400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

мектеп алды даярлық сыныптарына қажетті ақпарттар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық сыныптары үшін тағайындалған ақпараттар
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жұлдыз» МБК КММ



ҚАРАСТЫРЫЛДЫ КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

әдістемелік бірлестік директордың ОІЖ «Жұлдыз» МБК КММ

отырысы бойынша орынбасары директоры

Хаттама № _____М.К.Бейсенбаева ______Б.Б.Караканова

«___»________2019 жыл «___»_______2019 жыл Бұйрық №

Әдістемелік бірлестік

жетекшісі «__»______2019 жыл

_____________Л.Я.Гришенкова






«Қызықты ағылшын»

таңдау курсының

БАҒДАРЛАМАСЫ


(мектеп алды даярлық сыныбы, 33 сағат)

2019 - 2020 жыл








Құрастырған: Альдубекова Айгерим Хасеновна

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі












Жартас селосы



Авторы:

Жартас селосы, «Жұлдыз» МБК КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Альдубекова Айгерим Хасеновна




Пікір жазушылар: Л.Я.Гришенкова, «Жұлдыз» МБК КММ жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі










Білім беру ұйымының Әдістемелік бірлестігімен (кафедра) ұсынылады

Хаттама № ___________ «__» __________ 2019 жыл

Хатшы:

Лауазымы _____________ аты- жөні








Білім беру ұйымының Әдістемелік кеңесімен ұсынылады

Хаттама № ___________ «__» __________ 2019 жыл

Хатшы:

Лауазымы _____________ аты- жөні














«Жұлдыз» МБК КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Альдубекова Айгерим Хасеновна


«Қызықты ағылшын» курсының мазмұны

Барлығы-33 сағат

Апталық сағаты-1 сағат

1. Танысу(4сағат)- : Ағылшын тілінде балаларға амандасу мен қоштасуды үйрету. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру. Сөздердің дұрыс дыбысталуын қадағалау.Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру. I’m fine ,I’m good .I’m not good сұрақтарға жауап беруге үйрету. How old are you?сұрағына жауап беруге үйрету, to be able to tell where are they from;

2. Ойыншықтар(2сағат)- Ойыншықтар тақырыбына жаңа лексика енгізу.Диалог құру,сөздерді дұрыс айту.Балаларды тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру. It’s a …...,a ball, a car, a book.Бұл не? сұрағына жауап беруді үйрету.

3.Жыл мезгілдері(5сағат) Жыл мезгілімен таныстыра отырып, ауа-райын суреттеуге үйрету. Can you … ? сұрағына жауап беру?Өз қабілеттері туралы ойландыруға үйрету;Yes, I can. No, I can’t қысқа жауаптарын қолдану.

4.Сиқырлы сөздер(7 сағат) Please show me? Cиқырлы сөздерге уйрету,Тарбиеге бағыттау, Доптарды 1 -10-ға санатып, түстерін анықтату; : Тура және кері 1-5 дейін болған есепке үйрету, сандармен таныстыруды жалғастыру. [t], [r], [θ] спецификалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сандармен таныстыруды жалғастыру. [t], [r], [θ] спецификалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Балалардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту. Алған біліміне қызығушылығын тәрбиелеу.Тіл білуге деген балалар қызығушылығын арттыру. «What time is it?» деген сұрақты енгізе отырып, уақытын сұрап, оған жауап беруді үйрету. «Сlothes» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру. «Colours» тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу.Түстерді ажырата білуге үйрету.

5.Аңдар(4 сағат) Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы турылы түсініктерін бекіту. «Domestic Animals» тақырыбын енгізе отырып, балаларға ағылшын тілінде үй жануарлардың аттарын атауға үйрету.

6.Дене мүшелері (5сағат) «Body parts» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру. I have … тіркесін енгізу. Ауызшы сөйлеу қабілетін арттыру; How many? Сұрағын қоя білуді үйрету,ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

7.Отбасы мүшелері (2сағат) «My family» тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу. Отбасы туралы сөз қорын байыту. Отбасы мүшелерін дұрыс атау. [ә] [r] дыбыстарының айтылуын анықтау. Өз отбасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

8.Тағам түрлері(4сағат) «Food» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру. «Fruits» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен танысу. «Vegetables» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру. Сөз қорын жаңа сөздермен байыту, жеміс атауларымен таныстырып дағдыларымен қалыптастыру. Салауатты өмір салтына баулу. Ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру.


«Қызықты ағылышын»курсына


П І К І Р


Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.

Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.

Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.

Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.












Рецензент: жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Гришенкова Л.Я.



Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Оқыта−үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды, ырғақты−музыкалық және көркемдік және т. с. с көптеген түрлері бар.
Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары.
«Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады
Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.
Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.

Курстың өзектілігі:

«Қызықты ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша сабақтар балаларды шет тілі мәдениетінің негізімен таныстырады, яғни балаға білім-білік дағдыларының базалық көлемін үйретеді. Сабақ оқуға және жазуға ауызша дайындық кезең болып табылады.

Оқу тәртібінің енгізудің себептері: Ағылышын тілі пәні тек бағдарлама аясында отуіне баланысты,сабақ ойын түрінде отпек.Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан ойын арқылы сабақты қызықты, әрі тереңдетілген түрде откізіп, баланы тілге дамыту.

Бағдарламалық материалдың ерекшеліктері: Стронин М. Ф. Обучающие игры на уроке иностранного языка. М., Просвещение, 1984, Шишкова И. А., Вербовская М. Е.Английский для малышей,М.: ООО «Издательство «Росмэн – Пресс», 2011.

  1. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004.

  2. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001

  3. Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005

  4. «Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету»әдістемелік құралы педагогтерге және ата-аналарға арналған дидактикалық материал, жұмыс дәптерден тұрады. Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне мектеп жасына дейінгі (5-6 жастағы) балаларды ағылшын тілін үйретуге арналған.

  5. Дидактикалық материал мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге ағылшын тілін қызықтыра үйретуге көмектеседі.

Осы оқулық материалдарды қолдана отыра - иммитация;

- визуалды, музыкалық, пластикалық бейне құру. Зерттеу әдісі ретінде сабақта вербалды емес оқыту амалын басым қолдану (суреттер, бейнелер, музыка және би).

- үйрету ойындарын қолдану;

- жұмбақтар;

- жетістік әдісі шамалағандай, балалардың өзін- өзі бағалауы мен алатын орнының жоғарылауын, психологиялық кедергілерін жоюға көмектесетін шағын қойылымдарды сахналауымен ерекшеленеді,

Курстың жүргізутәртібі:Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы керек.Оқыту мөлшері 10 минуттан кем емес 20 баладан артық болмауы талап етіледі.

Курс кімдер үшін ұйымдастырылады: «Қызықты ағылшын»курсы мектеп алды даярлық сыныптарына ойын түрінде құрылған бағдарлама.

Оқушылардың білімі мен икемділіктеріне қойылатын талаптар: Оқушы бағдарлама материалдарын оқу нәтижесінде

  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйренеді;

  • фонетикалық есту қабілетін дамыйды;

  • ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйренеді;

  • зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыйды;

айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін қамтиды.

Мақсаты:

  • мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы лингвистикалық қабілеттерін дамыту;

  • Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

Міндеттер:

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

  • мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

  • фонетикалық есту қабілетін дамыту;

  • ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

  • зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

  • мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

Бағдарлама құрылымы:

  • Титулдық бет

  • Жоғарғы санатты мұғалімнің және жоғарғы оқу ЖОО оқытушының пікірі

  • Түсінік хат

  • Оқытылатын курстың мазмұны

  • Оқу тақырыптық жоспары

  • Мұғалімдер мен оқушыларға ұсынылатын әддебиеттер тізімі

  • Әдістемелік нұсқаулар

  • Қосымша материалдар

Оқытудың көлемі мен мерзімдері:Аптасына 1 рет мектеп алды даярлық сынып бойынша жылына 33- сағат берілді.Бұл курс бағдарламасы 1 жылға арнап құрастырылған.Және сабақтың уақыты 40 минуттан аспауы қажет.

Оқу үрдісін ұйымдастыру формалары: Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Материалдық-техникалық база:

  • Таратпа қағаздар

  • Ғажайып әріптер

  • Түрлі карточкалар

  • Дидактикалық ойындар

  • ИКТ тақтасымен жұмыс

  • Видео көрсету

  • Аудиожазбалар тындату

Негізгі қағидалары:

Өзектілігі:Оқушылардың жеке дамуына жол ашу,сауттарын ашу,қызуғышылықтарын арттыру.

Ғылымилық:Оқушылардың танымдық,есте сақтау қабілеттерін арттырып,белсенді оқуына икемдеу.

Бірізділік:Курс бағдарламасы бойынша берілген тапсырмаларды жеке-жеке орындалуымен ерекшеленеді.

Тәжірибелі бағыты: Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың жанұясы мен жалпы мәдени даму ерекшеліктеріне баулу.


Қызуғышылығы: Ойын түрлері арқылы ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

Шынайлылық:Берілген бағдарлама мазмұны берілген 33саағат көлемінде игеру.

Курсты бағдарлау:Оқу барысында оқушының білімі тереңдетіледі,дүниетанымы кеңейеді,оқушының ғылымға жол ашуына қызуғышылығы артады.

Оқытудың әдіс- тәсілдері

  • Фонетикалық ойындар;

  • Сөздік ойындар;

  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;

  • Сергіту ойындары;

  • Сан есімге байланысты ойындар;

  • Дидактикалық мақсаттағы ойындар;

  • Тақпақтық үлгілер;

  • Рөлдік ойындар, сахналау.

  • Күтілетін нәтиже : Балаларда шет тілі туралы білімді қалыптастыру;

  • Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • белсенді сөйлеуді дамыту;

  • балаларда еститін дыбыс үйлесімі мен сөздерге еліктеу дағдысын қалыптастыру.

Жылдың соңына балалар ағылшын тілінде сөздер мен дайын сөйлеу үлгілерін білуі тиіс:

Мен …(есімі).
Мен … (жасы).
Мен … көремін
Мен … білемін
Мен … жақсы көремін
Менде … бар
Мен … істей аламын

Сен неше жастасың?
Сенің атың қалай?
Сен ... істей аласың ба
?
Сенде ... бар ма?
Сонымен бірге 7-10 тақпақтар, ұйқастар мен әндерді білуі керек.

Қорытынды бақылау:Курс бағдарламасына қалмай қатысу,берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.Сабақтың барысында танымдық ойын сабақтарға белсене қатысу өзінің білім деңгейін бағалау «Қызықты ағылшын» курсы тоқсан соңында сынақ тапсыру арқылы аяқталады. (1-2 жарты жылдықта).
























Оқу-тақырыптық жоспары


№

№

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1.Танысу (4 сағат)


1

1

Сәлемдесу, танысу.

Greeting friends.


1




2

2

How are you ?


1


3

3

How old are you?


1


4

4

Where are you from?


1



2. Ойыншықтар(3сағат)




5

1

Менің ойыншықтарым. My toys.


2


6

2

What’s this?


1





3.Жыл мезгілдері(4сағат)

7

1

Жыл мезгілдері. Season


2


8

2

Weather. Ауа-райы.



2


9

3

Can you …?





4. Сиқырлы сөздер(7сағат)

10

1

Pleaese.Thank you.


1


11

2

How many balls? What colour are they?


1


12

3

Уақыт.

Time.


2


13

4

Киімдер.

Clothes.


2


14

5

Түстер.

Colours.


1


5.Аңдар(5 сағат)

15

1

Жабайы аңдар.

Wild animals.


2


16

2

Үй жануарлары. Domestic animals.


2


17

3

Big-little


1


6. Дене мүшелері(3сағат)


18

1

Дене мүшелері.

Body parts.


2


19

2

How many eyes have you got?


1




7.Отбасы мүшелері(2 сағат)

20

1

Менің отбасым.

My family.


1


21

2

I have got.....

I haven’t got


1


8. Тағам түрлері(4 сағат)

22

1

Тағам.

Food.


1


23

2

Жемістер.

Fruits


1


24

3

Көкөністер.

Vegetables.


2
































Қорытынды

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


Оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.

Шетел тілін оқыту - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.

Сонымен, шетел тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ағылшын тілін оқыту барысында балалар қамтиды:

- танымдық қабілеті;

- өзіндік шығармашылық әрекеті;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

Сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету; қажетті кезендерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу; жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушыларды ойлау лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;оқушыларға мәтінді өз бетімен оқыту, мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;

Мәтіннің мазмұның толық түсінуді талап ету,мәтінді екінші мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру. Мәтіннің мазмұнын айту;Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.Шетел тілі сабағында оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлері бар: Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері: Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық материалдарды қайталау;

Бағдарламаны іске асыру шарттары

- сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;

- сабақта алуан түрлі көрнекілектерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, аплиациялар, альбомдар, сызбалар, кестелер, сөзжұмбақтар) кеңінен қолдану, әсіресе ойындар мен ойын элементтері;

- сабақта жаңа педагогикалық технлогияларды (жою әдісін және т.б.) пайдалану.













































Пайдаланылған әдебиеттер:


1.«Әдістемелік құрал»

2.Шишкова И. А., Вербовская М. Е.Английский для малышей,М.: ООО «Издательство «Росмэн – Пресс», 2011.

3.Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004.

4.Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001

5.Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005

6.Стронин М. Ф. Обучающие игры на уроке иностранного языка. М., Просвещение, 1984







































КЕЛІСІЛДІ:

Абай аудандық білім бөлімінің

Әдістемелік кабинет

меңгерушісі

_________С.ӨБалтабаева

«_____»__________2019ж





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі