400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«Мекепке дейінгі балалардың ертегі арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіру. Балаға айналадағы өмірді бақылату,бақылай білуге үйрету. Суреттерді көрсетіп әңгімелесу. Көркем әдебиет шығармаларын оқып, тыңдату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мекепке дейінгі балалардың ертегі арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»


Асанова А.С.

№29 сәбилер бақшасы Мерей білім-беру дамыту орталығының тәрбиешісі. Павлодар қаласы


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.А.Назарбаев атамыз айтқандай ұлағатты ұстаздар, құрметті ата – аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастамасы ата – аналармен мектептен басталады.

Болашағымыз десек те, келешегіміз десекте бала – ұрпағымыз деген мағынаны білдіреді.Адамның басқа тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлап, адам етіп тәрбиелеу. Баланың тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттің басты міндеті. Ертеде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтқаны барғой. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге мән беруі керек. Ұрпақ тәрбиесіне міндетті екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары қажет. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері сөзсіз.

Бұл жердегі айтпағым баланы қалыптастырудағы туғанынан бастап тәй-тәй басып былдырлап, бала тілі- бал демекші,бала тілінің қалыптасуына денсаулығының мықты болуына оның күтімі мен жақсы ортасының әсері өте мол.Осындай жағдайларды саралап зерттей келе қазіргі заманның яғни ата-аналардың жұмыс бастылығы баламен қарым қатынас орнатудың орнына тынышталып мені мазаламаса болды деген оймен бала қолына телефон ұстатып беріп қояры сөзсіз,ал қолына түскен телефонға мәз болған бала ата-анасын жайына қалдырып түрлі түсті мылқау роботтарды қосып солардың қимылына ғана мәз болары сөзсіз көп жағдайда кездесетін бала психикасының бұзылуы мен тілінің нашар дамуы біздің балаға деген немқұрайлығымыздан жеткілікті дәрежде қарым қатынас орнатпағанымыздан бесік жырымен әлдилеп ұйықтатып,құлақ құрышын қандырып ертегі айтатын ата-әжелердің азаюынан болып жатқан мәселе деп ойлаймын. Келесіде осы жағдайларды жүйелеп бала тілінің дамуын зерттеп,мектеп жасына дейінгі баланың еркін сөйлеп өз ортасымен еркін қарым – қатынасқа түсуіне қандай жұмыстардың берер нәтижесі мол екендігі жайында болмақ.

Мақсатым: Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіру. Балаға айналадағы өмірді бақылату,бақылай білуге үйрету. Суреттерді көрсетіп әңгімелесу. Көркем әдебиет шығармаларын оқып, тыңдату.

Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алмасып, қарым - қатынас жасайтын құрал.Таза мәнерлі сөйлеу – бұл ойлау жемісі. Баланы өз тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласының қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланың тіл мәдениетін тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі ерекше зор. Бала -бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін дамытып, жақсы сөйлей білуге үйрету.

Қазақ балалар әдебиетінің ағартушы ұстазы Ы. Алтынсарин балаларды оқу және оқыту,

тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін,жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деп айтып кеткен болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ескерерлігі – олардың еліктеушілік, қиялдау қабілетінің басым болуында. Сондықтан да әрбір ата - ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері қажет. Баланың тілін дамытуда келесідегідей жұмыс түрлерін жүргізуге болады.

1. Айналамыздағы бар, күнделікті өмірде қолданып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ,тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атауын айтқызу.

2.Осы заттардың неден жасалғандығын (ағаштан, шыныдан, темірден) жасалғандығын түсіндіру.

3. Сүйікті ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегілері туралы әңгімелесу.

Еліміздің бұрынғы заманнан бері қалыптасып, сақталып келе жатқан салт - дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өскіншек келешек ұрпақтың бойына сіңіру мектепке дейінгі баланың тілін жетілдіруде орансан зор нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың баға жетпес дәстүрлерін: бесікке бөлеу, есім беру, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру, бата алу т.с. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел, жұмбақ жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақтарды жаттау барысында, балалар өздерінің білім дәрежесін байқап, көп жұмыс атқаруға талпынады, талап – жігері көбейіп, жауапкершілікті сезінеді.

Ендігі кезекте менің бала тілінің қалыптасуына ертегілердің берері өте зор екендігін өз практикамда байқап жұмыс барысында ол техниканы көптеп қолдануды қолға алып бастап жүрмін.

Халық ауыз әдебиеті - талай жылдардан келе жатқан мұра, сарқылмас байлық, асыл қазына, халық шежіресі. Одан халқымыздың тарихын білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Балабақшада балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін дамыта түсу балабақша тәрбиешілерінің басты парызы болып табылады.
Балалардың ой - санасын дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың берер пайдасы ұшан - теңіз.

Бұлар балаларды отанын сүюге, батылдыққа, адамгершілікке баулиды. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілерін үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай бейнелі сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең жолдарын жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлеп айта білуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқының салт – дәстүрін, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті адамдар жазу сызуды білмеген кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі болады. Қайсібір ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі біртіндеп баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар шарықтай келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер әзіл сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезіміне әсер етіп, күлкіге мәз етеді.

Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа ұмтылады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу баяндаушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.  Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне қарай жоспарланады. Кіші топтарда ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Ондағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын елестетіп, келешегіне сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Жел аяқты» ойлап шығарған халық енді «Көліктің» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Тұрмыс-тіршілікке байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Бұл жерде бай баласы мен кедей баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, тойымсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары бейнеленеді. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады, олардың ерліктері мен еңбектері, адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтылады.  Күлдіруге негізделген ертегілер, негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешеннің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай, зұлым хан, қаныпезер уәзір, сіңірі шыққан құл, еріксіз қыз, еңіреп туған ер-азамат болып табылады. Онда зұлымдықты жақсылық жеңіп отырады. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар баяндап береді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын молайтып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға үйрету керек.

Әр отбасы, ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның ертектерін тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу т.б. тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, бұлдіршіндер мен балдырғандар, өрендер ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі айтып беруін сұрайды, ондайда баланың еңсесін түсірмей, бағын қайтармай, оларға ертегі айтып беруді үлкендер (әжелер, аталар, әкелер, аналар) парызым деп түсінуге міндетті. Халық ертегісі балалардың  барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар  бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен айтылатындығында.

Басталған жерден ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден шарықтатып, жетектеп әкетеді. Халық ертегілері ішінде балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қандай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, қабылдауына жеңіл, күлкілі де қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық  сипаттар бар, яғни, олардың мінез өзгешіліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге ынталанады. Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл», «Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен қарға», «Түлкі мен арыстан», «Түлкі мен қасқыр», «Түлкі мен құмыра» .т.б.  Мұнда  балаларға сабақ боларлық терең ойлар айтылған. Айлакердің қолына түсіп, мерт болудан сақтандырудың жолдары көзделген. Әсіресе, қиын-қыстау кезеңде асып-саспауға, әр нәрсені алдымен ақылға салып шешуге үйретеді. Тапқырлыққа баулиды. Сондай-ақ, хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне  мектеп жасына дейінгі балаларды әсіресе,  тапқырлық күлкілер мен қызықты жеңіл түйіндер мәз-мейрам етеді. Олардың эстетикалық талғамын күшейтіп, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Халық ауыз әдебиетінде ежелден келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойларының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал-мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы тапқырлыққа, байқағыштыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, анық сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс қолдануға, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. Бала тілін дамытуда, ой - өрісін жетілдіруде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

Фольклордың негізгі жанрларының бірі - ертегі. Ертегі - жанры халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегінің пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Т. Барласұлы айтқандай ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі» - деп нақты анықтама береді.

Бүгінгі күнде балалардың дамуында біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен, мәселен көркем әдебиет пен сурет салу, оқу қызметін байланысрып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз бетінше киялдай алады. Бала ертегіні тыңдау арқылы ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп, жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап тауып жатады. Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, киял - ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілер болып бөлінеді. Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттармен құбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын молайта түседі.

Мен яғни бұл балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар, кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын, тілін дамытады. Сонымен қатар мақаламның басында көрсетіп кеткенімдей атақты ұстаз Ы. Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», - деп атап айтқан. Ол өзінің ұстаздық жолында шәкірттерін ертегіні тыңдату мен оқыту арқылы балалардың ой өрісінің жылдам дамып, зеректігінің арта түсетіндігін ерте кезден байқаған.

Менің келесі ұйымдастырылған жұмыс барысында, суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қарастырамын. Мысалы: «Қайсы ертегіден», «Қандай кейіпкерге ұқсағым келеді ?», «менің сүйікті кейіпкерім», т.б. Білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа кейіпкерлер, өз қиялымен осы заманға сәкес кейіпкерлерді тауып оларды суреттей алатын болады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілеті дамып, сөйлеу дағдысы жақсы деңгейде қалыптасады.

Сонымен тақырыбымды қортындылай келе ертегінің балаға сөйлеу дағдысын қалыптастыруда маңызы зор екендігін зерттеумен қатар, болашақта да ертегіні түрлі әдіс тәсілдермен қолданып балалардың анық сөйлеп, ойларының дамуына әсерімді тигіземін деген ойдамын.


Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы 1998 ж;

2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы;

3. Ғылыми әдістемелік педагогтік журнал «Отбасы және балабақша»;

4. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, «Мектеп».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі