жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектебім-мақтанышым тәрбие сағаты 1 сынып
Тақырыбы Менің мектебім – менің мақтанышым
Мақсаты Оқушыларға мектеп туралы, оның
жұмысы, мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру. Достары жайында
әңгімелету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін мектепке
деген сағыныш сезімдерін ояту.. Өздерінің білім алып отырған білім
ордасын құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, мектептегі жұмыс түрлері
түсірілген суреттер, шарлар, ұлағатты қанатты
сөздер
Барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
- Мектеп деген не
- Мектепке оқушылар не үшін келеді?
- Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар.
Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ
даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин.
- Осы ұстазымыздың қандай өлеңін жатқа білеміз?
Жатқа сұрау
- Жарайсыңдар, біздің білім алып жатқан мектебіміз қалай
аталады?
(оқушыларға слайдтан мектеп суреті көрсетіледі)
- Осы мектепке келерде қандай көңіл-күйде боласыңдар?
- Қуанамыз, қуанышты көңіл – күйде боламыз
Ендеше,мектеп туралы такпактарымызды айтайык..
1-оқушы
Анамдай асыл мектебім,
Құшағы нүрлы көктемім
Өмірдің аттап өткелін
Қойныңда өсіп көктедім.
2-оқушы
Бағыңда құстай сайрадым,
Күлімдеп гүлдей жайнадым
Сәулетті алтын бесігім,
Ашылды бақ боп есігің
3-оқушы
Сәлем саған, сүйікті
Алтын ұям –мектебім
Сен әпердің биікті
Сенен өсіп , көктедім
4-оқушы
Құшағыңда шыңдалып,
Қияларға өрлеймін
Терең білім, үлгі алып,
Көкке құлаш сермеймін
5-оқушы
Алтын ұям- мектебім,
Біліміңмен көктедім.
Саған деген жүректе
Ақ алғысым көп менің
6-оқушы
Басталады өзіңнен
Болашақтың жол басы
Алтын ұям, сезінем
Сенсің –білім ордасы.
Көркем сөз оқулары
Диктант. Қадір Мырзалиев
Кеше біздер класта
Диктант жаздық отырып
Көшірдім мен Күләштан
Бір парақты толтырып
Үзілісте мен іште
Асыр салып ойнадым,
Құрығанда бір «үшке»
Жаздым ау деп ойладым.
Сөйтсем , мойны ұп-ұзан
«Екі» алыппын, құрысын
Дәптер беті қып-қызыл,
Ұялғандай мен үшін.
Мінездеме . Ескен Елубаев
Қай баланың «бесі» көп
Сол баланың есі көп.
Кімдер алса «төртті» көп
Сана сынып көркі деп
Ал баланы «үші» көп
Ойла шала ісі көп
Кім оқыса «екіге»
Қарама оның бетіне
Баға . Мүбарак Жаманбалинов
Оқымап ем «бір» алдым
Кейіп қалды мұғалім
Әкеп едім «екілік»
Анам қалды жекіріп
«Үш» алғанда байқадым
Әкем басын шайқады
«Бес» - деп едім, бүгін кеп
Қалды бәрі күлімдеп .
Мұғалім мектеп тарихы туралы айтып
түсіндіреді.
Оқушы зерттеуі
1.Мектеп кітапханасы туралы не білеміз
Біздің мектепте кітапхана бар. Кітапхана мектептің төменгі қабатында орналасқан. Апай бізді кітапханаға апарды.Кітапхана бөлмесі үлкен, жарық әрі жылы. Оқушылар келіп сабаққа дайындалуға жайлы орын.Онда екі апай жұмыс жасайды .Гүлсім апай мен Бақыт апай.
Кітапханада кітаптар қатар-қатар әдемі жиналған екен . Онда «Балдырған,», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» деген балаларға арналған журналдар бар. Ертегі кітаптар да еріксіз өзіне тартады. Кітапханада қазақ энциклопедиясының 10 томы бар. Біз ақын жазушылардың өмірі туралы сол кітаптан жазамыз.Қазіргі таңда кітапханада 14 мың9 жүз 3 кітап бар.
Кітапхананы барлық оқырман пайдалана алады.Кітапхананы пайдалану тегін.Кітапханада шулауға болмайды. Мен менің мектебімде осындай кітапхана барына мақтанамын.
Кітап туралы такпактар
1-оқушы
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді
2-оқушы
Орманшының аялы
Алақаны өсірген.
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілді.
3-оқушы
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке
4-оқушы
Қуантады ол сені
Ұялтады ол сені
Күнделіктен көрінер
Біліміңнің мөлшері
-Балалар, мектеп, кітап, білім жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер
2. Асхана жайында әңгіме.
Біздің мектепте үлкен асхана бар. Мектеп асханасы тап-таза.Онда аспаз апайлар жұмыс істейді. Асханадан ылғи да тәтті тамақтың иісі шығып тұрады. Біз сыныбымызбен асханада күнде тамақ ішеміз. Асханадағы тәтелер үстел үстін жайнатып қояды.Күнде әртүрлі дәмді тағамдар жейміз, тәтті шырындар ішеміз. Айран, сүт те береді.Тіпті неше түрлі салаттар да дайындайды . Біз өзімізді қымбат мейрамханада отырғандай сезінеміз.
Асханаға топ болып қатармен жүріп барамыз. Ол біздің күндегі әдетіміз.Асханаға барғанша асығамыз. Бірақ топты бұзуға болмайды. Жүгіруге, бірін-бірі итеруге де болмайды. Асханада да тәртіп сақтау керек.
1.Асханаға кірерде міндетті түрде қол жуу керек.
2. Тамақ ішкенде сөйлемеу керек.
3.Асхана мулкін бүлдірмей, сындырмай куріп ұстау керек.
4.Барлығы тамақтанып болғанша тұрма.
5. Асханада бет алды кезіп журуге болмайды.
6.Аспаз апайлардың еңбегін бағалай білу керек.
Тамақты біздің талғамымызға сай дайындайды. Біздің ағзамызға пайдалы ас дайындап жүрген асхана қызметкерлеріне алғысым шексіз.Оқушыларға тегін тамақ ұйымдастырып отырған кісілерге алғысым шексіз.
3.Үйірмеге кімдер қатысады
Үйірме- ол балаларды неше түрлі өнерге үйретеді. Баланың жан- жақты білім алуына ықпал ететін орын.Менің ойымша үйірмеге барлық бала қатысуы тиіс. Бос уақытыңда далада босқа ойнағанша, тегін үйірмелерге қатысып өнер үйренгенге не жетсін.Біздің мектебімізде би, қолөнер, спорт, ракета моделін жасауға үйрететін үйірмелер бар. Би үйірмесін биші Мархабат апай жүргізеді.Сыныптан Адина, Жанель,Зарина, Нұрай деген қыздар қатысады. Ендеше, мың бұралған биші қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Мектептегі қолөнер үйірмесіне сыныптан Жанель, Жания,Меруерт деген оқушылар қатысады. Олар тоқудың түрлерін үйреніп жүр. Мектептен тыс сурет үйірмесіне Ниас пен Бейбарыс барып жүр. Олар өскенде суретші болуды армандайды. Таңнұрым мен Ақдаулет жүзумен айналысады.
Мектебімізде ракета модельдеу үйірмесі жұмыс істейді.Халықаралық сайыстарға қатысып жеңімпаз атанып, мектебіміздің атын шығарып журген оқушыларымыз да бар. Ол үйірме жетекшісі- Аманжол ағайымыз ортамызда отыр. Аманжол ағайымызды ортаға шақырамыз.
Қазіргі таңда үш тілді қатар білу - заман талабы. Ағылшын үйірмесіне қатысып журген Таңнұрым шет ел тілінде өзін таныстыра алады. Музыка мектебіне барып баян тартуды үйреніп жүрген Акдаулет сіздерге өз өнерін көрсетеді.
(Суреттер арқылы сөйлейді бір өнер көрсетілуі керек.( мақтанамыз
4. Мұражайға бардың ба
Мектебімізде Қазақтың ұлы ақыны Абай ата атындағы мұражай бар.Мұражай іші өте тартымды. Әсемдігі көз тартады. Мұражайда бізді Гүлжамал апай жылы жүзбен қарсы алды. Абай атаның туған жерімен, оның табиғатымен, таныстырды. Абай атаның шыққан тегі, ата-анасы, ұрпақтары туралы да терең білім алдық. Абай Құнанбаевтың шығармалары, өлеңдерінің шығу тарихы жайлы айтып берді.
Апай бізге Абай атаның ұстап тұтқан заттарын, киген киімдерін де көрсетті.Мінген көлігі мен мылтығын да көрдік. Абай ата қобыз бен домбыра да тартқан. Тіпті күй де шығарған. Әндері де бар.
Абай Құнанбаев Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген.Таулар қандай биік болса, Абай атамыз да дана, ғұлама болып осы табиғаттан күш алғандай дара болып туылған.
1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Үлкен атасы Өскенбай, Өскенбайдан Құнанбай, Құнанбайдан Абай ата туады.
Біз Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып бердік. Болашақта қара сөздерін де жаттап аламыз деп уәде бердік.
Мұражайда ұшқыш ғарышкерлерге арналған бұрыш бар. Тұңғыш қазақ ғарышкерлерінің суреттері бар. Тіпті ғарышқа ұшқан иттермен де таныстық.
Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың, Айдын Айымбетовтың суреттерін көргенде қатты қызықтым. Менің де ғарышкер болғым келеді.
Ғарышкер Олег Артемьев те бір кездері біз отырған партада отырған емес пе Осыны естігенде мен қатты қуандым.
Біздің мектепте осындай керемет мұражай барына мақтанамын.
Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
- Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі- ұстаз.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ұстазсыз өмірдің накты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсінетін,қиналсаң сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық.Ол диқан сияқты адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңіліңді табады.Болашаққа жол сілтеп , анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам. Ең күрделі ғылым-бұл адам болу екен. Осы ғылымнан сабақ беріп жүрген маман иелері бүгінгі ұлағатты ұстаздар
Мектепті сөз еткенде ұстаз еріксіз көз алдыңа келеді. Алтын куәлік иелерінің ұстаздары міне алдарыңда отыр.
1
2
3
Осындай ұстаздар қызмет жасап жүрген мектептің басшылары да жай адамдар емес. Өте білімді, сыпайы, инабатты, қамқор кісілер (мектеп басшыларын таныстыру(
Осы ұстаздарымызды мақтан етеміз , қошемет білдірейік
1-оқушы
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең, сенің екі анаң бар.
Бірі-сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар.
2-оқушы
Үйретіп бізге алғаш әліппені
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті
Ән « Мұғалім кім десең»
Алтын куәлік иелері
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда қоғамымызға өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толыктырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Қазіргі Ата Заң 98 баптан, , 9 бөлімнен тұрады. 30-бапта Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта біллім алу міндетті , делінген. Тәуелсіз мемлекет болу әр адамның арманы. Биыл тәуелсіздігімізді алғанымызға 24 жыл болып отыр.
Бала құқығы туралы
конвенция
- Балалар, дүниеге келген әр баланың өз құқығы бар.
Бала құқығын азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын
мемлекеттің негізгі заңы Конституция қорғайды.
Мектеп ережесімен таныстырылады.
1Мектеп шәкірттері осы мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға
және оның талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.
2.Мектеп шәкірттері мектептің ережесіне сай бірыңғай мектеп
формасын киюге міндетті.
3. Өзі білім мен тәрбие алып жатқан білім ордасының намысын
қорғауға міндетті.
4. Әрбір оқушы салауатты өмір салтын сақтауға, таңғы міндетті.
5. Сабақтан себепсіз қалмауға, кешікпей келуге міндетті.
6. Мектепте және мектептен тыс уақытта оқушы деген атқа лайық
болып, ана тілін шұбарламай, таза, көркем сөйлеуге
тиіс.
Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
1-оқушы: -1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы». 1 желтоқсанда Қазақстан Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
2-оқушы:-1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы». 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.
-Биыл тәуелсіздігімізді алғанымызға неше жыл болды
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
1 топ . Қазақстан картасын құрастыру
2 топ. Тәуелсіздік тақырыбына сай 1 шумақ өлең шығару
3 топ Қазақстан ассамблеясы туралы не білеміз
4 топ Тәуелсіздік тақырыбына ән шашу
Ән «АТАМЕКЕН»
Қорыту

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген