|
Сабақтың
мақсаты:Оқушылардың мектепті ортақ
үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып,дұрыс әрекет
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-мектептегі мінез-құлық
ережесінің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра
отырып,ұғындыру.
-ұқыптылық,жауапкершілік
қасиеттерін дамыту.
-ұқыптылыққа,жауапкершілікке,құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
5 Т –
ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге
түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Тыныштық сәті «Теңіз түбіне
саяхат»
Ырғақты баяу музыка қосылып
тұрады.
(Оқушылардан шеңбер құрып
отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын
айқастырмауды өтінемін. Арқаларын тік ұстауын
қадағалаймын).
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) гүлдер,
смайликтер 1.https://kopilkaurokov.ru
3.https://www.zharar.com/kz
|
|
2.Үй тапсырмасын
тексеру:
1.«Менің мектебім» тақырыбында
жазған шағын әңгімесін оқыту
2.«Біріміз бәріміз
үшін,бәріміз біріміз үшін!»
әңгімесі.
Сұрақтарға жауап
алып,әңгімелесу.
1.Леваға жақсылық жасауға
сыныптастарын не итермеледі?
2.Сыныптастардың іс-әрекетінен
қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге
болады?
3.Өздеріңе сыныптас
достарыңның жасаған жақсылықтарын естеріңе түсіріп, әңгімелеп
беріңдер.Сол кезде не сезіндіңдер?
4.Сендер бір-біріңе қалай
көмектесесіңдер?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
3. Сабақтың
дәйексөзі.
(Оқушыларға 3 рет айтқызып,
дәптерге жаздырту)
Өмірдің өзі – ұлы
ұстаз.
Халық
даналығы
Сұрақтар:
1. Ұстаз қандай болу
керек?
2. Ұстамы жақсы дегенді қалай
түсінесіңдер?
3. Шәкірт ұстазынан озады
дегенді қалай түсінесің?
4. Дәйексөзден қандай ой айтуға
болады?
|
|
|
4.Мұғалімнің
сыйы.
Құлпынай мен
шие
«Арман» атты дүкенде Сара мен
Айсұлу жемістер сатады екен. Біреуі шие, ал екіншісі құлпынай.
Екеуі жас кезінен келе жатқан достар. Кішігірім бизнесін де бірге
бастаған еді. Күнде бір-бірінің алған табысына қуанып, бір-біріне
қолдау беріп отыратын.
Айсұлу ауырып қалып біраз
уақыт жұмысқа шыға алмады.Ал Сара осы уақытта ақша жинап та
үлгерді. Айсұлу келгенде адамдар шиені аса көп алмай, құлпынайға
жүгіретін болды. Айсұлудың көңіл-күйі бұзылып, көңілінің қошы
болмай жүрді. Оны байқаған Сара ертеңіне құлпынайсыз келді.
Айсұлудың шиесін сатуға көмектесіп, тепе-теңдікті
орнатты.
Солай Сара жан құрбысының
көңіл-күйін көтеріп, жұмыстарын ары қарай
жалғастырды.
-
Сараның жасаған
әрекеті туралы не айтар
едіңдер?
-
Егер сендер Сараның
орнында болсаңдар қандай әрекет жасаған болар
едіңдер?
-
Сендердің біреуге
риясыз сүйіспеншілікпен жақсылық істеген кездерің болды ма?
Әңгімелеп беріңдер.
|
«Мөлдір бұлақтан»
хрестоматиясы
(66-бет)
|
|
5.Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс.
Оқушылар 2 топқа
бөлінеді.
Тапсырма
Мектептегі достық,жолдастық
ережесін жасайды.
|
Плакат,маркер.
Дәптермен
жұмыс
|
|
6. Топпен ән
айту.
Ақылшым –
мұғалім Өлеңін жазған:
Ә.Дүйсенбиев
Әнін жазған:
И.Нүсіпбаев
Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым – мұғалім.
Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым – мұғалім.
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшым – мұғалім.
|
|