Мектебім-мейірім мекені

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім-мейірім мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім-мейірім мекені»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті







Оқушының әрекеті


Ресурстар


1.     Психологиялық дайындық.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

 Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

         Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру.

Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Сергітейік жанымызды.

         Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға ілейік. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын үйрете отырып, жасату. Техникалық қауіпсіздіктерді  еске түсіріп, қадағалау. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілу.

6.     Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ тстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

7.     Сабақты бекіту.

Мейірімді бол!  Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?






4.     Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1.     Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............

2.     Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........

3.     Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі