Материалдар / "Мектебім мейірім мекені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мектебім мейірім мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына арналған сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



2024-2025 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

Тақырыбы: «Мектебім –мейірім мекені»

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу

2. 1- ші сыныптарды кіргізу

3. ҚР мемлекеттік туын енгізу

4. гимн
5. Қонақтармен таныстыру
6. Мектеп директорының құттықтауы
7. Құттықтау сөз қонақтар
8. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
9. Ән

10. Би
11. Ата - аналар атынан құттықтау сөз

12. 11 сынып оқушысы құттықтап, Әліппе табыстау

13. ән

14. ДОІЖО мәлімет оқиды

15. Қоңырау соғу

16. Бата
17. ҚР мемлекеттік туын шығару
18. Қорытынды сөз

1 - Жүргізуші:
Мектеп деген-білім күні, жыр күні
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені
Мектеп деген-тәрбиеші адамға
Мектеп деген-даналардың мекені
2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - Жүргізуші:
Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы жоспарланған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық.
2 - Жүргізуші:
2024 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.
1 - Жүргізуші:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой - санама еккенің.
1А сыныбын білім әлеміне сынып жетекшісі Шаймұратова Гүлжанат Бағалиқызымен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші

Шаймұратова Гүлжанат Бағалиқызы 33 жылдық тәжірибесі бар ұстаз.

Зерттеуші-педагог. Бірнеше марапаттардың лауреаты.. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленген.Желтоқсан оқиғасының куәгері.

1.Ахметқали Ибрагим Әсетұлы

2.Айбекұлы Ақжол

3.Айбек Нұрәлі Ерболұлы

4.Әбулхасенова Бекжан Нұрхатұлы

5.Ақнарқызы Айнар

6,Бақытбек Назым

7.Берікқызы Аяла

8.Берік Арман Дулатұлы

9.Болат Айкөркем Қайырбекқызы

10.Дүйсен Әмір Рүстемұлы

11.Жамбыл Айша

12.Жеңіс Еркежан Еркебұланқызы

13.Қайыырғазы Айша Қайратқызы

14.Орынбекқызы Дильназ

15.Қайратқызы Айару

16.Қалихан Алдияр Аманбекұлы

17.Қалихан Айару Мейрбекқызы

18.Мекеш Аяла Алмасқызы

19.Саматқызы Нұрай

20.Серікқызы Айзере

21.Талап Самғат Бақытбекұлы

22.Талапұлы Нартай

23.Талапқызы Айзере.
1 - Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1. ҚР гимні

1 - Жүргізуші:

1 - қыркүйек білім күні мерекесіне құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:

1.

2.

3.

4.

2 - Жүргізуші:
Жаңа оқу жылымен құттықтау сөз кезегін Би Боранбай атындағы орта мектебінің директоры Тургамбаева Жанерке Әбетайқызына береміз.

Құрмет грамотасы: кемелді келешекке аяқ басып отырған еліміздің білімді азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу жолындағы сіңірген еңбегі үшін Абай облысының білім басқармасы Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ қосымша білім беру педагогы Орынғожин Медет Қариполлаұлы марапатталады.

5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде көрсеткен жетістігі үшін Нұрланқызы Айша марапатталады. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Тургалиева Меруерт Уалибековна

5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық «Алтын сақа» олимпиадасында командалық есеп бойынша 2 орын иеленгені үшін Ақсуат ауданының командасы марапатталады. Қуанық Ақберен, Тілеужан Назым, Жұмағали Нұржігіт, Нұрсейіт Інжу, Нұрланқызы Айша.

1-жүргізуші.

Келесі сөз кезегі ........... қонағымыз

1 – сыныпқа қадам басып отырған бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек береміз.


2-жүргізуші

Ән. «ҰСТАЗ АНА» Алдарыңызда 1 сыныпқа қадам басып отырған бүлдіршін Еркебұланқызы Еркежан

(Тақпақ жалғасады)

Ән «МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН» 1 сынып оқушылары Қайратқызы Айару, Мейірбекқызы Айару

2- Жүргізуші
Ата - ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өсер
деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1а сыныбының ата-анасы Бақытгүл апаны ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші
Би: Алдарыңызда 1-сыныптың қыздары.

1-Жүргізуші

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — дей келе «Әліппе» табыстау бөліміне кезек береміз.

(Шыңғыстың құттықтауы)
1 жүргізуші:Келесі сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұхаметқажина Айгул Қадырқызына беріледі.

2-жүргізуші.

Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

1 жүргізуші:
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы Шохан Алмат пен 1-сынып оқушысы Қайратқызы Айару ие болып отыр.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
2- жүргізуші.

Мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге бата беру үшін 1 сыныптың ата-анасы Қалихан атамызды ортаға шақырамыз.

.
1-жүргізуші. Осымен 1- қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім –мейірім мекені» мерекелік шарамыз жабық деп жариялансын.. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!



.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!