400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірмділік –асыл қасиет("Өзін-өзі тану" пәнінен)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ "Өзін-өзі тану" пәнінен. 2-сыныпқа арналған. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспарланған. Нұрға бөліну, дәйек сөзді шығармашылық жұмыс арқылы тауып, дәлеледеу жұмыстары бар сабақ. Видео мен түрлі топтық жұмыстары да назар тыс қалған жоқ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ 3 Красный яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы

Көкшетау қаласы

Өзін-өзі тану пәнінен ашық  сабақ


Бастауыш сынып мұғалімі Абдыкаримова Жанаргуль Зейниловна

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып: 2 «Ә» сынып Күні:08.02.2018 ж.

Тақырып: Мейірмділік –асыл қасиет

Құндылық: мейірімділік,сүйіспеншілік, қайырымдылық, сыйластық

Қасиеттер: мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық, қайырымдылық


Сабақ мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:

  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, бейнежазба)


Сабақ барысы:

1.    Ұйымдастыру кезеңi. -  Оқушылармен амандасу.

2.    Тыныштық сәтi: «Нұрға бөліну» композициясы қосылады.

Балаларға ыңғайланып отыру ұсынылады, сазды әуен ырғағына

шомып балалар «нұрға бөленеді».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.

Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып,

елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап

барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан

баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді,

нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек

жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына

айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты

және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,

құлақтарыңыз тек жақсы  сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, 

көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға  сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша

түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға

толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,

барлық тірі жанға таралсын...

Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр

менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра

тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны

осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзді ашуға болады.


Қызығушылықты ояту

«Мейірімділік» видеобейне


Дәйексөзбен жұмыс


1

А

8

йі

3

ба

10

қаш

5

сы

12

жер

7

ме

2

дам

9

рім

4

ла

11

са,

6

нан

13

бе

20

қа

15

нен

22

ды.

17

жақ

 

19

лық

14

ті

21

ша

16

де

 

18

сы










Дәйексөз. 

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады»

Халық мақалы

Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу

Сұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

- Мейірімділік дегеніміз не?

- Қандай адамды мейірімді деп айтамыз? Неліктен?

Мейірімділік жүректен шығады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды мейірімді, жылы жүректі деп атайды. Адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.


Сергітусәті: «Қызыл гүлім-ай!»


Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеу.


«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

 

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары тыңдалады.(топпен жұмыс)

1-топ: Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2-топ: Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3-топ: «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?


Шығармашылық жұмыс:


Постермен жұмыс

«Мейірімділік» сөзінің мағынасын

қалай түсінесіздер?



Үй тапсырмасы:

Мейірімділік туралы 3 мақал-мәтел жазу

Кері байланыс: Гүлді жасату

Егер сабақ қызықты әрі түсінікті болса онда сары гүлшоқтарды жабыстырады, егер керісінше болса онда қызыл гүлшоқтарды жабыстырады.

Топтық ән айту

«Жақсы адамдар» әні



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі