400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп асханасында. Н дыбысы жəне əрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзді буынға бөлу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Мектеп асханасында. Н дыбысы жəне əрпі

Күні:03.10.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып: МАД «В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Н дыбысының орнын ажыратады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Н дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Н дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдайды, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айтады. Н дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Балар педагогтің көмегімен əр тапсырманы орындау барысында толық жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Өлең жолдарын қайтала.

Н əрпінің бейнесі неге ұқсайды?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Өткен ҰОҚ алған білім

А əрпі дауысты жуан. А дыбысынан басталатын сөздер ойлап табады. Сөздің қай буынында а дыбысы естілетінін ажыратады.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Т)Педагог балаларды екі топқа бөліп тұрғызып, «Диірменші мен егіндер» ойынын ойнатады.

Ойын шарты: Бір топтың балалар диірменші, екінші топтың балалар егін болады. Педагог «диірменші» деп айтқанд сол топтың балалары қолдарын, белдерін айналдырады, ал «егін» деп айтқан кезде сол топтың балалары қолданы жоғары көтеріп жайқалады.

Ойын 2-3 рет қайталанады қателескен балаларды екінші топқа ауыстырады.

Педагог мектеп ішіне сырттай саяхаттайтындарын айтады:

-Дəмді иіс шығады. Ол нан пісіретін орын – наубайхана. Онда мейірімді адамдар жұмыс істейді. Наубайханада тəтті тоқаштар мен дəмді, жұмсақ нан пісіреді.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

– Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Педагог сұрағына балалар толық жауап береді, Балалар өз ойларын айтады.

Педагог қорытындылайды. Үстел басында қандай тəртіп ережелерін сақтау керектігін сұрайды.

– Ас ішер алдында қол жуу керек.

– Қасыңдағы адамдарға «Асың дəмді болсын!» деген жақсы тілек айту керек.

Үстел үстіне ыдыстарды қалай қою керектігі туралы түсіндіреді. Тамақ уақытында балалардың қолданатын заттары туралы сұрайды.

Тамақты уақытында ішу керек екенін жəне пайдалы тағамдарды жеудің денсаулыққапайдасы туралы айтады. Суреттегі таныс заттарды атайды.

Педагог Н дыбысы естілген сөздерді қайталайды. Оларды балалар буынға бөледі.

2-тапсырма. Өлеңін педагог суретті көрсете тұрып оқып береді. Өлеңді балалар мазмұндайды, қайталайды.

Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар! Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар!

3-тапсырма

Н əрпімен танысады.

Н əрпіне ұқсайтын заттарды педагог көрсетеді. Балалар Н дыбысын қайталау арқылы оның айтылуына қарап дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ол көк түспен берілген. Педагог балаларға Н дыбысының айтылуын үйретеді. ерін сəл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады.

Екі тіреу, басқышы біреу. (М. Əлімбай)

Суреттегі сатының Н əрпіне ұқсайтыны түсіндіреді. Балалар Н дыбысына ұқсас заттарды атайды.

(Ұ) Сергіту сəті

Педагогтің қалауы бойынша балалардың айтып жүрген тақпақтарының бірін айтқызады.

Балалар орындарынан тұрып өлеңді қимылмен қайталайды.

4-тапсырма

Педагог көк түсті ермексаздан Н əрпінің бейнесін жасап көрсетеді.

Балалар көк түсті ермек сазды таңдап алып, Н əрпінің неге ұқсайтынын еске ала отырып, ермек саздан жасайды.

Н əрпінен басталатын сөз айтады. 5-тапсырма

Суреттегі бейнелерді атайды.

Педагог балаларға тышқанның ініне жетуіне көмектесуін өтінеді.

Балалар тышқанға көмектесіп жолдарды қарындашпен қосады.

Н əрпін ауады жазып естеріне сақтайды. Əліппе-дəптерде берілген екі жолға Н əрпін


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог балалардың оқу қызметіндегі белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылай отырып, мадақтайды.

(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əртүрлі бейнедегі ірімшіктің суреті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі