Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп – біздің ортақ үйіміз 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары сертификат атестаттциядан өтуге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ДОІО:Ж.С.Жалмуханбетова

Сабақтың тақырыбы: «Мектеп – біздің ортақ үйіміз»

Сабақтың құндылығы : « Дұрыс ерекет».

Сабақтың қасиеттері: жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық.

Мұғалімі: С.Адиева Сыныбы: 2 а,б күні15.10.18 б-19.10.18 оқушылардың саны: --


Сабақтың мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып ,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: -- мектептегі мінез-құлық ережесінің мәнін дұрыс әр екет құндылығымен байланыстыра отырып, ұғындыру;

  • ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

ұқыптылыққа,жауапкершілікке , құрметтей білуге тәрбиелеу



Ресурсы: оқулық дәптер.түрлі түсті қарындаш.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. 5-Т- ережесін басшылыққа алу. Талап, тыныштық, тазалық, тәртіп, татулық.

ә) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңдар,денелеріңді түзу ұстаңдар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көзіңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бентілек- қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз.Сіздің қолыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз., құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізгеде жетті, көзіміз тек жақсйға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге : Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жандарға таралсын.....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын...... Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз!

Жаймен көзіңізді ашуға болады

Ескерту.баяу әуен

Үй тапсырмасын тексеру. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» атты әңгіменің мазмұнын сұрау .Сұрақ-жауап әдісін пайдалану.

  • Леваға жақсылық жасауға сыныптастарын не итермеледі?

  • Сыныптастардың іс- әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады?

  • Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер?



Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы. «Ең аялы алақан» әңгімесін оқып беру.

Василий Сухомлинский

4.Дәйексөз . «Мектеп-кеме, білім-теңіз ,барар жерге тез жетеміз».Дәйексөзді алдымен мұғалім оқиды, сосын балаларға дауыстап оқыту.Келесі кезекте ұл балалар, содан соң қыз балалар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөзді қалай түсінгенін сұрау.

Қасым Аманжолов

5 Шығармашылық жұмыс: 3- тапсырма . Мектептегі достық, жолдастық ережесін жасаңдар.

Сені рухани бай болуға жетелейтін үш қасиетті жұлдызшаларға жазу және боя.

4- тапсырма. «Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасау.

  • «Менің мектебім» тақырыбында шағын әңгіме жазу.


Жұмысты дәптерлеріне орындайды.

6 Топпен ән айту: «Ақылшым мұғалім» әнін орындау.

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев.

Әнін жазған : Ибрагим Нүсіпбаев.


Көңілді отырып ән айту.

Үйге тапсырма беру: В. Сухомлинскийдің «Жүре алмайтын бала» әңгімесін оқу.

Күнделіктеріне жазады.

8 Соңғы тыныштық сәті:

Бір – бірімізді тыңдаймыз 1 рет шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз 2 рет шапалақтақтаймыз!

Белсенділік танытамыз 3 рет шапалақтаймыз!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
675
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12