400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мейрімді жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы : мейірімді жүрек Мектеп алды топтарына арналған мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік береді балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бөлім:

Әлеумет.Өзін-өзі тану пәні

Педагогтің аты-жөні

Досанова Мандайлы Танатаровна

Күні:

25.11.2021ж

Мектепалдыдаярлықтобы/сыныбы:

Қатысушылардың саны:17

Қатыспағандардың саны:6

Сабақтың тақырыбы №

Мейрімді жүрек

Құндылық:


Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Шыншылдық,сүйіспеншілік, төзімділік

Сабақтың мақсаты

Адамның рухани-адамгершілік, дұрыс әрекет құндылықтары мәнін ашады

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік береді

Балалар табиғатқа, адамға, жан-жануарларға құрметпен қарайды.

Балаларды шыншылдыққы, сүйіспеншілдікке, төзімділікке тәрбиелейді


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


1.Жағымды көңілкүй/ шаттықшеңбері



Шаттық шеңбері:

Мейірімді жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Бір-бірімізге жылу сыйладық, ал енді орындарымызға отырайық

Бір-біріне жылу сезімдерін сыйлайды


Жүрекше матадан тігілген

2. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

Жағымды күйге келу:Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз.

Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз.

Дем ал...., шығар (9-10 рет қайталайды

Дәйек сөз: Бүгінгі оқуқызметіміздің дәйек  сөзі: «Жақсылық еткен- алғыс алады»

Балалар  көздерін жұмып,жағымды күйге

енеді








-Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

ұялы телефон

3.Тыңдаймыз (әңгіме айту, бейне материал көрсету)

Біз бүгінгі оқу қызметімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Тәрбиешіні тыңдап отырады.

 

 

 

 

 Балалар сұрақтарға жауап береді:



4.Әңгімелесу



Мәтінмен жұмыс:«Сары тауық пен балапандары»М.Төрежанов

1.    Әңгіме не туралы?

2.    Сары тауық пен балапандар қайда қалды?

3.    Балапандар неге таласты?

1.    Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2.    Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3.    Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Мәтінді мұқият тыңдайды


Интеративті тақта (слайд)

5.Ойын / сергіту сәті



 «Шөп шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді

Өлең мазмұны бойынша қимылмен жасайды


6. Шығармашылық іс-әрекет (топпен, жеке)


 балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерге көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша мейірімді жүрек қандай болады? Соны бейнелейік.

Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды

Балалар алдарындағы көп көңіл-күй білдіретін смайликтерден өздерінің көңілдерін білдіреді

Қиылған

смайликтер

7. Музыка және топпен ән айту


Ән айту:Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықшы.

«Мейірімділік жолымен».

Балалар ән айтады


8. Сабақтың қортынды сәті

Соңғы тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл кұн сәулелері Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.

Т: Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар!

Балалар әуен ырғағымен үлкен демалып өздерін жақсы сезініп отырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.11.2021
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі