Материалдар / Мейірімділік жүректен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейірімділік жүректен

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік жоба жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
786
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқудан тыс іс-әрекеттердің жоспары


Мектеп: № 36 мектеп – лицейі, Павлодар облысы Екібастұз қаласы Сынып: 4«Б» Оқушылар саны: 16 Мерзімі: 12.09.2019

Мұғалім: Жапарова М.Т

Оқудан тыс іс әрекеттердің өткізу орны: «Үміт» балалар үйі

Тақырыбы: Мейірімділік жүректен.

Мақсаты: Оқушыларға қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1. Екібастұз қаласындағы балалар үйіне барып,алдын ала келісім жасау.

2. «Мейірімділік жүректен» "Сүйіспеншілік үйінің тұрғындары"сахналық қойылымды ұйымдастыру.

3.Жобаға қатысатын оқушылармен өлеңдер, әндер әзірлеу, дайындық жасау.

4. Балаларға ата-аналар тарапынан сый-тартулар даярлау.

5.Балаларға дайындаған оқушылардың қол өнерлері, сыйлықтарын дайындау

Іс-шараны өткізудің жоспары

1."Сүйіспеншілік үйінің тұрғындары" сахналық қойылым көрсету.

( Жұмбақтар шешу арқылы ертегі қонаққа келеді. Ертегі кейіпкерлері жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттерін атап, мәнін ашады.)

2.Концерттік бағдарлама.

(Балалар тақпақтар,әндер айтып, би билейді )

3.Бейнефильм Жақсылық бумерангосы

4.Ата-аналар комитеті балаларға арнайы дайындаған сыйлықтарын тапсыру.

5. Баларға өз қолдарымен дайындаған бұйымдарын сыйға тарту.

Қорытындылау.

-Балалар бүгінгі іс-шарадан алған барлық жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сау болыңыздар! Рақмет!










Оқудан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыру

жұмыстарының тәжірибем


12.10.03-12.10.19 уақыты аралығында мектепішілік "Мейірімділік жүректен" атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсатында оқушылармен қалалық "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсету арқылы, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, оларға жақсылық жасауға үйрете отырып және оқушылардың бойында достық, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін дамыту, оларды бауырмалдылыққа, қайырымды болуға, кішіпейіл болуға тәрбиелеу көзделген болатын. Осы мақсатта жоспарда "Үміт" балалар үйіне қайырымдылық жасау үшін балаларға акция хабарланды. Іс-шараны өткізу үшін алдымен оқушыларға хабарландыру айтылып, мектепке үлкен жарнама тақтайшасы орнатылды. "Үміт" балалар үйімен байланыс орнатылды.

Мектеп әлеуметтік педагогі және психолгін және ата-ана комитеті мүшесін комиссия мүшесі ретінде бекітілді. Оқушылармен балаларға арналған қойылымға дайындық басталды. Акцияға қатысушы оқушылармен дөңгелек үстел өткізіліп, акцияның мақсатын хабарланып, олардың пікірлерін тыңдалды. «Жақсылық бумерангосы» видио роликті көрсету арқылы ой бөлісу арқылы, оқушылар қайрымдылық жасау дұрыс әрекет негізі екендігін ұғынғандарын көрсете білді. Олар іс-шараны қолдайтындықтарын айтып, өздерінің достық көмектерін, қайырымдылықтарын көрсетуге асық екендіктерін жеткізді. Осылайша, белгіленген күні балалар үйіне келдік. "Үміт" балалар үйінің басшысы, тәрбиешілер және дәрігерлер оқушыларды жылы шыраймен, қауана қарсы алды. Олар оқушыларға бұл жердегі балалардың өмірі мен тұрмысын баяндады. Тәрбиеленушілердің барлық жағдайлары жасалған, тек оларға "ата-ана" мейірімі жетіспейтіндіктерін айтып, балаларға олардың қандай бақытты екендігін түсіндірді. Оқушыларға алдағы уақытта осы жерге келіп мұндағы балаларға әңгіме айтып, түрлі өлең, ертегі айтып берулеріне болатындығын айтып, үнемі байланыста болуға шақырды.

Оқушылар мектепке оралған соң, дөңгелек үстел өткізілді. Онда акцияға қатысқан ата-аналар, комиссия мүшелері, мұғалімдер және оқушылар өздерінің алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Акцияны қорытындылау мақсатында келесі күні кеш ұйымдастырылып, жобаға қатысқан сыныптар мен ата-аналарға алғыстар айтылды. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, алдағы уақыттағы осындай іс-шараларға ұсыныстарын айтты.





Жобаға қатысушылардың әсерлері, пікірлері: Жоба барысында мектеп оқушылары мен ата-аналары, мектеп әкімшілігі үлкен белсенділікпен және жауапкершілікпен қатысты. Олар өздерінің әкелген сыйлықтарын балалар үйіне жеткізгенше асық болды. Тіпті, жақсылық жасауға жаны құмар екендіктерін істерімен көрсете білді десем де болады. Олардың өздерінің жасап жатқан игі істеріне соншалықты сүйіспеншілікпен қарап, бір-бірімен тату, ұйымшылдықта атқарып жатқан жұмыстары менің көңілімде қуаныш ұялатты. Әр затты көтеріп, шара өтетін кабинетті дайындауда өздері атсалысып, балалар үйіне барғанда өте мәдениеттілікпен, жанашырлықпен, бауырмалдылықпен атақарған істері сәл болса да менің атқарған жұмысымның текке кетпегендігінің көрінісі екенін түсіндім. Олардың осы шараға ата-аналарын бірге әкелеуі де жақсылық жасаудың қаншалықты маңыздылығын түсінгендіктері деп ойладым. Оқушылармен бірге олардың ата-аналары үнемі осындай іс-шараларға қатысқысы келетіндіктерін айтып жеткізді.

А. Амир:

Барлық адамдарға жақсылық ойлау керек, жақсылық жасау керек. Біреуге жақсылық жасасаң, ол сенің алдыңнан шығады. Және де жақсылық етсең, оны міндет етпеу керек.


Мен балалар үйіндегі өзіміз сияқты балаларға көмек көрсетіп, олармен дос болғым келеді. Оларға жақсы көңіл-күй сыйласақ, қуанып қалады деп ойлаймын. Оған біздің ұстаздарымыз да, ата-аналарымыз да қуанады.

5 "б" класс ата-анасы Салыкова Гульжан апай:

Біздің балаларымыздың осындай жақсылық жасаймын, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беремін деген ұмтылыстары бізді қуантып жатыр. Біз олардың осы ойын қолдаймыз және өзіміз де мүмкіндігімізше айналамызға пайдамызды тигізуге тырысамыз. Осы шараны ұйымдастырып, біздің балаларымыздың балалар үйіндегі балалардың тұрмысымен танысуына мүмкіндік жасап жатқан ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Осы шарадан соң өмірдегі қуанышпен қиын сәттерде шыдамды, төзімді және одан қай уақытта да шығуға болатындығын, ата-анасы болмаса да алдағы өмірден тек жақсылық күтіп, үміттерін үзбейтін балаларды көріп, біздің баламыз да солардан үлгі алады деп ойлаймын. Іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды. Өзім де көп нәрсеге қанағат етіп, балаларымызды тек жақсылық жасап, жақсылық ойлауға, қиянат жасамай, ешкімнің ала жібін аттамауға, қайырымды болуға өз ісімізбен көрсетуіміз керек деп ойлап келдім.



Жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер:

Жансая:

Мен балалар үйіне барғанда, кішкентай балалардың ата-анасыз өсіп жатқанын біліп, қатты уайымдадым. Мұнда бірінші рет келуім. Олардың да біз сияқты ата-аналары қасында болса қандай бақытты болар еді. Тезірек осы балаларға оларды асырап алатын мейірімді жандар жолықса екен. Сондықтан ата-анамызды сыйлап, айтқанын тыңдап, оларды құрметтеу керекпіз. Ата-анамды жақсы көрем ,оларды түсінуге тырысам.

Көмекке мұқтаж болған адамдардың көмек көрсетілу іс-шарасы туралы әсерлері, пікірлері, сөздері:

"Үміт" балалар үйінің басшысы: Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздердің бүгін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға демеу көрсетіп келіп жатқандарыңыз қандай қауныш. Сіздер сияқты жандар көбейе берсін. Қамқорлық ол тек сыйлық немесе көмек емес, ол сіздердің достық сезімдеріңіз, адал ниеттерің, шын тілектеріңіз. Осындай балалардың барына қуаныштымыз. Ата-аналарың үнемі жандарыңызда болсын, осы жобаны ұйымдастырушыларға тек жақсылық тілейміз.Осындай тамаша мерекелік іс-шара үшін алғысымыз шексіз. Өте өнерлі балаларсыз, өнерлеін өрге өрлейберсін.

Тәрбиеші :

Бұл жерде қай бір-бір жағдайда ата-анасыз қалған балалар тәрбиеленеді. Балаларға мемлекетіміз барлық жағдайды жасады.

Киім де, тамақ та, ойыншық та жеткілікті. Тек балалар бір нәрсеге ғана зәру. Ол ата-ана мейірімі мен ыстық құшағы. Ананың жылы сөзі. Сіздер осылай көңілдеріңізді бөліп келіп, олармен ойнап,ән айтып әңгіме ертегі айтып тұрсаңыздар, олар қуанып қалады. Сондықтан алдағы уақытта да сіздерді күтеміз. Бүгінгі күнге сіздерге, көп-көп рахмет,өнерлі бала сүйкімді дегендей, қашанда осындай сүйкімді болындар.

Жобада қол жеткен және жетпеген нәтижелер:

Жоба барысында акцияға қатысушылар санының күрт артуы, жоспардан тыс кластардың да ата-аналары мен оқушылардың өз еріктерімен қол үшін беруге ниетті екендіктерін көрсетіп, кең көлемде қатысуы үлкен нәтиже болды. Соншалықты жомарттық көрсетіп, және ол істеген жақсылықтан еш жария қылмай, өз тілектерін білдірген ата-аналарды көріп риза болдым.

Тіпті қасымда жүретін құрбыларым мен ата-анам, бауырларым мен дострым да осы акцияға қатысқысы келетін ниеттерін білдірді. Бұл да жанымдағы адамдардың бойындағы сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруға осы жобаның ықпал етекендігінің дәлелі деп білдім.

Балалар үйінің бірнеше балалары концерттік бағдарламаға қатысы алмады, түстен кейн оқу себебінен.

Жетістігім: Мені қуантқан нәрсе – жақсы, игілікті іс-шараға деген әрбір оқушы мен ата-ана, ұстаздарымның оң көзқарастары мен ықыласты ниеттері. Демек, жалпыадамзаттық құндылықтардың олардың бойында байқалуы, олардың жанының жақсылыққа құмарлығынан деп түсіндім.

Акция өткеннен кейін мойнымнан үлкен жүк түскендей әсерде болдым. Айналамдағы адамдардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтары жарыққа шықты, ізгі іс жасау қасиеттері дамыды. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларымның ата-аналары мен өздеріне қуаныш сыйлау, өзімнің бойымда да рухани ашылу үдерісінің болып жатқаны маған қанат бітірді. Осы іс-шара адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілік, қайырымдылық, жақсылыққа құмарлық сезімдерінің жаңғыруына себеп болды. Бұл барлық жақсы, игілікті істердің бастамасы екеніне сенімім мол.

Жобаны алдағы уақытта жүзеге асыру бағытындағы оқушылардың өздерінің жоспарлауыда іске асты:

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушалар балалар үйіне тағы барып, концерттік бағдарламамен , балаларға сыйлықтар жасады. Бұл жоба тек осымен шектелмей, алдағы уақытта да жоспарланып тұрса деген тілектерін жеткізді.

Жобаға қатысқан оқушылар саны: 5 "В" класс оқушылары және мектептің өнерпаздары.

Ата-аналар саны: жобаға қатысқан 5 «В» кластардың ата-аналары және мектептің ата-аналар комитетінің мүшелері.

Әкімшілік: Директор,мектеп психологі, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, әлеуметік педагог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!