Материалдар / Мекпішілік іс шара "Менің Отаным - Қазақстан"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мекпішілік іс шара "Менің Отаным - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мекпішілік іс шара "Менің Отаным - Қазақстан"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1125
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:Күні: 01.09.2017 жылТәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - ҚазақстанМақсаты:Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілікФормасы: тәрбие сағатыТәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.Барысы: І Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?- Қазақстан- Қазақстан жері қандай?- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.Оқушы:Отан - жерім, Отан - суым,Отан - қуат, нәр береді.Отан - ұран, Отан - туым,Отан мәңгі гүлденеді.Оқушы:Сүйемін мен Отанымды,Гүл жайнаған жерімді.Сүйемін мен ата - анамды,Мені өсірген елімді.Оқушы:Отан деген - Атамекен,Отан деген - туған жер.Отан - ана, Отан - пана,Қазақстан - туған ел.Оқушы:Отанды біз Атамекен,Деп аялап айтамыз.Өйткені оны мекен еткенБабамыз бен атамыз.Оқушы:Отанды жас - кәріміз де,Туған жер деп сүйеміз.Өйткені онда бәріміз де,Туып, өмір сүреміз.Оқушы:Отан - менің өзегім,Қиының болса төземін.Алдағы бақыт шақтарды,Жүрегіммен сеземін.Оқушы:Отаным - менің өзегім,Қырыңды шарлап, кеземін.Білу керек әр ұрпақ,Бес саусақтай өз елін.Оқушы:Отаным - мәңгі қорғаным,Қалаймын бақыт қонғанын.Сүйемін және сондықтан,Өзенін, көлін, орманын.Оқушы:Бақытты боп жүргенім,Сенің арқаң, Ұлы Отан.Елім менің тірегім,Құшағыңда гүл атам.Оқушы:Ата, Әжем, Әкем, анам -Төртеуі де «Отан!» мағанТөртеуі де «Ботам» дейді«Ер азамат атан!» дейдіМақтанамын Отаныммен,Отаныма «Ботамын»менОқушы:Сарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен, Отан!Мәңгі соғып тұратын,Жүрегімсің, сен Отан!Оқушы:Біз жас ұлан - Отан ана өркеніҮміт артқан болашағы, ертеңі.Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.Оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген еліміздіОтан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман, тоғай көліміздіАйбат:Отан дейміз кең - байтақ астананы,Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқОл бірақ өз үйіңнен басталады.Оқушы:Қазақстан - көк байрақты ел едің,Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.Өзің менің мақтанышым, тірегім,Өзің менің қуанышым, бақытымОқушы:Қыран құсым көк аспанда самғасын,Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!Жас ұландар, берік ұста туыңды,Жарқыратып туған елдің таңбасын.Қазақ биі. Орындайтындар: Сыныбымыздың бір топ қыздары.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?1. Оқушы:Туған жер - тұғырыңТуған ел - қыдырың.2. Оқушы:Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.3. Оқушы:Туған жер – алтын бесік.4. Оқушы:Туған жердің топырағы да ыстық.Асылай:Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!Оқушы:Отан – оттан да ыстық.Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.Қазақстан - Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.Қорытынды:Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!