің аң-құстарға жақсылық жасаған кездерің болды ма? Қандай?



  1. Жағымды

Ой- пікір (дәйексөз)

(3-4 мннут)

Мейірімділікті анадан үйрен

Халық даналығы.


1.Мейірімділікті кімнен үйренеміз?

2. Сіздің мейірімділік танытқан кезіңіз болды ма?

3 рет сыныппен қайталайды сұрақтарға жауап береді

Нақыл сөздер- ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздер. Нақыл сөз аз сөзбен ордалы ойды жеткізеді. Өлең түрінде де, қара сөз қалпында да кездеседі.

  1. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(3-7 минут)

Мұғалім сыйы.


« Отбасы татулығы»

аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па?

-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар.

1. Аңыз әңгіме не туралы?

2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

3. Сендер қалай ойлайсыңдар ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді?

4.Өз отбасыңыздағы татулық турал айтып беріңіз?





  1. Шығармашылық жұмыс

(12-15 минут)

Ұяшық таңдау арқылы топқа бөледі. Ұяшықтарда тапсырмалар жасырылған.


I-топ. Сахналау.

Көшеде адасқан баланы көріп қалдың? Сендердің әрекеттерің?


II-топ. Дүкен алдында ауыр сөмкесі бар әженің кетіп бара жатырғанын көрдің? Сендердің әрекеттерің?


III топ. Терезеден анасынан адасып қалған балапанды көрдің. Не істер едіңдер?














  1. Үй тапсырмасы

(1-2 минут)


Үй тапсырмасы.

113-бет, №26 сабақ.

Қ.Толыбаев «Күн мен гүлдер» мәтінін оқып келу.


Оқулықтан

  1. Топпен ән айту

(2-3 минут)

«Апам үшін»

"Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй үшін,

Жуам ыдыс-табақты.

Жылай қалса бөпемді,

Жұбатамын ойнатып."



Колонка, музыка

  1. Сабақтың қорытынды сәті

(1 минут)



Жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2021
638
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі