400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп Асханасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:


Мектеп Асханасы .

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар.

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:


Сынып: 1

Қатысқандар:27

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)

ажырату және дұрыс дыбыстау.

5 минут


Барлық оқушылар; Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндайды.Дыбыстың түрлерін ажырата алады.

Көпшілік оқушылар; Мәтіндегі сөздерді ажыратады,тексеріп, құрастырып, қателерін түзеп жазады.


Кейбір оқушылар; Мұғалімнің көмегімен бірнеше сөздер құрастырады, ажыратады.Көшіріп жазады.

Бағалау критерийлері


Мәтіндегі оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды. Сөйлемдердің қатесін тауып,құрастырады. Мұғалімнің көмегімен бірнеше сөз құрайды.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Асты қадірлеуге үйрету.

Пән аралық байланыс

Көркем еңбек,дүниетану, математика.

Алдыңғы оқу:

Дыбыстар мен әріптерді атап айта алады.

Жоспар




Сабақтың басы

10минут

Мектеп асханасы

1-жаттығу. «Суретті әңгімелеу»

Мақсаты: Оқушыларға мектеп асханасында түрлі ережелерді сақтауды үйрету. Дауысты дыбыстарды қайталап еске түсіру.

Мәтінді тізбектетіп оқыту. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтарға жауап алу.Оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында: Оқушыларды бір-бірімен сөйлестіру.

1) Асханаға кірерде не істеу керек?

2) Түскі асқа қандай тағам аласың?

Тақтадан «Мектеп асханасы» деген сөзіміздің әр сөзін жіктеп айтамыз . Мәселен: Е, А,Ы әрпі дауысты дыбыстар.

Слайдтан суретті үлкен көлемде көрсету.

Дауысты дыбыстар жазылған демонстрациялық плакаттар.

Дескриптор

Оқушылар суреттерді әңгімелей алады. Мектеп асханасы туралы біледі.Дауысты дыбыстарды атап айтады. Өз ойларын бір-біріне жеткізеді.


Сабақтың ортасы



15 минут

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Сөйлемдердің қатесін түзеп, дұрыс құрауға үйрету Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі сөздерден дауысты дыбысты табу. «Мынау – мектеп асханасы» сөйлемді оқушылар жуан және жіңішке дауыстыны қайталап айтады.

Жазылым дағдысы.

2-жаттығу. Көркем жаз.

3-жаттығу. Сөйлемдерді барлығы оқиды. Қатесін табады,құрастырып, көшіріп жазады.

Балалар, күшік сөздеріндегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке ме? Тақтада көрсету. Қайталап жаттығу.

Слайдтағы сөйлем,араласып, қатемен жазған сөйлемдер.

Плакаттағы жазу.

Балалардың суреті, күшіктің суреті.

Дескриптор

Дауысты дыбыстарды табады. Жуан және жіңішке дауыстыны ажыратады. Сөйлемдерді дұрыс құрастырады. Көркем көшіріп жаза алады.


Сабақтың соңы

10 минут

«Сөз құра»

Мақсаты: Мұғалім көмегімен шашыраған әріптерден бірнеше сөз жасайды.Сөздердің жуан және жіңішке дауыстыларды атап айтады. Үлкен парақта жазылған әріптерден құрайды.

4-жаттығу.

Тақ,жап,бал,тал,жақ.(жуан дауысты)

Жер,тес,кес,шет,кеш.(жіңішке дауысты)

Үлкен парақтағы әріптер.

Дескриптор

Дыбыстардан сөз құрайды.Сөздерді оқиды.Құраған сөздерді жазады.


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

1. «Суретті әңгімелеу»

Мақсаты: Оқушыларға мектеп асханасында түрлі ережелерді сақтауды үйрету. Дауысты дыбыстарды қайталап еске түсіру.

Мәтінді тізбектетіп оқыту. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтарға жауап алу.

2. «Кім шапшаң?» Мақсаты: Сөйлемдердің қатесін түзеп, дұрыс құрауға үйрету.

3. «Сөз құра» Мақсаты: Мұғалім көмегімен шашыраған әріптерден бірнеше сөздер құрастырады,ажыратады.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрімен

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Рефлексия

1.Бағалау критерийлеріне тренерім кері байланыс берді. Кері байланысты ескеріп,өзгеріс енгіздім.

2. Әріптестерім 3-тапсырмамның тақырыбын өзгертуді ұсынды. Ұсынысты дұрыс қабылдап, тапсырмамның тақырыбын өзгерттім.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі