400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МЕЙІРІМДІЛІККЕ АШЫҚ ЖҮРЕК" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕЙІРІМДІЛІККЕ АШЫҚ ЖҮРЕК

Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілікпен әділдік өлмейді.

Сайф Сараи

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі- адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына нәр берген құтты құнар- қайырымдылық пен мейірімділік. Егер адамның бойында мұндай ізгілік болмаса, біруге ақ сезіммен, таза пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі жамандық атаулының тоңы жібімейді. Адам бойындағы ізгілік пен ғана асыл мұраттар мен ақ заңғар армандар қанат қағып көтеріледі. Әркімнің адаммын деуі, азаматпын деуі, алдымен оның бойындағы ізгілік, жақсылық қасиеттерімен өлшенеді. Халық мақалында айтылғандай «Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі, Жамандыққа жақсылық-ер адамның ісі» демекші әр ісімізді жақсылықпен бастау, соның бақытын көру, біруге жақсылық жасау біздің адамдық парызымыз деп ойлаймын. Мейірімділік-адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Бұл адам жүрегінің шамшырағы, ізгілікке, достыққа, береке –бірлікке жетелейтін жол. Мейірімділік кілті жүректе болғандықтан, сүйіспеншілікке толған жүректе көздің жауын алатын әсемде нәзік гүлдерге толы болады. «Адам баласының мейірімі қашса, жер бетінде жақсылық жойылады»-деп қазақ атам текке айтпаған шығар... Сондықтан мейірімді адам қоршаған ортаға өз нұр шапағатын шашып, қиыншылықтарда қол ұшын беруге дайын болуы керек дер едім. Мейірімділік рухани құндылықтарды бәрінен жоғары қояды. Қайырымды, адал азаматтың адамгершілігі әрқашан асқақа, ал жүрегі кең болады. Мейірімділікті адамдардың қарым-қатынасынан, жасаған іс-әрекеттерден көруге болады. Қоғам құндылықтарын дамытуға, оның белсенді қамқор мүшесі болуға бар күшін салады. Мейірімділіктің мәнін түсінген адам өмірге мейірімді көзімен, биік ақыл-парасатпен қарайды. Әрбір жарық күнді қадірлеп, жақсы өмір сүруге дағдыланады. Мейірімділікке тәрбиелеудің өзіндік маңызы зор, өйткені мейірімділікке негізделген тәрбие жаман әдеттерден, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, өтіп жатқан уақыттың қадірін білуге, ең жақсы да жарқын болашаққа бағыт көрсетеді. Жүрекпен істелген жақсылық алдымен өзіңе пайдалы. Сондықтан қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін қамқор болу-біздің жадымызда. Халқымыздың дәстүрінде: «мейірімділік, рахым-шапағаттылық-адам бойындағыең асыл қасиеттердің бірі, әрі бірегейі; бойында мейірімділікпен ,рахым-шапағатты жоқ адам, адам санатына қосылмайды» деп айтылады. Мейірімділікке бізді рухани жақтан, ақыл сезім және адамгершілік жақтан өсіп-жетілдіреді. Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай «Мейірімділік, махаббат,қайырымдылық, адалдық секілді үш қасиет ақ жүректен шығады» дегендей Ақ көңіл, ашық-жарқын, жанашыр, ізгі ниетті адам болуға жетелейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамның өрісін кеңейтіп, достарды көбейтеді. Сондықтан мейірбан адамдар тау мен тастан асатын өзен тәрізді алыс қашықтықтағы жолды өзіне жақын тұтып, қауышуы шексіз дарияға қол жеткізеді. Жан-жағын мейірімділікке толтырып, әсемдікке балау әркімнің парызы, міндті, адамгершілік өлшемі Біреуге рақым, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығымыздың жемісін, рақатын көретінімзге кәміл сенемін. Тілегімен жүрегі үндестікте болған адамның рухани қуатты арта түседі. Сондықтан, жанымызда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтасып бір-бірімізге ізгілік жасауға үйренейік.

«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

Өзін-өзі тану мұғалімі

Магзумова Қарлығаш

























Топтың аты: “Қайырымдылық –қайырлы іс”

Ұраны: Адамның міндеті – ақылға сыйымды қызмет атқару



  • «...Мен балалардың жасатайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгерген, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын .Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсіну керек. Әр адам өзін-өзі тануы қажет»

Сара Алпысқызы Назарбаева

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі