400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Мейрімді жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздара арналған көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану

Мектеп: Красивый ортма мектебі.

Тақырып: Мейірімге-асыл қасиет.

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық,қайырымдылық, жанашырлық

Мұғалiм:Ужекенова М.К. Сынып ,3 «А» Оқушылар саны 6____



.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Оқушыларды сүйіспеншілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды «мейірімділік», «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.


Ресурстар:

Үнтаспа,

бейнеролик,

суреттер,

жүрекшелер

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

А) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу-құралдарын тексеру.

Ә) 5 Т –ны еске түсіру.(тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық)

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Денемізді бос ұстап өз ішіміздегі жүретегі тілекті жаудытайық.

(Орындықта оқушылар дөңгеленіп отырады.)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

-Нұрға бөлене алдыңыздарма?

Сабақ барысын талқылау:



Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
















3. Дәйек сөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

-Хормен қайталап айтқызу.Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек айтқызу.

-Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

-Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып қорытындылау.


4. Әңгiмелеу

  • Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

  • Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

  • Мейірімділік дегенді қалай түсінесіздер?

  • Аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді?

  • Өздеріңізге мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіздер?

  • Өзіңізді анаңыз қалай жақсы көреді?

Оқушылардың ойларын жүретен шыққан сөздерін, тілектерін тыңдау.

Мұғалімнің сұрағы:

  • Мейірімділік деген не?

  • Сүйіспеншілік деген не?

  • Ішіге-үлкендерге қалай қамқор болу керек?

Енді осы жылы сөздерді қолмен сөзбен жеткізу, біз 3 топқа бөлінеміз.



Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.Біз жүрегі мейірімге толы деп,барлық балаларға қамқор бола білген Сара Назарбаева Алпысқызын айта аламыз.Сара Алпысқызы туралы бейнебаян көріп алайық.

Жаңа ақпарат.

 Мейірімді адам,өзге адамға туған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. 
Дәптерімізді ашып күннің жатысын жазып, жаңа ақпаратты жазып аламыз.






















5. Шығармашылық іс-әрекет , топтық жұмыс.

-Оқушыларды түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3 топқа топтастырып біріктіремін.Жайлы баяу әуен қойылады.Жұмыс жасау үшін 8-10 минут уақыт беріледі.Топтарға тапсырмалар беріліп,әр топ постер қорғайды.

1 топ.Сөздер беріліп,сол сөздерден мақал-мәтел құрау.(сабыр,әдепті,қайырымдылық,кішіпейілділік,ана,жақсы)

Жақсы ниет - жарым ырыс.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

Кішіпейілділік - кісінің көркі.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Сыйласаң, сыйлы боласың.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

2 топ.Әр түрлі суреттер беріліп,сол суреттер ішінен адамгершілікке қатысты суретті әңгімелеу

3 топ.

  • Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

Сергіту сәті.

-Оқушылар бейнероликтен жаттығулар жасайық.

-Көңілді күн



Көрініс

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен.

Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі менен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман.

Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап

   Білім.

-Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Жүргізуші.

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.


Топпен жұмыс

Постермен жұмыс

Суреттер,қима қағаздар












6. Топпен ән айту.

Анаға сәлем

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған

Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың

Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған


Ән айтады

7. Үй тапсырмасы.

«Менің асыл-Анашым»тақырыбында шағын әңгіме жазу

Қорытынды .

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  мейірімділікке байланысты сөздерді таңдап,шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз



8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады.

-Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!





Сабақтың тақырыбы: Мейрімділік –асыл қасиет.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Оқушыларды сүйіспеншілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды «мейірімділік», «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың формасы :ашық.

Оқушылар сабаққа белсенді қатысып өз ойларың жеткізіп отырды.

Сабақта тренингтер,бейнероликтер,іс-шаралар,,көрініс,өлен айтылды

Оқушылар өздерінің ойларың,оқиғаларын айтып берілген тапсырмаларды белсенді орындап отырды.

Алдын-ала қойлған мақсатқа қол жеткіздім,сабақ қызықты және оқушылардың белсендігі арқылы жүзеге асты.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі