«Мектеп, ата – ана, бала арасындағы байланыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп, ата – ана, бала арасындағы байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектеп, ата – ана, бала арасындағы байланыс тақырыбында ата-аналармен өткізілген тренинг туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мектеп, ата – ана, бала арасындағы байланыс»

Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ – жауап, тест психологиялық жаттығулар, постер қорғау.

Тренинг бағдарламасы:

1. «Танысу жаттығуы»

2.Топқа бөлу

3. Ситуациялық сұрақтар

4. Кері байланыс «Ашық айтсам...» жаттығуы

5. Қорытынды

- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу. Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Мектеп, ата – ана, бала арасындағы байланыс» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Жүргізуші: Алдымен бір – бірімізбен танысып алайық.

1.«Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Ол үшін өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен әдепті – Әйгеріммін

Мен сәнді – Сандуғашпын

Мен гүлдей – Гүлнармын

Мен айдай – Айдынмын

2.Топқа бөлу. Ол үшін мындағы түрлі қағаздарда әннің сөздері жасырынған. Соларды алып сол бойынша әннің сөзін құрастырып топқа бөлінеміз. Содан соң сол әнді топ болып орындап береміз.

Берілген әннің мәтіні.

А) Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен – қара орман.


Ә) Жас едім өмірге еркін бойламаған Күні ертең не боларын ойламаған

Шарықтап кетсем дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Шарықтап кетсем дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған


Б) Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың,

Қанаты самғаған,

Балалық құштарым,

Өзіңе арналған.

3. .Постер қоғау.

Үш топқа тақырып беріледі. Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ. Жаңаша білім берудің тиімділігі қандай?

2 топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

3топ. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?

Ситуациялық сұрақтар

1-жағдаят.

«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалімнің ұрысқанын, енді сабаққа

барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етер едіңіз?

5. Қорытынды

Бала дегеніміз – болашақ. Бaлаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Бала бақытының кепілі – ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2023
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі