400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мектебім аяулы мекенім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда мектеп өмірі, балалық шағы , ұстазын ұлағаттау жайлы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның

2 Г сынып оқушысы Аманшеева Мариямның

«Мектебім – аяулы мекенім» эссесі.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» М.Жұмабаев.


...Менің бала қиялыма қанат бітіріп, аққанат арманыма апарар жолда жүрегімдегі күй сандықтың кілтін таба білген, көңілімдегі көрікті ойды жаға білген аяулы мектебімнің, аяулы ұстаздарымның алар орны ерекше.

Дүние есігін ашқаннан кейін үлкен өмірге қадам басамыз. Бұл өмірдің балалық шағы мен бал дәурені мектеп қабырғасында өтеді. Мектеп – бұл білім ордасы. Осы білім ордасынан өзімізге жаңа достар, жаңа орта табамыз.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін білім ордасы әрбір баланы болашаққа дайындайды. «Мектеп – кеме, білім теңіз» деп бекер айтпағандай. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, сіз де, біз де білім аламыз.

Осындай ұлы істі ұлықтаған, ұлағатты ұмытпаған үлкен жүректі ұстаздар қызмет ететін Әл-Фараби атамыздың есімі берілген №21 мамандандырылған гимназия мектебінің қауымы заман ағымы мен қоғам құрылысындағы өзгерістерді өз бойларына сіңіріп, бүгінгі талаптарға сай заманауи ұстаз деген атқа лайықты деп айта аламын. Мектеп пен ұстаз – егіз ұғым. Бір әріпті үйреткенге қырық жыл сәлем беретін қазақтың ұрпағымыз.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - көңілдің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы (Ғ.Қайырбеков) адамның алтындығын, еңбектің асылдығын тарқататын осынау танымал өлең жолдарына арқау болған, Ыбырай атамызша айтсақ «Мектептің жүрегі-мұғалім».

Жас ұрпақтың рухани сәулетшісі болған, Елбасы айтқан «бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заманда» шәкірттеріне бар білімі мен білгенін үйретіп, жақсы қасиеттерді бойына сіңдіретін мектепте өткен уақыт адам өмірінде шаттыққа толы кездер деп білемін. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір сағат біз үшін алтын уақытпен тең. Жыл сайын мектеппен қоштасып, түлектер қимастықпен ұшады. Сөмкені арқаға асып алып, мектепке барар жолда достарымызбен қауышып, тақтаға бормен жазу – қазіргі үлкейген әрбір жанның қайта келмес арманына айналғаны рас-ау....

Қорытындылай келе, алтын ұя мектебіміз біз үшін алтын қазына. Қайта келмес, тәтті де, балғын балалық шақтың ұмытылмас кезеңін ойдағыдай өткізе білейік!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.06.2023
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі