жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мейірімділік асыл қасиет"
Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Заурбекова Айша
Тажиковна.
Білім беру
саласы: «Әлеумет»,
«Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Өзін- өзі
тану.
Тақырыбы: «Мейірімділік асыл
қасиет»
Мақсаты: Балалардың бойында
мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
1. «Мейірімділік» ұғымын түсіндіру, жақсы іс- әрекеттер жасауға
үйрету, баулу.
2. Балалардың бойында оқу қызметіне деген қызығушылығын ояту, таным
белсенділігін ояту.
3. Балаларды кішіпейілділік пен мейірімділікке
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: Мейірімділік
Билингвальды сыңары: Мейірімділік- доброта, кірпі-
еж, аю- медьвед
Заттық дамыту
ортасы: Слайд, қима
суреттер.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Жылулық
шеңбері
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды
күніміз!
Жарқырайды
даламыз!
Қайырлы таң
апайлар!
Қайырлы күн балалар!
-Қайырлы күн балалар! Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы
«Мейірімділік асыл қасиет» деп аталады. Қанекей бәріміз бір-
бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік:
-Балалар, бүгін біз
мейірімділік туралы айтамыз. Мейірімділік деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
-Мейірімділік — адамның өзге біреуге
жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.
Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік,
жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге
негізделеді.
Мейірімді болу адамдарға
қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе қамқорлық
жасау.
-Дұрыс айтасыңдар,
мейірімділік адам бойындағы ең ізгі жақсы қасиеттердің бірі екен.
Мейірімділік барлық адамзатқа бақыт береді, мейірімділік яғни
жақсылық жасаған адам бақытқа бөленеді.
-Балалар, қандай адамды мейірімді адам дейміз?
-Мейірімділік не үшін керек?
-Сендерге біреудің жақсылық жасағанын қалайсыңдар ма?
-Ал, өздерің басқаларға жақсылық жасадыңдар ма?
-Ендеше біз қазір ортаға шығып «Мен қандай жақсылық жасадым?»
ойынын ойнаймыз.
Балалар ортаға шығып өздері
жасаған жақсы істері туралы ойларын ортаға салады.
-Мен анама үй жинауға көмектесемін.
-Мен тәәрбиеші апайға көмектестім.
- Мен гүлге су құйдым.
-Мен көшедегі әжеге көмектестім.
-Балалар көрдіңдер ме, сендер
қаншама жақсы істер жасағансыңдар. Осы іс- әрекеттеріңнің барлығы
мейірімділікке жатады.
-Қатыгез, жауыз адамдар мейірімділік жасай алады ма? (Жоқ)
-Ал, қазір мен сендерге «Тігінші кірпі» ертегісін оқып беремін.
Сендер ертегіні мұқият тыңдап кірпінің қандай екенін айтып
бересіңдер.
Ертегіні мәнерлеп
оқу.
Ертеде орманда тігінші кірпі өмір сүріпті. Оның бір минут бос
уақыты болмапты. Себебі тігінші кірпі ертеден кешке дейін ормандағы
жан- жануарларға киім тігіп береді екен. Қояндарға жылы тон,
түлкілер мен қасқырларға жылы бас киім тігеді екен. Ал жіпті
кірпіге өрмекші иіріп береді екен. Кірпі тек жануарларға ғана емес,
ормандағы барлық өсімдіктерге, талдарға да көмектеседі екен.
Талдардың бұтақтарын біреу сындырып кетсе, олар жылап кірпіні
көмекке шақырады екен. Кірпі талдардың бұтақтарын өзінің инесімен
тігіп береді екен, сосын талдардың бұтақтары қайтадан өсіп кетеді
екен. Ормандағы жануарлар мен өсімдіктер кірпінің инесі сиқырлы ине
деп ойлайды екен. Ал шын мәнінде кірпі тігінді өз инелерімен тігеді
екен. Бір күні тігінші кірпінің жұмысы өте көп болыпты. Оны сол
күні аю көмекке шақырыпты. Себебі аюдың баласы қонжық, ойнап жүріп
аяғын ауыртып алыпты. Аю кірпіге келіп: «Кірпі досым, көмектесші,
менің балам аяғын ауыртып терісін сыдырып алды. Соны тігіп берші,-
деп өтінеді. Кірпі жұмыстарын аяқтап қараңғыда аюдың үйіне келеді.
Кірпіні көрген аю: -Сен кімсің, белгісіз жануар. Менің балам аяғын
сыдырып ауыртып алды. Біз кірпіні күтіп отырмыз,- дейді.
-Аю, сен мені танымадың ба, мен ғой кірпі, сендерге асығып келіп
тұрмын,- дейді кірпі.
-Ой, кірпі кешір, мен сені танымадым. Себебі кірпілер инемен жүреді
ғой, ал сенде тек бір ғана ине тұр,- деп таңданады. Сөйтсе тігінші
кірпі бүкіл инелерін жаратып қойыпты. Кірпі үстіндегі соңғы инесін
жұлып алып қонжықтың терісін тігіп береді. Анасы аю тілімен
қонжықтың жарасын жалағанда қонжық көзін ашады.
-Анашым, менің аяғым ауырмайды. Мынау қандай аң қасымызда тұрған?-
деп кірпіні көрсетеді.
-Бұл кірпі. Сен оған рахмет айт. Себебі ол сенің жараңды тігіп
берді,- дейді аю.
-Анашым мен мұндай инесі жоқ кірпіні бірінші рет көріп тұрмын.
Кірпі олардың сөзін аяғына дейін тыңдамай, жылап үйден шығып
кетеді. Ол қалың шыршаның түбіне келіп қатты жылайды. Шырша оның
жылаған даусын естіп, кірпіні аяп кетеді де оған өзінің инелерін
сыйлайды. Себебі шыршы білетін кірпінің инелерінің қайда
кеткенін.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Кірпі қандай жақсылықтар жасады?
-Кірпі орман жануарлары мен
өсімдіктеріне киімдер мен жарақаттарын тігіп
берді.
-Ертегіде кім мейірімді
екен?
-Шырша не үшін инелерін кірпіге сыйлады?
-Кірпіге жаны ашыды. Оның
инелерінің қайда кеткенін біліп, өзінің инелерін кірпіге
берді.
Билингвальды
сыңары: Мейірімділік- доброта,
кірпі-еж, аю- медведь
Сергіту
сәті.
Біздің топта ұл- қыздар,
Тату- тәтті ойнаймыз.
Айналаға бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз.
Ойын: «Сиқырлы семафор»
Шарты: балалардың қоладарына қызыл
және жасыл карточкалар үлестіріледі. Егер сұрақтар мен сөйлемдер
дұрыс айтылса жасыл карточканы көтереді, дұрыс емес болса қызыл
карточканы көтереді.
-Үйде ата- анамызға көмектесеміз?
-Әжеге автобуста орын береміз?
-Қыздардың шаштарын тартып ойнаймыз?
-Киімдерді жыртып таста?
-Тәрбиешіге көмектес?
-Қоқысты көшеге лақтыр?
-Достарыңа көмектес?
-Балалар қараңдаршы күніміз көңілсіз болып тұр. Өйткені оның бетін
бұлттар жауып қалыпты. Осы бұлттарды жылжыту үшін біз күннің шуағын
жабыстырайық.
Ұжымдық
жұмыс.
Балалар сары түсті қағаз бетіне өздерінің алақандарын бастырып, оны
қиып күннің шуағын жабыстырады.
Балалар қауіпсіздік ережесін
сақтап, тапсырманы орындайды.
Слайдтан күн күлімдеп шығады.
Рефлексиялық
түзетушілік:
-Жарайсыңдар, балалар. Сендер
бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
-Бүгін біз оқу қызметімізде не жайында
әңгімеледік?
-Мейірімділік, жақсылық туралы
әңгімеледік.
-Бүгінгі оқу қызметі сендерге
ұнады ма? (Иә)
Тосын сый: есік қағылып сәлемдеме келеді.
-Балалар күн өзінің ризалығын білдіріп сендерге тәттілер беріп
жіберіпті.
Тәттілерді балаларға үлестіру.
Оқу қызметінің соңы екенін хабарлау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мейірімділік жайында
түсініктері кеңейді;
Меңгереді: балалар жақсы сөздер, жақсы
тілектер айтуды меңгерді;
Жасай
алады: балалар ертегіні сахналай
алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген