400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейоздық бөліну

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныптағы мектеп оқушыларына пайдасы зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасы (11сыныпқа арналған)

Бағыты: жаратылыстану – математика Бағдары: биология - химия Қҧрастырғандар:

Зейнуллина Р.Б. - №41 МЛ-нің жоғарғы санатты биология пәні мұғалімі Айткалиева Ж.Б. - А.Тайманов атындағы №34 МГ-ның жоғарғы санатты биология пәні мұғалімі


Тҥсінік хат

Білім қҧрылымындағы курстың орны: «Эволюциялық ілім» биологиядағы негізгі курстың құрамды бӛлігі.

Курстың мақсаты:

    1. Эволюциялық идеялардың даму тарихын, қалыптасуын түсіндіру.

    2. Әр алуан түрлердің шығуын және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру.

3.Тіршіліктің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу.

4. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуін түсіндіру.

5.Табиғаттағы бүкіл құбылыстар биологиялық эволюция тұрғысынан зерттелетінін ұғындыру.

6. Эволюция барысында тірі ағзалардың күрделену ерекшеліктерін ұғындыру.

Курстың міндеттері:

  1. Органикалық тіршіліктің тарихи дамуын оқыту.

  2. Эволюция нәтижелерін, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуін, түрлердің кӛптүрлілігін саралап, оқыту.

3.Тірі табиғаттың эволюциясы туралы кӛзқарастардың маңызды екенін түсіндіру.

4.Теориялық білімді іс жүзінде пайдалануды, оқушының ӛз білімін саралауға, ӛздігінен ізденіп, қорытынды жасауға үйрету.

5.Оқушылардың ой-ӛрісін кеңейту, кез келген жағдайда алған білімін ӛмірмен байланыстыру.

Мамандыққа бағдарлау:

Экология, биология, педагогика, селекция, инженерия

Пән аралық байланыс:

Антропология, тарих, жануартану, ӛсімдіктану, биология, анатомия, экология, география

Ҧйымдастыру формалары:

Лекция, семинар, конференция, оқытудың интерактивті тәсілдері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар қорғау, ғылыми жобаларды жазу.

Жаратылыстану – математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11сыныпқа арналған «Эволюциялық ілім»

қолданбалы курс бағдарламасы. Бағдарлама мазмұнында биология эволюция курсының мақсаты мен мазмұны, органикалық тіршіліктің даму заңдылықтары, эволюция нәтижелері, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, эволюция себептері қарастырылған.

Бағдарламаның мақсаты-эволюция тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолында қарапайымдардан жоғары сатыдағыларға дейін біртіндеп күрделенуін, тірі табиғаттың эволюциясы туралы кӛзқарастардың маңыздылығын түсіндіру. Бағдарламада эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэволюция, микроэволюция, эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс, биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты, тарихи дамуда биологиялық эволюцияның алатын орны туралы оқушылардың ғылыми кӛзқарастарын қалыптастыратын теориялық білім беруге кӛңіл бӛлінген. Бағдарлама жаратылыстану – математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11сыныпқа арналған. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру стандартына сай дайындалған. Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған.

Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылым жаңалықтарымен толықтыру кӛзделеді. Оқу материалын кең түрде бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге кӛңіл бӛлінген. Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бӛлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Берілген зертханалық жұмыстар бағдарлама мазмұнындағы тақырыптармен бірге ӛткізіледі. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар, схемаларды пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Антропологиялық, тарихи, биологиялық түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Оқу материалы қазіргі кездегі ғылыми жаңалықтармен толықтырылған, сонымен қатар жаңа ұғымдар мен түсініктер берілген. Бағдарламада қамтылған оқу материалдары оқушылардың танымдық мүмкіндігіне және жас ерекшелігіне сәйкес құрылған.


Бағдарламаның мазмҧны мен қҧрылымы

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе (2 сағат)

Жалпы эволюция туралы түсінік. Эволюция ілімі тірі ағзалардың күрделі сатысы.

Эволюция ғылымының зерттелу тарихы (6 сағат)

Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта ӛрлеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы кӛзқарастар. ХҮІІ- ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан эволюциялық кӛзқарастар. Тірі табиғаттың эволюциясы туралы кӛзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы. Тірі табиғаттың ӛзгермейтіндігі туралы кӛзқарастардың үстемдігі, эволюция теориясы, алғашқы эволюциялық идеялардың дамуы. Ч.Дарвин ілімінің пайда болуының алғы шарттары. Ч.Дарвин және У.Уоллес ілімінің негізгі қағидалары. Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Қазақстанда эволюциялық идеялардың дамуы.

Қазіргі заманғы эволюцияның дамуы (7 сағат)

Түр тұжырымының тарихы. Микроэволюция. Популяция – эволюцияның элементарлық ӛлшем бірлігі. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түр түзілу туралы қазіргі кӛзқарастар, түр түзілудің жолдары. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рӛлі. Бейімделушілік – эвлюциялық үдеріс нәтижесі. Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық прогресс және регресс (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен). Биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, нәтижелері. Биогенездік заң. Органикалық дүниенің эволюциясы. Ӛсімдіктер мен жануарлардағы негізгі ароморфоздар.

Зертханалық жҧмыс № 1

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін салыстыру.

Зертханалық жҧмыс № 2

Макроэволюцияның дәлелдемелерін салыстырмалы анықтау.

Зертханалық жҧмыс №3

Ӛсімдіктер мен жануарлар жүйелік топтарының қалыптасу нәтижесі.

Жер бетінде тіршіліктің дамуы (3сағат)

Тіршіліктің пайда болуы жӛніндегі теориялар. Биохимиялық эволюция. Опарин-Холдейн теориясы. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кӛзқарастар. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері эукариоттардың, жынысты кӛбеюдің және кӛпжасушалылықтың пайда болуы.

Адам эволюциясы (4 сағат)

Қазіргі адамның шығу тегіне байланысты кӛзқарастар. Адамның эволюциялық дамуы, қозғаушы күштері. Адам нәсілдері және олардың генетикалық ұқсастықтары. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens- түрінің популяциялық құрылымы, адам нәсілдері, нәсіл түзілу, адам нәсілдерінің бірлігі, адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қасиеттері, антропогенездің қозғаушы күштері. Адамның табиғаттағы биоәлеуметтік орны. Табиғи ортамен әлеуметтік жағдайға бейімдеуі.

Эволюциядағы экожҥйе және оның заңдылықтары (7 сағат) Ағзалардың сыртқы орта факторлары. Факторлардың ағзаға ықпалы. Ағзаладардың табиғаттағы маусымдық ӛзгерістерге бейімделуі. Биологиялық ырғақтың себептері. Фотопериодизм. Биологиялық сағат. Қоршаған орта және адам денсаулығы. Қазіргі адам ӛмірінің жағдайы мен сапасы. Салауатты ӛмір сүру.


Биосфера эволюциясы (4 сағат)

Биосфера- маңызды экожүйе. Биосфера эволюциясындағы ағзалардың алатын орны. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.Табиғатты қорғау. Биосфераны қауіпсіз тіршілік үшін қажетті күйде сақтау. Биология ғылымының келешегі.

Қорытынды ( 1сағат)


«Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасының тақырыптық-кҥнтізбелік жоспары

11 класс ( 34 сағат, аптасына 1 сағат)

№


Сабақтың мазмұны

Сағат саны

Мер- зімі

І


Кіріспе (2 сағат)

2



1

Жалпы эволюция туралы

түсінік

1



2

Эволюциялық ілімнің тірі

ағзалардың күрделі сатысы.

1


ІІ


Эволюция ғылымының зерттелу тарихы

6



3

Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта ӛрлеу дәуіріндегі эволюциялық

идеялар

1



4

ХҮІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы

жартысында қалыптасқан эволюциялық кӛзқарастар

1



5

Ч.Дарвин ілімінің пайда

болуының алғы шарттары

1



6

Ч.Дарвин және У.Уоллес

ілімінің негізгі қағидалары

1



7

Ресейде эволюциялық

идеялардың дамуы

1



8

Қазақстанда эволюциялық

идеялардың дамуы

1


ІІІ


Қазіргі заманғы эволюцияның дамуы

7



9

Түр тұжырымының тарихы.

Микроэволюция

1



10

Популяция – эволюцияның

элементарлық ӛлшем бірлігі

1



11

Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рӛлі. Зертханалық жұмыс № 1 Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін

салыстыру.

1



12

Бейімделушілік –

эволюциялық үдеріс нәтижесі

1



13

Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық

прогресс және регресс ( А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен)

1



14

Биогенездік заң Зертханалық жұмыс № 2 Макроэволюцияның дәлелдемелерін

салыстырмалы анықтау

1



15

Органикалық дүниенің эволюциясы. Ӛсімдіктер мен жануарлардағы негізгі ароморфоздар. Зертханалық жұмыс №3

Ӛсімдіктер мен жануарлар жүйелік топтарының қалыптасу нәтижесі

1


ІҤ


Жер бетінде тіршіліктің

дамуы

3



16

Тіршіліктің пайда болуы

жӛніндегі теориялар

1



17

Биохимиялық эволюция.

Опарин-Холдейн теориясы.

1



18

Тіршіліктің пайда болуы

туралы қазіргі кӛзқарастар

1


Ҥ


Адам эволюциясы

4



19

Қазіргі адамның шығу тегіне

байланысты кӛзқарастар

1



20

Адамның эволюциялық

дамуы, қозғаушы күштері.

1



21

Адам нәсілдері және олардың

генетикалық ұқсастықтары

1



22

Адамның табиғаттағы

1





биоәлеуметтік орны. Табиғи ортамен әлеуметтік жағдайға

бейімдеуі



ҤІ


Эволюциядағы экожҥйе

және оның заңдылықтары

7



23

Ағзалардың сыртқы орта

факторлары

1



24

Факторлардың ағзаға ықпалы




25

Ағзаладардың табиғаттағы

маусымдық ӛзгерістерге бейімделуі

1



26

Биологиялық ырғақтың

себептері. Фотопериодизм

1



27

Биологиялық сағат

1



28

Қоршаған орта және адам

денсаулығы

1



29

Қазіргі адам ӛмірінің жағдайы мен сапасы.

Салауатты ӛмір сүру.

1


ҤІ

І


Биосфера эволюциясы

4



30

Биосфера- маңызды экожүйе.Биосфера эволюциясындағы

ағзалардың алатын орны.

1



31

Биосферадағы табиғи

әрекеттерді басқару.Табиғатты қорғау

1



32

Биосфераны қауіпсіз тіршілік үшін қажетті күйде

сақтау

1



33

Биология ғылымының

келешегі

1


ҤІ

ІІ


Қорытынды

1



34

Қорытынды

1



Оқушыларға қойылатын талаптар:

  • тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;

  • негізгі биологиялық түрлердің систематикалық және эволюциялық орнын;

  • биологиялық эволюция ілімінің қалыптасуының алғышарттарын;

  • эволюцияның негізгі заңдылықтарын;

  • таралу аймақтары мен тіршілік ету орнын;

  • эволюциялық биологияның әдістерін;

  • түрлер эволюциясының негізгі теорияларын анықтай алу;

  • белгілі бір эволюциялық факторды түсіндіру үшін эволюциялық биологияның әр түрлі әдістерін қолдану;

  • жердегі тіршіліктің құрылу процестері мен принциптерін түсіну;

  • тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;

  • биология ғылымының соңғы жаңалықтарымен танысу.

Кҥтілетін нәтижелер:

  • эволюциялық ілімінің қалыптасуының алғышарттарын; заңдылықтарын, ӛзара байланыстылығын қалыптастырады;

  • оқушылардың ӛздігінен ізденуі, қызығушылығы қалыптасады;

  • алған білімдерін ӛмірде қолдана алуы;

  • танымдық іс-әрекеті, қызығушылығы артады;

  • жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады;

  • зерттеу әдістерін жоспарлай білу, сәйкес кестелер, заңдылықтар негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай біледі.

-мәліметтерді талдау, әдебиетке шолу жасау, эксперимент жүргізуге бағытталады.



Shape1

101


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі