Мекайыл Абайұлының Алашқа арнаған тағдыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мекайыл Абайұлының Алашқа арнаған тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Задында Абай өнегесі – тек ақындықтың, әдебиеттің маңайы ғана емес, ұлт тағдыры сынға түскен ұлы мұрат – азаттық пен теңдіктің де ғибратты аңсары еді. Сондықтан ұлы Абай дүние салғаннан соңғы бір жылдан кейін қазақ топырағында «Алаш» ұлт-азаттық күресінің алғашқы үні басталды. Алаштың өзегінде Абай аманаты жатыр. Абай балаларының ішінде Алаш мүддесі жолында тік тұрып қызмет қылған ерекше тұлға Турағұл Ибраһимов болса, оның туған інісі, данышпанның Әйгерімнен туған екінші ұлы Мекайыл туралы да атап өткім келіп отыр. Абайдың өзі сүйіп алған асыл жары Әйгерімнен туған Тұрағұлдан кейінгі «несібе таратушы періштесі» халқымыздың тағдырына расында үлкен бақыт әкелу үшін еңбек етті. Мекайыл жас кезінде Абай ауылының өзге балалары секілді алдымен мұсылманша, кейіннен орысша сауат ашқан. Әрхайым Ысқақұлының естелігінде «Тобықты ортасында Абайдан бұрын орысша оқи білетін, сөйлей білетін адамдар болған жоқ... Абай ауылында болып, орысша сөйлей, оқи, жаза білетұғын мынадай адамдар болды: Абайдың өз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми жетекшісі: Фатима Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің 1-курс студенті Сарсенбаева Аружан


Мекайыл Абайұлының Алашқа арнаған тағдыры

Адамзаттық тарихтың асыл арқауы – азаттық пен жасампаздық жолы. Оның негізін – бірлік пен татулық, достық пен тұтастық құрайды. Арғы-бергі тарихта, өркениет дамуында азаттықты ту еткен, бостандық жолын мұрат еткен, осы бағытты таңдаған ұлт пен ұлыстар көп-ақ. Алайда, азаттық жолына түсу, тәуелсіздік мұраттарына қол жеткізу оңай болмағаны анық.

Ел тарихы мен дамуында – Алаш жолы, азаттық пен тұтастық мәселесі кең орын алады. Бұл – тәуелсіздік кезеңінде маңызды факторға айналды.

Қазақстан тарихнамасында ұлт зиялыларының азаттық пен бостандық жолындағы ерен еңбектеріне кең орын беріледі.Соның ішінде ғасырларан бері бойына біткен тәрбие мен ұлтжандылықтың, елін сүйген ерлерден көрген тәлімнің нәтижесінде қаншама зиялы қауып өкілдері көпшіліктің ортасынан суырылып шықты. Халық Ардақтанан дана Абайдың да қара шаңырағында осындай жанның бірі бар еді.

Задында Абай өнегесі – тек ақындықтың, әдебиеттің маңайы ғана емес, ұлт тағдыры сынға түскен ұлы мұрат – азаттық пен теңдіктің де ғибратты аңсары еді. Сондықтан ұлы Абай дүние салғаннан соңғы бір жылдан кейін қазақ топырағында «Алаш» ұлт-азаттық күресінің алғашқы үні басталды. Алаштың өзегінде Абай аманаты жатыр. Абай балаларының ішінде Алаш мүддесі жолында тік тұрып қызмет қылған ерекше тұлға Турағұл Ибраһимов болса, оның туған інісі, данышпанның Әйгерімнен туған екінші ұлы Мекайыл туралы да атап өткім келіп отыр.

Абайдың өзі сүйіп алған асыл жары Әйгерімнен туған Тұрағұлдан кейінгі «несібе таратушы періштесі» халқымыздың тағдырына расында үлкен бақыт әкелу үшін еңбек етті. Мекайыл жас кезінде Абай ауылының өзге балалары секілді алдымен мұсылманша, кейіннен орысша сауат ашқан. Әрхайым Ысқақұлының естелігінде «Тобықты ортасында Абайдан бұрын орысша оқи білетін, сөйлей білетін адамдар болған жоқ... Абай ауылында болып, орысша сөйлей, оқи, жаза білетұғын мынадай адамдар болды: Абайдың өз інісі Ысқақ, Оспан, Шәкәрім, Кәкітай, балалары Турағұл, Мекайыл, көршілері Хабидолла, Сүлеймен, Махмет, Мүрсейіт, Солтабайдың Ысқағы, Ырсайдың Ысқағы» деп санаулы ғана адамдардың есімін атайды.  «Мекайыл Абайұлы қазақ жастарының «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымын құрып, төрағасы болды» деген жалғыз-жарым дерек оның қоғамдық істерде қандай орны болғанын айғақтайды. Мекайыл осы ұйым арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына сайлау науқанында Алаш партиясын қолдау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізді, Семейде «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік жасады. Осындай үлкен істерге қол үшын созған Алаштың айбарлы ұлы, дана Абайдың перзенті  1931 жылғы зобалаңда сақылдаған мылтық даусынан Түйемойнақ аралында жетпіс адамның бірі болып көз жұмады.. Түйемойнақ – алаштың айбары еді, ән думаны еді, жаз күлкісі еді, сауық-сайраны еді, ал сол жолы ол қызыл қанға боялады... Қасиетті жердің қадірін қашады, бірақ әрбір мерт болған жанның елі үшін жасаған еңбегі, жаңа ғана дүрсілі тоқтаған жүректерінің қалауы мәңгілік сол жерде қала береді.

Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2023
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі