ТАҚЫРЫБЫ: МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам
өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым
қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтьарды шешу арқылы тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтайтын боламыз.
Қабат – қабат қаптама, ақылың болса атттама. (кітап)
Күн нұрына қарық қып, үйді тұрар жарық қып. (терезе)
Есігі бар төбесінде, отырасың келесің де. (парта)
Қолмен ашамын, қорғалап басамын. (есік)
Шәкіртке жанашыр, мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)
Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айттыңдар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мейірімділік-жүректен».
Ал, енді мына видео роликке мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін бұл видео роликтен не ұққандарыңызды айтатын боласыңдар. (арнайы видеоролик көрсетіледі)
Сонымен бұдан не ұқтыңыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
Шаттық шеңбері
- Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды,
рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады
«Мейірімділік» өлеңін оқу:
Бахар:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
Тренинг: Адам бойындағы жақсы жаман қасиеттер: Оқушылар жақсы қасиеттерді адам бойына, жаман қасиеттерді себетке тастайды.
«Болады-болмайды» ойыны
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға ….(болады),
Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға….(болмайды),
Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға ….(болады),
Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға ….(болады),
Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды),
Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға …..(болады),
Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға….(болады),
Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға ….(болады),
Жаман болуға…. (болмайды),
Айтпақшы,Жаман болуға ….!(болмайды).
Мұғалім:
Сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген ….мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген ….мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді ….мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
..1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не
істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
..4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
..5- Сен досыңмен келе жаттың. Кенет
сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап
қалды. Сен не істер едің.
6- Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір
топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас
лақтырып жатыр екен сен не істер
едің?
Мұғалім:
-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Қорытынды: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы
білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
Балалар, бұл қорапың ішінде бір мейрімді оқушының суреті бар. Ол оқушы кім болуы мүмкін? (әркім өз ойын айтады «мен үшін мейрімді ....»).
Балалар кезекпен қораптың ішінде қай оқушы бар екенін көруге келеді. Қораптың ішінен әркім өзін айнадан көреді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мейірімділік -жүректен" тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз