400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мейірімділік туралы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік туралы тәрбие сағатында мейірімділік тақырыбы туралы сөз болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп

А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ

Куратор:

Садыкова А. М

Мерзімі:

09.01.2023ж

Қатысушылар:

8 «ә», «б» сынып оқушылары

Тақырыбы:

«Мейірімділік- мерейлі іс»

Мақсаты :

Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Өткізілу формасы:

Тәрбие сағаты

Қолданылатын көрнекіліктер:

Үлестірмелі материалдар. А 4, фотосуреттер,



Тәрбие сағатының өтілу барысы

Жоспары кезеңдері


Орындалатын іс- әрекеттер

І

Кіріспе


Атауы: Мейірімділік- мерейлі іс «»

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Куратордың іс- әркеті:

а) Салемдесіп оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының іс- әрекеті:

а) Оқушылар сабаққа дайындалады.

ІІ

Негізгі бөлім


  1. Ой толғау
    Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
    - Жақсы болу, қайырымдылық жасауды қалай үйренуге болады?
    - Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
    - Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
    - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

ІІІ

Оқушы жұмысы


«Мейірімділік» өлеңін оқу:

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

«Оқушы өзінің өлеңге деген пікірін білдіреді»


IV Есіңе сақта!

1 - түс. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2 - түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
3 - түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4 - түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рақатқа бөленесің.
5 - түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6 - түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7 - түсі. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.

V

Қорытынды


«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)

Таза мөлдір…. мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)

Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)

Еркелеткен …. мейірімді! (атам)

Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.01.2023
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі