400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім - мейірім мекені. Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты өткізілді. балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.

Зейнуллина Ж.Р.

Күні:

01.09.2023 ж.

Сынып: 9 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім - мейірім мекені»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Тәрбие сағатының басы

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар!

«Амандасу» тренингі. Оқушылар дөңгелене тұрады. Тақтада көрсетілген сурететрге байланысты амандасады. Күлкі – күліп қарайды, қол – қол алысып амандасады, күн –жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек – құшақтасады.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды мына сұраққа жауап беруден бастайықшы «Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?

Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мектебім - мейірім мекені». Мектеп қасиетті мекен! Жас дарындардың ордасы! Шығармашылықты шыңдайтын шеберхана! Мектеп – екінші үйіміз, бізді әрқашан қуана қарсы алатын мейірім мекені. Мектеп алтын ұя, ұстаз – екінші ана. Мектептен кетсек сағынып қауышамыз. Бүгінгі сабағымызда білім беру ордасы мектеп және адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Ең бірінші мейрімді адам біз үшін кім ?

— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

— Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді.

-Балаларды алғаш білімге шақырған кім? Қандай өлеңін білесіз? Білім саласына үлес қосқан тағы кімдерді білесіздер?

-Егер мектеп болмаса қандай болар еді деген сұраққа сіздердің ойларыңызды білгім келеді?


Шығармашылқ кезең

«Менің ойларым, армандарым, үміттерім»

«Болашақ менің қолымда» тақырыптарында әркім өз ойын сурет, өлең, эссе арылы білдіруге болады.

Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз


Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріңе көп рахмет!

Оқушылар тренингке қатысады. Көрсетілген суреттер бойынша амандасады.



«Мейірімді адам» түсінігін оқушылар айтып өтеді.
















Оқушылар сұраққа жауап береді. Өз ойларын айтады.


Алғаш мектеп ашқан Ы.Алтынсарин екенін айтып, «Кел балалар оқылық» өлеңін жатқа оқиды.

Оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетеді.






Мейірімділік шапағының шуағына жылы сөздер жазады.

Тақырып жазбасы, интерактивті тақта, презентация






























Қағаз, түрлі түсті қалам





Маркер, қағаздар




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
2074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі