400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім- білім мекенім

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


I
-жүргізуші:


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар және қадірлі қонақтар !

IІ-жүргізуші:
Армысыздар ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
Б
арлығымыз да сағынышпен күткен «Мектеп – мейірім мекені!»

атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.


I-жүргізуші:
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы
«Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!


IІ- Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 - сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1 - сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.


1а – сыныбы сынып жетекшісі Сейітғаппарова Меуерт апай
1ә- сыныбы сынып жетекшісі Дүйсенова Айнагул апай

1б-сыныбы Сынып жетекшісі Жүнісова Гулдана апай



I-жүргізуші:


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

ІІ жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.




І жүргізуші:
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Тугелов Әділ Турдыбайұлына беріледі.

Қонақтарға сөз

Қамқоршылық мүшелері мен Ардагер ұстаздар және ауыл билерін ортаға сөзге шақырамыз.

















1 а сынып оқушысы Мұхтар Айдананың орындауында Ән «Үйретеді » қабыл алыңыздар!

Тақпақтар



1 б сынып оқушысы Берік Аяланың орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар



Би «Қамажай»


ІІ жүргізуші
:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

1-«Ә» сынып оқушысы Полат Еркежанның орындауында

Ән «білім туралы» қабыл алыңыздар.


Би «Өзбекше»

І жүргізуші:

Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.

Ән «Сыңғырла қоңырау» әнімен Сәбит Айымды қарсы алыңыздар.



Ту шығару Хайдар ағай.



ІI -Жүргізуші:
Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға келіп, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.


І жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)


ІI. Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.


Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя

мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!

І - жүргізуші:
Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «“ Мектебім-мейірім мекенім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!



























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.02.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі