жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірімділік асыл қасиет
|
Сабақтың тақырыбы: Сыныбы: Сабақтың мақсаты: Міндеттері: Көрнекіліктер: Сабақтың жабдықталуы: Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері: Пән аралық байланыс: Сабақтың типі: Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1.Қызығушылықты ояту : 2.Үй тапсырмасын тексеру: 3.Пікірлесу сұрақтары: 4.Проблемалық сұрақ: 5.Сабақтың дәйексөзі: 6.Жаңа ақпарат беру:
7.Мәтінмен жұмыс:
8.Тыныштық сәті:
9. Тапсырма
10. Ойын
11. Дәптермен жұмыс:
13. Рефлексия: 14. Қорытынды:
|
Мейірімділік – асыл қасиет Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Білімділік:Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Тәрбиелілігі:оқушыларды мейірбандылыққа тәрбиелеу. Дамытуышылығы: оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту. Жүрекше, мейірімділік кестесі, жүрек сабақтың дәйексөзі жазылған плакат, үнтаспа,
Қызығушылықты ояту, пікірлесу сұрақтары, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат беру, тыныштық сәті, мәтінмен жұмыс, үй тапсырмасын беру, қорытынды, рефлексия.
Ана тілі Аралас сабақ І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Негізгі бөлім
Сәлеметсіздерме ме, балалар? Көңіл – күйлерің қалай? Бүгін сендерді көргеніме сондай қуаныштымын!
Балалар, сабағымызды көтеріңкі көңіл күймен бастау үшін, барлықтарыңды шаттық шеңберіне шақырамын.Менмен бірге қайталайық: - Күлімдеген күн мейірімді! - Кіршіксіз ақ қар мейірімді! - Таза мөлдір су мейірімді! - Бәрімізді көтеріп түрған жер мейірімді! - Аяулы анам мейірімді! - Қадірлі әкем мейірімді! - Әлпештеген әжем мейірімді! - Еркелеткен атам мейірімді! - Жылы жүзді ұстазым мейірімді! - Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б. Тамаша, балалар, бір – бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық. Ал, енді орындарыңа отырыңдар. Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
Балалар, өткен сабақта сендерге үйге қандай тапсырма берілді? Қане, балалар, барлықтарың дәптерлеріңді ашып қойыңдар мен тексеріп шығайын.
Мейірімді болу оңай ма? Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: “Мейірімділікті анадан үйрен.”
Сары тауық пен балапандар»(105 бет) М. Төрежанов Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар: • Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді? • «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? • Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер? Анасы өз балаларын бауырмалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Әр ана өз баласына мейірім шапағатын сыйлай отырып тәрбиелейді. Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді. Қайтатын уақытта келді. Осы әлеммен қоштаса отырып. Мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді, балалар, көзімізді аша қойыңдар! Балалар, енді біз тақтаға назар аударайық, мұнда «мейірімділік» кестесі берілген екен. Біз осы кестені толтырайық. Мұндағы, бірінші бағанға – мейірімді істерді, екінші бағанға – мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаймыз.
Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Ойын шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып: «Балалардың мейірбандық жүрегі, Адамдарға бақыт шаттық тіледі» , деп айтады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!
Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға «Мен мейірімді баламын. Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай ой түйдіңдер? Мейірімділік танытып, қайырымдылық, жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді. Мейірімділік, қайырымдылықтан, қамқорлықтан, махаббаттан, ізгілік пен игіліктен тұрады. Осының барлығы бойынан табылған адам нағыз адам деген атаққа лайық болып табылады. Қолымыздан келгенше мейірімділік танытып, жақсылық жасауымыз қажет. Жақсылық жасасаң, өзімізде жақсылыққа, қамқорлыққа, бөленеміз. Барлық адамдар бір-біріне әр кезде мейірімді, қайырымды болып, жақсылық жасайтын болса, адамдар бақытты болады. Балалар, мына қобдишаның ішінде түрлі – түсті жүрекшелер жатыр. Әрқайсысың өздеріңе ұнаған бір жүректі алыңдар. Қызыл – адамгершілік, сары – адалдық, көк сүйіспеншілік.
|
||||
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген