«Мейірімділік –толы
жүрек»
Мақсаты: 1. Балалардың «мейірімділік»,
«қайырымдылық», «адамгершілік» құндылықтарары туралы түсініктерін
кеңейту
2.Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын
ашу
3.Ерекше
қамқорлықты қажет ететін балаларға назар
аударту.
Тапсырмалар: топпен жұмыс, постер қорғау,
түрлі-түсті жүрекшелер,ұлағатты сөздер,мозайка
құрастыру.
Көрнекіліктер: Слайд,
видеороликтер.
Барысы:
1. Балалар үлкен шеңбер құрып
тұрады.
Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру
үшін «Мейірімді жүрек»атты ойын
ұйымдастырылады.
Шарты
: Ойын бастаушы «Балалардың мейірбандық
жүрегі,Адамдарға бақыт, шаттық
тіледі!»-деп айтады. Балалар да осы өлең жолдарын қайталап,
қасындағы көршісіне жүрек макетін ұсынып,оның жақсы қасиеттерін
білдіретін жылы сөздер айтады.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың
жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы сөздермен,жылы
жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен
жеткізейік.
-Сен
нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте
ұқыптысың,еңбекқорсың, сен мейірімдісің! сен кішіпейілсің!
сен әдемісің! сен қайырымдысың!
Балаларды 2топқа бөлемін. «»,
«»
2.
Тұсаукесер -Біз бүгін сабақта адамның жақсы қасиеттерінің
бірі - мейірімділік туралы әңгімелесеміз.Адамдардың бір-біріне
деген мейірім шапағаты –әдептілік белгісі.
Мейірімділік – ізгіліктің жолы.Жақсылық жасау
дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа,
қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.
Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады,
достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық
жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын
беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау
жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсы
адам баласының бойында
жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты,
парасаттылықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата - анамыз ақ сүтін бере
отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата - баба, салт -
әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп,
ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы қажет. Олай болса кім
маған әдептілік жайлы тақпақ айтып береді?
Экраннан «Мейірімділікті анадан үйрен »деген халық даналығы
шығады
Мейірімділік-адамдармен,табиғат және жан-жануарлармен
қарым-қатынаста байқалады.Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық
жасау және қоршаған ортаға мейірімді,қамқоршы
болу.
Әркімнің
сүйікті жануары ,тума-туыстары болады,олар ыстық көрінеді.Оларда
біздің мейірімімізді,жүрек жылуымызды қажет етеді.Кішкентай
жүректеріңнен шыққан мейірімділікті барлық адамдар мен жануарларға
қайырымдылық жасауды аямаңдар.
« Мейірімділік нұры»
жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын
ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін
алдарыңдағы мейірімділікке байланысты сөздерді, шуаққа нұр
таратамыз, яғни мейірімділік нұрын
шашамыз
Ақкөңіл
Жаны
таза
шыдамды
жылы
жүректі
Қазақстан Республикасының ең бірінші мейірімді ханымы
кім?
Сара
Алпысқызы Назарбаева қамқорсыз қалған балаларға арнап
«Бөбек»қорын орталығын ашқан адам.
Сара
апамыз балалардың досындай,
Мейірімді көп болса екен
осындай.
Әр балны
аялайтын еліміз,
30 елдің
қатарына қосылғай.
Бәріңізде мейірімді
болыңдар.
Кім
қандай мақал-мәтелер біледі?
1.
Әдепті бала –арлы бала
Әдепсіз бала сорлы
бала
2.Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем
бергені
3.Сіз-деген әдеп,
Біз
–деген көмек.
4.Жақсы
бала-ата-анасын мақтатар,
Жаман
бала-ата-анасын қақсатар.
-Жақсы
балалар бірнеше мақал-мәтелдерді есімізге түсірдік. Олай болса
тапсырма арқылы нақыл сөздерді
табайық.
1. «Асылдың
бірі-адалдық»
2.
«Жақсылық еткен алғыс алады»
Видеоролик
«Адами-құндылықтар»
Оқушылардың пікірі. мейірімділікті,достықты,қайырымдылықты
үйренуге болады.
4.
«Бес саусақ » стратегиясы
Балалар саусақтарын ақ
қағазға салып өз бойларындағы жақсы қасиеттерін жазып, тақтаға
жапсырады. Оқып ,қолдау көрсетіледі.
5. Ролик
көрсетіледі.Қамқорлықты қажет ететін балалар
туралы.
6.Оқушылардың назарын бір сәт аударып , айналаға көңіл бөлу
керектігін түсіндіру. Өмірмен байланыстыру .Қазақстанда көп бала
қамқорлықты қажет ететінін айту.
Роликтен көрген сюжетті
талқылап, кез-келген балаға қамқор жасау керектіігі туралы ой
бөлісу. Адам бойындағы қандай асыл
қасиеттерді білесіздер?
1-оқушы: Әдептілік,
адамдықты,
Әділеттік,
адалдықты.
2-оқушы: Білімділік,
батырлықты,
Бейімділік,
алғырлықты.
3-оқушы: Дарындылық,
даналықты,
Қайырымдылық,
тазалықты.
4-оқушы: Табандылық,
қайсарлықты,
Талаптылық,
жайсаңдықты.
5-оқушы: Намыстылық,
даралықты,
Жарқындылық,
дарқандықты.
6-оқушы: Сыпайылық,
сыйластықты,
Сапалылық,
қимастықты.
І топ. «Не істеуге
болмайды?». Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы
сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
-Үлкендердің алдынан ......(кесіп
өтуге болмайды.)
-Табиғатты ................ ........ (ластауға болмайды.)
-Ата-ананы...............................(ренжітуге
болмайды.)
Кісінің затын .....................( рұқсатсыз алуға
бомайды)
ІІ топ. «Не істеу керек?»
(бұл да сол сияқты жүргізіледі.)
-Үлкен кісіге .......................... ( көмек көрсету
керек)
Үлкен кісіні ...............................(сыйлау
керек)
Үлкендерге ............................(сәлем беру керек)
-Кішілерге ...............................(қамқорлық жасау
керек.)
7.
Жүректен-жүрекке
Сабақ соңында сынып
оқушылары адамдарға,айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері
арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендіктерін жылы
сөздері арқылы білдіреді.
-Күлімдеген күн
мейірімді!
-Таза мөлдір су
мейірімді!
-Бәрімізді көтеріп тұрған
жер мейірімді!
-Аяулы анам
мейірімді!
-Қадірлі әкем
мейірімді!
- Әлпештеген әжем
мейірімді!
- Еркелеткен атам
мейірімді!
-Жылы жүзді ұстазым
мейірімді!
- Тату-тәтті достарым
мейірімді!
Қорытынды. Сонымен,
мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті
адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді
адамды барлығы жақсы көреді.
Сабақты қорытындылай келе
«Мейірімділік-жүректен» дегім келеді
Сабаққа белсене
қатысқандарын үшін көп-көп рахмет!
Жүрегіміз мейірімділікке
толы болсын!