15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімділік-асыл қасиет.
Тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет.
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ағаш сөреті , күн сөреті, жүрекшелер.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру.
II . «Мейірімділік нұры» жаттығуы
ІІІ. «Болады-болмайды» ойыны
IV.Жағдаяттарды шешу:
V. Мейірімділік ағашы
VI. Көрініс “Сары тауық пен
балапандары”.
VIІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім:
-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
.
ІҮ « Мейірімділік нұры» жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
ІІІ«Болады-болмайды» ойыны
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға .... (болады),
Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды),
Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Ұрысқақ болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға .... (болады),
Қайырымды болуға .... (болады),
Бұзық болуға .... (болмайды),
Бауырмал болуға .... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады),
Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл болуға .... (болады),
Арам болуға .... (болмайды),
Жаман болуға .... (болмайды),
Айтпақшы,
Жаман болуға ....! (болмайды).
ҮІІ. Көрініс
Сары тауық пен балапандары .
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес.
Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып ,ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақтар:
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
«Күн ашылып , ана жүрегіндей жатырады» дегенді қалай түсінесіндер?
Ал сендер мейірімділікті ,қайрымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?
Ү. Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
5- жағдаят: Сен автобуста отырсын, бір қарт кісі кіріп келді сенің әрекетін?
6- жағдаят. Мектепке бара жатқанда қасындағы досын құлап қалды, сенің әрекетін?
ҮІ.Ағаш
-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Қорытындылау.
« Жүректен жүрекке» жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.
Қызыл-адамгершілік.
Сары- адалдық.
Қызғылт- мейірімділік.
Көгілдір- сүйіспеншілік.
Жасыл- әдептілік.
Көк- ізеттілік.
Ақ-қайырымдылық.
Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.
Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,
Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма,
Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сабағымды қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген