400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез.

Материал туралы қысқаша түсінік
2017-2018 оқу жылындағы Жаратылыстану бағыты бойынша сабақ беретін жас мамандарға қажетті сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспарында "Кім жүйрік?" және "Фишбон" стратегиялары пайдаланылды. «Кім жүйрік?» атты шапшаңдықта және білім тексеруге арналған стратегияда Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушыларға сұрақ номерін көрсеттім. Әр топ өз қалаған нөмірін аштырады, және сол жерде көрсетілген сұрақтарға шапшаңдықпен жауап беруі тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез.

Мектеп: «Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 09.11 Сыныбы: 9

Мұғалім есімі: Такибаева Балжан

Сабақ негізделген оқу мақсаты: Мейоздың биологгиялық мәнін ашу және оның фазаларын, сперматогенез, овогенез туралы үйрету.

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар

  • Мейозға, мейоздың биологиялық мәнін, оның кезеңдерін оқып үйренеді.

  • Мейоздың бірінші және екеінші кезеңінде жүретін процестерді оқып үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Сперматогенез және овогенезге сипаттама береді.

Кейбір оқушылар

  • Мейоздың бөліну фазаларына талдау жасай алады.

Алдынғы оқу

Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Басталуы

2 минут









10 минут

Сабаққа психологиялық дайындық. Алғашқы рефлексия кезеңі

Сергіту сәті: «Би қимылдарын қайталау» тренингін орындау

Сыныптағы оқушыларды стикер түстері бойынша 3 топқа бөлу


«Кім жүйрік?» атты шапшаңдықта және білім тексеруге арналған ойын. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушыларға сұрақ номерін көрсету. Әр топ өз қалаған нөмірін аштырады.

  1. Жасушалардың барлығы бөліне алады ма?

  2. Жасушалардың қандай бөліну типтерін білесіңдер?

  3. Адам жасушаларындағы хромасомалар саны қанша?

  4. Адамның жыныс жасушаларындағы хромасомалар саны қаншау болады?

  5. Жасушалардың бөлінуге даярлығы кезінде қандай үдерістер жүреді?

  6. Ядроның қандай құрылымын хроматидті құрылым деп атайды?

  7. Центромералар қандай қызмет атқарады?

  8. Жыныс гаметаларының даму үдерісі қалай аталады?

  9. Бір отбасында туған он баланың екеуі дәлме дәл бірдей болуы мүмкін бе, егер ол бір жұмыртқадан тумаған болса?

  10. Сперматогенез

  11. Овогенез


Мультимедиялық тақта


Стикерлер

Таратпа қағаздар


Оқулық



Ортасы

2 минут







15 минут



4 минут

«Миға шабуыл» Жасушалардың бөлінуі дегеніміз не? Жасушалар қандай жолдармен бөлінеді?

Оқушылар сабақ мақсатымен танысады, дәптерлеріне жазады.


Фишбон стратегиясы бойынша оқушылар сұрақтар құрастырады, сұрақтарға бірлесе отырып жауап әзірлейді.


1-топ: Бірінші мейоздың бөлінуі.

2-топ: Екінші мейоздың бөлінуі.

3-топ: Сперматогенез және овогенез.


Мейоз дегеніміз – жасушаның бөліну жолы, мұнда бір аналық жасушадан хромосома жиынтығы 2 есе кеміген 4 еншілес жасушалар түзіледі. Мейоз екі кезеңде: мейоз-1 және мейоз-2 кезеңінде өтеді. Сперматогенез – еркек жануарлардың жыныс бездерінде жүреді. Овогенез – жұмыртқа жасушасының даму процесі.

Оқулық


Дәптер


схема


«Мейоз үдерісі» суреті



Аяқталуы

2 минут








3 минут






1 минут

1 минут

Қорытынды:

  1. Мейоз үдерісінде түзілген гаплоидты төрт жасушаның барлығы аталық ағзада сперматозоидтарға өзгереді.

  2. Бірінші мейоздың бөлінуінде: Профаза-І, Метафаза-І, анафаза-І, телофаза-І фазалары жүреді.

  3. Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.


Бағалау «Баспалдақ» әдісі Бағалау критерийлері:

  • Овогенезді сипаттай алады.

  • Сперматогенезге сипаттама береді.

  • Мейоздың кезеңдерін сипаттап, талдай алады.

  • Мейоз процесінің фазаларына талдау жасай алады.


Келесі тапсырма §18

Кері байланыс

Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты сатыдағы сұрақтарға жауап береді.

Тексерілді А.А.Джамалова

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы

Мейоз – жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының бөлінуінен хромосомалар санының азаюы. Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромасомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

Физика, математика, химия

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жацуап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.


2.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі