жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
|
Пәні: Сауат ашу |
№176 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі: Мухаметжанова Нургуль Советовна |
||||||||||||
|
Күні: 10.04.2018ж Сынып: 1 «Д |
Барлық оқушы саны: 33 |
||||||||||||
|
Қатысқаны: 33 |
Қатыспағаны: |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. (Пысықтау сабағы) |
||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары (ортақ,тақырып) мектептің маңызын түсіндіру |
Барлық оқушылар орындай алады: Жаңа білімді меңгереді. |
||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаты |
Оқушылар орындай алады: Өлең шумағына сай сөйлемдерді орналастырады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады. Нақты сөйлеу арқылы,сұрақтарға жауап беру арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады. Берілген дыбыстардан сөз құрап, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата алады. |
||||||||||||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: асхана, мектеп, дыбыстар, дауысты, жуан, жіңішке. |
|||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
|
|||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Қазақ тілінде қанша әріп бар? Дыбыстар қаншаға бөлінеді? Дауысты дыбыстарды ата? Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бір – бірінен ажырата аласың ба? |
|||||||||||||
|
Ишара: жуан дауысты дыбыстарды қызыл түспен жіңішке дауысты дыбыстарды сары түспен бояу арқылы ажырату. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, ана тілі, денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Жазбалар , таныстырылым. |
||||||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Асхана - столовая |
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар слайдтар. (Оқушылардың іс-әрекеті) |
|||||||||||
|
Ұйымдастыру. Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 1- 2 мин |
Үлкенгеде сіз, Кішіге де сіз, Салем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. |
Оқушылар келген қонақтармен амандасады. |
|||||||||||
|
Топқа бөлу 3 мин Бағалау парақшасымен таныстыру. 1 мин |
Әр оқушының орындығында хат қалта жабыстырылған. Сол хатқалтаның ішіндегі тағамдардың атауымен балалар топтасады.
Балалар топтасып болсақ, әр топтан топбасшы сайлап, біз бүгінгі сабағымызды 4 топ болып сайысып өтеміз. Тасырманы жақсы орындаған топқа суреттер беріледі сол суреттерді потерге жабыстырып, постерде берілген атауларды толық жинап жабыстырып отырамыз. Суреттерді толық жинаған топ жеңімпаз болып табылады. Белсене қатысқан оқушыға жұлдызша беріліп, жеке бағаланып отырылады. |
Ортада жеміс, жидектер, сусындар және тәттілер жазылған парақшалар. Бағалау парақшалары 4 топқа үлестіріледі. |
|||||||||||
|
Негізгі бөлім Таныстырылым. 5-10 мин Дескриптор: Сабақтың ортасы 15-20 мин Дескриптор: Дескриптор: Дескриптор: Сергіту сәті 2 мин Сабақтың соңы 5 минут Рефлексия |
Балалар тақтаға қараңыздаршы слайдтан ненің суреттерін көрдік?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Жуан және жіңішке дыбыстарды ата?
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі пысықтау сабағымызды бастайық . Мен сендерге ар турлі әріптер таратып беремін ал, сендер сол әріптердің ішінен маған жуан және жіңішке әріптерді тауып, берілген ақ параққа жабыстырып көрсетіп беріңдерші? Белсене қатысқан топқа сурет беріледі. Жуан және жіңішке әріптерді ажырата алады. №1 Тапсырма 1-жаттығу Оқулықта берілген өлеңді 4 топқа 4 шумақ сөздерін қып беремін. Адасқан өлең шумақтарын оқушылар өздері оқып, тауып өлең шумағын құрастырады. Әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оқып береді. Әрі қарай оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастырып,оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасаймын. Өлеңді нақышына келтіріп, оқу түрлерін қолдана алады №2 Тапсырма 2-жаттығу Сөзжұмбақы шеш
Оқушылар ребусты шешеді, тиісті тор көздерге орналастырады.
Ребустың жабауабында шыққан аспазшыға байланысты сурақтарға жауап береді..
Мәтін иллюстрациясы бойынша болжай алады. 3-жаттығу. Дәптермен жұмыс. Көркем жаз. Ас – адамның арқауы. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.
№4 Тапсырма 4-жаттығу Суретке қарап,дүкен сөресіндегі тағам түрлерінен пайдалысын таңдап алыңдар.Содан соң пайдалы екенін дәлелдеңдер.
«Әріптен сөз құра» «Кім шапшаң?» Әр топ адасқан әріптерден пайдалы тағамдардың атын құрастырады. Жуан дыбыстарды қызыл, жіңішке дыбыстарды сары түспен бояйды. «Шапалақ пен бас аяқ» Дауысты дыбыстарсөз ішінде жуан айтылса оқушылар шапалақтайды, жіңішке айтылған сөз болса, аяқпен жерді соғады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушылардың жинаған жұлдызшаларын санап, жұлдызшалар бойынша жеке бағаланады. Топ бойынша постерге жабыстырған суреттері бойынша топппен бағаланады. «Жеміс ағашы» оқушыларға үш түсті алма беріледі. Егер, сабақты толығымен түсінсе онда піскен қызыл алманы, егер сұрағы бар болса сары түс алманы, ал түсінбеген болса піспеген жасыл алманы алып жеміс ағашына орналастырады. |
Сабақтың тақырыбына байланысты мектеп асханасының слайды көрсетіледі. Сематикалық картамен жұмыс. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша таратылып отырады. Топпен дұрыс жауап берген топқа суреттер беріледі берілген суретті постерге жабыстырады. Оқылым. Тыңдалым. Оқулықпен жұмыс. Топпен және жеке бағаланады. Ребус бойынша слайд корсетіледі. Жауабын тақтаға жазады. Жауабында аспазшының аты Самат шығады. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Жазылым. Сергіту сәтіне арналған жинақ Оқушылар шатаспай орындайды. Топпен жане жеке бағаланады. Көп сөз құрастырған топқа тағамдардың суреті үлестіріледі.
Кері байланыс жасалынады.
Алмаларды ағашқа жабыстырады. |
|||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген