жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірімділік-жан шуағы
Мейірім
– жан шуағы
Мақсаты:
–
Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық,
құндылықтары түсініктерін кеңейту;. -
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа
тәрбиелеу өзімшілдіктен, менмендіктен
тағы басқа жаман әдеттерден сақтануға
үйрету. Адамдар арасындағы мәдениетті,
сыпайы қарым-қатынас тұрғысындағы ойлау
қабілеттерін дамыту, өз ойларын, еркін
жеткізе білуге үйрету – Оқушылардың
адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген
достық сезімдерін, мейірімділікті
нығайту.
Сабақ
түрі:
пікірталас,
талқылау, тренинг.
Әдістер:
сұрақ-жауап,
түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер,
құралдары:
слайдтар,
ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты
сөздері, мақал-мәтелдер.
І.
Кіріспе
Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылыққа біліктеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімділік – жылылық шуағы» пікіралмасу тренинг сағатын ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Нұсқаулық: Қазір барлығымыз алдымызда тұрған парақшаны төбелеріңізге қойып, жаныңызда отырған әріптесіңіздің суретін салыңыздар. Салып болсақ, суретті алдарыңызға қойып, сол әріптесіңізге бір тілек жазыңыз да, астына өз есіміңізді қалдырыңыз.
2.«Әңгіме»
Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.
Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай, әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көзқарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.
Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»
Оқушылыр жауабы:
.
ІІ.Қызығушылықты
ояту (Тақырыпты ашу)
Қайырымсыз
қоғам-мейірімсіз ұрпақ
Мейірімді
адам бойындағы қасиеттерді атар өтсек:
жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды,
рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай
адам деп кімді айтар едіңдер?
—
Әрине мейірімді жандардың қатарында
ең бірінші біздің аналарымыз тұрады
екен.
—
Адамзат ненің,кімнің мейіріміне
бөленген?
—
Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және
тағы басқалардың мейіріміне бөленеді.
Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп
көрейікші:
Мейірімді
адам дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай
адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мейірімділік
шуағы сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар
осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді
қойып шығады)Тотастыру стратегиясы:
І
топ «Мейірімділік шуағы» сөзін
топтастыру
ІІ топ «Мейірімділік дегеніміз» сөзін топтастыру
ІІІ Ойланайық, пікірлесейік
1.Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
2.Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?
3.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
4.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
5.Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
6.Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Бейнеролик
Абайдың
14 сөзімен таныстыру
Тірі
адамның жүректен аяулы жері бола ма?
Біздің қазақтың жүректі кісі дегені -
батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің
қасиеттерін анықтап біле алмайды.
Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе
адам баласын өз бауырым деп, өзіне
ойлағандай оларға да болса игі еді
демек, бұлар - жүрек ісі. Асығыстық та -
жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін
алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың
жүректісі мақтауға сыймайды. Айтқанға
көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан
тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере
бермей, адасқан көптен атының басын
бұрып алуға жараған, әділетті ақыл
мойындаған нәрсеге, қиын да болса,
мойындау, әділетті ақыл мойындамаған
нәрсеге, оңай да болса, мойындамау -
ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың
айтқан батыры - әншейін жүректі емес,
қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ
та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан
азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық
жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың
жоқтығынан азады. Білімді білсе де,
арсыз, қайратсыздығынан ескермей,
ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп
кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік
қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың
көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер
жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген
кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа
еліртпек үшін, бірін-бірі айда, батырлап!
қыздырып алады да, артын ойлатпай,
азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға
терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі,
үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып,
өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі,
тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба
өзі
Қорытынды
Рухтың
мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы,
махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік,
жақсылық адамшылық осы жүректен
туындайды. Рухтың табиғаты материалдық
зат емес, оның табиғаты – асыл нұр
екендігін бір-біріне деген игі тілекпен
қорытындылайды
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген