Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Мейірімділік»
Мақсаты: Қайырымдылық, мейрімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасауға жетелеу.
Тәрбиелілігі: Эмоциясын білдіре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Жанашырлық мейірімділік сезімдерін дамыту.
Білімділігі: Адамға жақсылық жасау туралы білімдерін бекітуді жалғастыру
Көрнекілігі: Сиқырлы таяқша, сары тауықтың, балапандардың суреттері, доп, мультфильм, графа проектор,
Психолог: Сәлеметсіңдереме балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай сұлу, сондай әдемісіңдер, ал көңіл күйлерің қалай екен? Мен бүгін керемет көңіл күйдемін. Сол көңіл күйімді сендерге де сыйлағым келіп тұр. Сендерде менімен бірге жандарыңдағы достарыңа қарап, әсем де әдемі күлкілеріңді сыйлаңдар.
«Күлкіңді көршіңе сыйла» жаттығуы
Балалар бір біріне қарап күлімсірейді
Психолог: Көңілі көтерілмей қалған балалар болса мен сиқырлы таяқшаммен көңілін котерейін. (Психолог жанатын таяқшаны әр баланың жанына апарып жағады.)
Балалар, бір – біріңнің көңіл күйлерің арқылы не сездіңдер?
Балалардың жауабы
Барлығы бірге:
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
Психолог: Жарайсыңдар! Балалар біздің ақылды деніміз сау болып өсуіміз үшін күлкінің пайдасы көп. Күлкі арқылы біз бір бірімізге деген мейірімділігімізді де білдіре аламыз.
Әңгімелесу
Балалар, қалай ойлайсыңдар,
- Мейірімділікті тағы қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Қазір мен сендерге бір әңгіме оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдайсыңдар, келістікпе?
Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады? - деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесінтүсінгенсеніңбарғаныңжөн!- деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Пікірлесу
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күнашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Ойын жаттығу «Жылы сөздер»
Психолог ортаға тұрып жылы сөз айтып балаға доп лақтырады. Бала жылы сөз айтып допты жүргізушіге қайтарады.Барлық бала допты алып болғанша ойын жалғасады.
Психолог: Мейірімді отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауабы
Психолог: Ата аналарың, ата-әжелерің сендерге өз мейірімділігін қалай көрсетеді? Үйде сендерді ең көп еркелететін кім?
Балалардың жауабы
Ойын «Мені еркелет»
Психолог: Балалар, сендерді үйде ата аналарың көп еркелетеді екен, солай емеспе? Ал біз бүгін ата – аналарымызды еркелетіп көрейікші. Олай болса қонақтарға қарап ішінде ең көңілсіз отырған ата - ананы ортаға шақырып еркелетейік.
«Еркелеген» ата –анамен ой бөлісу.
Психолог:Жарайсыңдар! Рахмет! Балалар сендер қонаққа барарда киінуге кім көмектеседі?
Балалар: Ата - аналарымыз!
Психолог: Ата аналарымыз бізді үлкен мейірімділікпен киіндіреді, солай емеспе?
Сергіту. Нүктелі массаж жиынтығы.
Көңілді музыка ойналады. Балалар жаттығу жасайды.
Психолог: Қонаққа барарда әдемі көйлегімізді кигізіп, түймелерін қадайды, анамыз әр қимылымен бізді сипап, еркелетіп киіндіреді, моншақтарымызды, сырғамызды, көбелектерімізді қадап жатып мойнымызды, құлағымызды қытықтап еркелетеді т.б. Міне, ата-анамыз бізді үлкен мейірімділікпен қонаққа баруға дайындайды екен.
(Балалар саусақтарымен денесінің барлық жерлеріне киінумен қатар нүктелі массаждар жасайды.) Енді айнаның алдына барып оңды солды бұрылып қарап шығайық. Біз қандай сұлумыз. Бұның сыры мейірімділікте.
Психолог: Мейірімділікті ата анамыздан басқа кімге білдіруге болады?
Балалар: Итімізге, мысығымызға, достарымызға, ата- әжелерімізге т.б.
Психолог:Мен сендерді өте мейірімді бота туралы мультфильм көруге шақырамын.
«Ақ бота» мультфилімі
Психолог: мультфильм не туралы болды, Тышқан неге таң қалды? Қасқыр неге ботаны жемей, үйіне қайтарды?
Балалардың жауабы.
Психолог:Алтындарым менің, сендер бүгін өздеріңнің ақылды, мейірімді екендеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі кездесуімізді әдеттегідей жүректен жүрекке жаттығуымен аяқтайық.
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді тәрбиешім мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
Жарайсыңдар менің кішкентай достарым, міне бүгінгі кездесуіміз осымен аяқталды. Әрқашан мейірімді болып жүріңдер. Келесі кездескенше сау болыңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімділік тренинг

шағым қалдыра аласыз