15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімділік-асыл қасиет
Мектеп : Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп –гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:Абзалбекова Б.Б
Өзін-өзі тану 3 сынып
Тақырыбы :Мейірімділік-асыл қасиет
Мақсаты:білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: , слайдтар,оқулық,суреттер., нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың назарын сабаққа аударту;
-психологиялық дайындық;
-шаттық шеңбері,сәлемдесу.
Мұғалім:
-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)
Мұғалім:Амансын ба Алтын күн!
Амансын ба Көк аспан !
Амансын бадостарым !
Сендерді көрсем қуанам!
Ән: «Көңілді күн»
Мұғалім: -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.
Өткенд берілген тапсырма
-Балалар сендерге үйге тапсырма 1 т достарыңды,мұғалімдеріңді,2 т сынып жетістігін , 3 т оқулықты жарнамалау берілген соны көрсетейік 4т «Балапан және достары » не ой түйдік ?(оқушылар жауабы тыңдалады)
Жаңа сабақ:
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?(балалар жауабы)
Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Енді балалар оқулықтарымызда «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар,Оқып танысу .
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
(балалар жауабы)
Мұғалім:-Балалар жаңа өздерің білгендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?
Мұғалім: Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы кешірімді әдепті жақсы жанашыр
Дәйексөз: «Мейірімділікті анадан үйрен»
Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен » деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Тапсырма: (тақтамен жұмыс)Оқушы бойында болатынды жапсыру ,болмайтынды ,себетке салу
«Болады-болмайды» тренингі
-Мейірімді болуға .... (болады),
Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды),
Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Ұрысқақ болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға .... (болады),
Қайырымды болуға .... (болады),
Бұзық болуға .... (болмайды),
Бауырмал болуға .... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады),
Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл болуға .... (болады),
Арам болуға .... (болмайды),
Маман болуға .... (болады),
Жаман болуға .... (болмайды),
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген .... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)
Таза мөлдір.... мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)
Аяулы .... мейірімді! (анам)
Қадірлі .... мейірімді! (әкем)
Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)
Еркелеткен .... мейірімді! (атам)
Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
:Шығармашылық тапсырма
І топқа тапсырма:“Мейірім” тақырыбына эмблема дайындаңыздар.
ІІ топқа тапсырма: Мейірімділік туралы көрініс көрсету
ІІІ топқа тапсырма: “Мейірімділік ” тақырыбында өлең құрастыру
. ІҮ топқа тапсырма Мақал мәтелдер айту
Сабақты бекіту:
-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?
(оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі кере
Жүректен
жүреккеҚолдарыңдағы
жүрек
-Ата-анасына,
туыстарына, достарына, жақындарына,
қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік
сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
-
Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
-
Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
Ревлекция Мейрімділік ағашына ұсыныс тілек .
«Мектеп : Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп –гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:Абзалбекова Б.Б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген