Материалдар / Мейоз тақырыбының әдістемелік әзірлемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейоз тақырыбының әдістемелік әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейоз. (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2024
68
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған»

«Дарын» лицей –интернаты»КММ















«Биология» пәнінен

«Мейоз»

тақырыбының

әдістмелік әзірлемесі




Оқытушы: Таттибаева Г.Д.

Биология пәнінің мұғалімі
















Тараз– 2024ж.

Мейоз.


Жоспары:

1.Мейоз туралы жалпы түсінік.

2. Диакинез.Диплотена.

3. Мейоздың биологиялық маңызы.


1.Мейоз. (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасылептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады. Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады. Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады. ІІ профаза өте тез өтеді немесе мүлдем болмайды. ІІ метафазада хромосомалар центромераларымен ұршық жіпшелерге жабысып, метафаза пластинкасында орналасады. ІІ анафазада әр центромера екі бөлініп, жаңа хроматидтер хромосомаларға айналып, қарама-қарсы полюстерге орналасады. ІІ телофаза екі гаплоидтық ядроның сыртында ядролық мембрана құрылуымен аяқталады. Мейоздың тізбектеліп екі бөлінуінің нәтижесінде бастапқы бір диплоидтық жасушадан төрт гаплоидтық жасушалар құрылады. Мейоздың биологиялық маңызы өте зор. Мейоз жыныс жолымен көбейетін организмдер ұрпақтарының хромосома санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, гаметаларда жаңа гендік комбинациялар пайда болуына мүмкіншілік береді.[1]


2.Диакинез.Диплотена.

Бұд фазада хромосомалардың шиыршықтануы ең жоғары шегіне жетеді. Осыған байланысты хромосомалар минимальды түрде қысқарып, максимальді түрде жуандайды. Сондықтан бұл хромосомалардың санын, пішінін анықтауға болады. Хромосомалар кариоплазмада ретсіз орналасады, осыданметафазаның басталғанын көруге болады. Метафаза. Бұл фазада ахроматин жіпшелері пайда болады, ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Кариоплазма цитоплазмамен араласып кетеді, хромосомалар жасушаның экваторына тізіліп, хроматидтер ахроматин жіпшелеріне бекиді. Осыдан кейінанафаза басталады.

Анафаза. Бұл фазада қосарланған гомологтік хромосомалар ахроматин жіпшелеріне бекиді. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер жасушаның қарама-қарсы полюсіне ажырайды.

Телофаза. Бұл сатыда гомологиялық хромосомалар екі полюске жиналады. Телофазаның уақыты қысқа болады. Бұл сатыда ядро қабықшасы пайда болады, ядрошықтар синтезделеді, нәтижесінде алғашқы бір ядродан екі жас ядро пайда болады. Әрбір ядродағы хромосомалар саны гаплоидтыжиынтыққа айналады. Бірінші мейоздық бөлінуді редукциялық бөліну деп атайды.

Эквационды бөліну. Мейоздың эквационды бөліну барысы негізінен митоз әрекеті бойынша жүреді.


3.Мейоздың биологиялық маңызы

1. Конъюгация және айқаспа Митоз барысында гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы.

2. Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі.

3. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады. 














Тест тапсырмасы

1. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууы.

А)Ұрықтану

Б)Селбесу

В)Бүршіктену

Г)Споралану

Д)Тозаңдану


2. Қосарынан ұрықтануды 1898 жылы біздің отандасымыз ашқан ғалым.

А) С. Г. Навашин

Б)М.Вернадский

В)М.Пуркине

Г)В.Вернадский

Д)Е.Комменский


3.Жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы).

А)Митоз

Б)Диакенез

В) Мейоз. 

Г)Диплотена

ДМетофаза)


4. Лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады.

А)профазасы

Б)телофаза

В)анафаза

Г)метофаза

Д) диаенез




Глоссарий


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Мазмұны


Мейоз

кішірею, азаю

Мейоз

meіosіs

жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы).



Бақылау сұрақтары?


1.Ұрықтанудың мәні неде.

2.Мейоз процесі қалай жүреді.

3.Қосарынан ұрықтануды ашқан ғалым.

4.Мейоздың сатылары.

5.Жасушаның химиялық құрамы.

6.Хромосома қызметі

7.Мейтоз бен мейоздың айырмашылығы неде.



СӨЖ


1.Мейоз

2.Ұрықтанудың тиімді жолдары.

3.Мейоз фазалары.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Абшенова Л.У., Зайрова Б.З., «Биология»,Кітап баспасы,Алматы 2008

2. Қасымбаева Т., Мұхамбетжанов К.«Жалпы биология»10-11класс,Мектеп,Алматы 2010

3.Мухамеджанова К., Қасымбаева Т.,«Жалпы биология»Хрестоматия,Мектеп, Алматы2006

4.Сәтімбеков Р. «Биология»10-11 класс Мектеп,Алматы 2007






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!