400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім мейірім мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуына жетелеу, оқушыларды мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп:

Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Кажиакпарова А.Е

Күні:

1 қыркүйек 2023 жыл

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар: 14

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Мектебім-мейірім мекені

Сабақтың мақсаты:

Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуына жетелеу, оқушыларды мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық ахуал туғызу

Жұмбақ шешу

Ұрсаң қатты зырлайды,

Жерге қарғып тұрмайды.

Абайлаңдар, балалар,

Жолда ойнауға болмайды.

Шешуі: доп

«Допты қағып ал» әдісі бойынша додекаэдрды лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.


Жұмбақты шешеді






Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.








ҚБ

Мадақтау, қолдау











додекаэдр

Сабақтың ортасы

20 минут

Акросөз «Мектеп»

М- Мейірім, махаббат

Е -Еңбек, ел, ерлік

К-Көмек, көгершін

Т-Тазалық, талап

Е-Ерінбеу, ереже

П-Пейіл, парта

- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз:

«Мектебім-мейірім мекені» деп аталады.

-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?

Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.

Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:

Мектеп- оқушылардың білім алатын оқу орны. «Мектеп» сөзі араб тілінен алынған, «жазу жазатын орын» деген ұғымды білдіреді. Мектептегі негізгі тұлға – мұғалім. Ол білім берумен қатар тәлім тәрбие береді, ізденуге үйретеді.

Ыбырай Алтынсарин – ең алғаш қазақ даласында мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы, ақын, жазушы.

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, мемлекет қайраткері, ол ұлттық әліпбиді тұңғыш рет жасап жаңа үлгі ұсынды. Ол «Оқу құралы» атты тұңғыш әліппелердің бірін жазды.


Астарлы әңгіме

Жол бойында аяңдап келе жатқан ақсақалдың алдынан бір топ жігіт шығып, əлгілердің біреуі ғана:
"Ассалаумағалейкүм, ата!" деп амандасқанда, ақсақал:
"Уағалейкүмассалам. Шырағым, неге жалғыз өзің жүрсің?"- деген екен.

-Атай неге қызық сұрақ қойды?

-Жігіттер қандай қателік жасады?

-Қатені қалай түзеуге болатыны туралы ойлан.

-Сен қандай мейірімді сөз қолдандың?

-Тағы қандай мейірімді сөздерді білесің?


Әлемдегі ең тамаша «мамандық»

Бір кісі жұмысқа тұруға келеді. Оған жұмыс беруші адам оның жұмысын түсіндіреді.

-Сіз 365 күн жұмыс жасайсыз. Демалмайсыз. Үш мезгіл тамақ ішуге аз ғана уақытыңыз бар.Адамдар сізге мұңын шағады, ұрсады, көмек сұрайды,сіз бәрін тыңдайсыз, көтересіз. Бұл жұмыс сізге ұнайды.

-Бұл жұмысты жасап жүрген адамдар бар ма?

-Бар. Мұндай адам өте көп. Олар әрі ақша алмайды, тегін жасайды.Олардан тек бір нәрсе ғана талап етіледі. Ол-мейірімділік қана.

-Кешіріңіз, сіз қандай жұмыс туралы айтып тұрсыз?

-Шынында демалыссыз, тегін жасалатын бұл қандай жұмыс?

-Әр адам мейірімділікті ең әуелі қайдан алады?

-Қайда жалғастырады?

«Мейірімділік» сөзіне топтастыру құрастыру


Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.


Қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.








Оқушылыр тақтада ілініп тұрған суреттермен жұмыс жасайды.























Мәтінді тыңдайды. Талдайды.Өз ойын қосады.Ақсақалдың сұрағына жауап іздейді.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.













Мәтінді тыңдайды, талдауға қатысады. Сұрақтарға бірлесе отырып, бұл мамандықтың иесін анықтайды.










Сұрақтарға жауап береді.


Топтастыру құрастырады.


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату



















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату



Слайд












Суреттер















Суреттер














Мәтін
























Стикер

маркер


Сабақтың соңы

5 минут

«Жест» әдісі арқылы кері байланыс алу.

Рефлексия:

«БББ» әдісі

Қорытындылау

Өзара келіскен жест бойынша кері байланыс береді.

Кестені толтырады

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату

Стикерлер қалам





















































Ғ. Молдашев атындағы жалпы білім беретін мектебі











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Мектебім – мейірім мекені»



6 «а» сынып

Сынып жетекші: Кажиакпарова А.Е









2023 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі