Материалдар / Мейірімділік асыл қасиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейірімділік асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру; - өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту; -қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу; Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің сыныбымызда өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2018
690
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің сыныбымызда өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Амандасу рәсімі:

Қайырлы күн, Күн – ана!

Қайырлы күн, Жер – ана!

Қайырлы күн, Ұстаздар!

Мұғалім:

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық!

Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады:

(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)

Шаттық шеңберіне жиналу:

 Аспанымыз ашық болсын!

Денсаулығымыз мықты болсын!

Мейірімді болайық!

Бәріміз дос болайық!

Ата-анамызды ренжітпейік!

Ұстаздарды ренжітпейік!

Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.

Алдымен топқа бөлінейік:

«Сандықшадан» өздеріне ұнаған түстерді алып топқа бөліну

І-топ «Сүйіспеншілік»

ІІ-топ «Адамгершілік»

Ендеше орнымызға жайғасайық.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Мәтінмен жұмыс

Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімділік

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.

- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

- Маған да айтшы, - деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.

- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.

6.Суретпен жұмыс. Топтарға сурет беріледі.



1-топ







С ен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?



2-топ





2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.









Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

Мұғалім

-Сонымен балалар мейірімділік деген қандай қасиет екен?

-Асыл қасиет.

Дүниедегі ең мейірімді жан кім екен?(Ана)

Табиғаттағы жылулық күннен таралса,

Жердегі жылулық анамыздан тарайды.

Ана туралы қандай өлең жолдарын мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Оқушыларың жаттаған тақпақтары тыңдалады.

— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.



кішіпейіл                      мейірімді                       бауырмал

 

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

 




әдепті                         жақсы                    жанашыр




Топтық жұмыс

1-топ «Ана» туралы мақал – мәтел.

3-топ Эссе жазу.

Жүрекшелерге пікірін жазу:

-Балалар, енді бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма әркім алдындағы жүрекшелерге өз пікірлеріңді жазып тақтаға орналастырайық!

Қорытынды:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен біздің «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
































Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің сыныбымызда өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Амандасу рәсімі:

Қайырлы күн, Күн – ана!

Қайырлы күн, Жер – ана!

Қайырлы күн, Ұстаздар!

Мұғалім:

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық!

Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады:

(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)

Шаттық шеңберіне жиналу:

1Аманбек: Аспанымыз ашық болсын!

2.Аружан : Денсаулығымыз мықты болсын!

3.Досбол: Мейірімді болайық!

4.Ислам: Бәріміз дос болайық!

5. Арайлым: Ата-анамызды ренжітпейік!

6.Әли : Ұстаздарды ренжітпейік!

7.Алмат : Бақытты болайық!

8.Алина: Үлкендерді сыйлайық!

9.Қ.Мирас: Әдепті болайық!

10.Алтынай: Ақылды болайық!

11.Әділ: Сабақтан қалмайық!

12.Ақтолқын: Тәртіпті болайық!

13.Тахир: Бір-бірімізге көмектесейік!

14.Лунара : Мақтаншақ болмайық!

15.Сұлтан: Кішілерге қамқор болайық!

16,Мирлан: Бір-бірімізді ренжітпейік!

17.Алинұр: Табиғатты аялайық!

18.Индира: Тату болайық!

19.Мирас: Отанымызды қорғайық!

20.Гүлім: Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!

Мұғалім:

Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты?(Күн)

Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды?(Ана)

Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.

Алдымен топқа бөлінейік:

«Сандықшадан» өздеріне ұнаған түстерді алып топқа бөліну

І-топ «Сүйіспеншілік»

ІІ-топ «Әдептілік»

ІІІ-топ «Адамгершілік»

ІV-топ «Сыйластық»

Ендеше орнымызға жайғасайық.

Мейірімділік жайлы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Гүлім:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,

Мейірімді баламын.

Тахир:

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Мирас:

Кішілерді аялайтын,

Ақылы бар баламын.

Үлкендерді құрметтеп,

Айтқан тілді аламын.

Алинұр:

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Хор:

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату-тәтті достарым мейірімді!

Олай болса балалар

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Мәтінмен жұмыс

Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімділік

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.

- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

- Маған да айтшы, - деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.

- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.

6.Суретпен жұмыс. Топтарға сурет беріледі.



1-топ





















Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?



2-топ























2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.



3-топ











3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

4-топ

«Мен мейірімді баламын» тақырыбына өздерің жасаған істерің туралы шағын әңгіме жазыңдар.



Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?



Мұғалім

-Сонымен балалар мейірімділік деген қандай қасиет екен?

-Асыл қасиет.

Дүниедегі ең мейірімді жан кім екен?(Ана)

Табиғаттағы жылулық күннен таралса,

Жердегі жылулық анамыздан тарайды.

Ана туралы қандай өлең жолдарын мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Оқушыларың жаттаған тақпақтары тыңдалады.

— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.



кішіпейіл                      мейірімді                       бауырмал

 

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

 




әдепті                         жақсы                    жанашыр




Топтық жұмыс

1-топ «Ана» туралы мақал – мәтел.

2-топ Өлең шығару.

3-топ Эссе жазу.

4-топ Ән айту.

Жүрекшелерге пікірін жазу:

-Балалар, енді бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма әркім алдындағы жүрекшелерге өз пікірлеріңді жазып тақтаға орналастырайық!

Қорытынды:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен біздің «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
























































































































































Тақырыбы:Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ.  Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік. -Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны») Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін с сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді. Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

ІҮ. Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.   Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан, -Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын. а)Мейірімділік деген не? ә)Неге мейірімді болу керек? б)Қалай мейірімді болуға болады? Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

 Ү.«Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.

ҮІ « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

ҮІІ.  Көрініс: Сезім : Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек: Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі менен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап. Білім. -Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.    Мұғалім: -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек. Қорытындылау. « Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік. Сары- адалдық. Қызғылт- мейірімділік. Көгілдір- сүйіспеншілік.Жасыл- әдептілік.Көк- ізеттілік.Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл, Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма, Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатысқандарың үшін!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!