жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп ауласында.
|
5-ұОқ. мЕКтЕП АуЛАсындА (сюжеттік аппликация) |
мектеп/мұ: |
|||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|||
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
||
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру. 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу). 0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу. 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -сюжеттік жапсырмада заттарды кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып орналастыра алады; -қайшыны дұрыс ұстауды, оны еркін пайдалануды біледі. |
|||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала алады; -бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық фигураны қиып алады. |
||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады; -қағаз түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады. |
||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -мақсаттарды іске асыру үшін бейнелеу материалдарын пайдалану нұсқаларын талқылау; -композицияны сөзбен түсіндіру арқылы нақтылау; -жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру; -түпкі ойды түсіндіру; -сұрақтар арқылы зат құрылысының пішінін нақтылау; -түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау; -тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау; Көптілділік: геометриялық фигуралар – геометрические фигуры – geometry figures. |
|||
|
|
негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -сюжеттік композиция, кесу, қиып алу, желімді пайдалану, мектеп ауласы, мектеп, ағаштар. |
|||
|
талқылауға арналған сұрақтар: Мектеп қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Сен қандай қағазды пайдаланасың? Қайшымен қалай жұмыс істеу керек? Жұмыс үстелін таза ұстау керек пе? Қай бөлшек бірінші болып жапсырылады? Мектепке не үшін бару керек? |
||||
|
Алдыңғы білім |
Объектілердің шамасы бойынша қатынасын білдіру, әртүрлі заттардың бөлшектерінің пішінін көру бойынша қарапайым дағдылар. Геометриялық фигураларды, түстер мен реңктерді білу. Қайшыны пайдаланудың техникалық дағдылары. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. Біздің топта күнбе-күн Жаттығулар жасаймыз. Қаз-қатар сапқа тұрамыз, Отырамыз, тұрамыз. Басымызды айналдырып, Созыламыз, бұрыламыз, Күлімдейміз, қол бұлғаймыз. |
Музыкалық сүйемелдеу. |
||
-
II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут
(ұ) Педагог балалардан сабаққа келе жатып нені көргендерін айтып беруді сұрайды. Мектеп ауласында не бар? Олардың қайсысын адам жасады, ал қайсысы табиғи болып табылады?
Тәрбиеленушілер ағаштардың, бұталардың, мектептің көлемдерін, түстерін айқындайды.
Оқып білім алады,
Сол мектептен балалар.
Педагог балаларға жұмыс үстелі жабдығының: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын тексеруді ұсынады.
Мектеп ауласының фотосуреттері.
Балалардың суреттері.
III. ұОқ-нің
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс
Педагог балаларға суретке қарап, онда ненің бейнеленгенін айтып беруді ұсынады.
Тәрбиеленушілер аула мектебінің жапсырмасын қандай тәсілмен істеуге болатынын айқындайды.
(Ж) Практикалық жұмыс: педагог тәрбиеленушілерге қағазбен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін көрсетеді. Қағазды ширатады, жапсырады, жыртады, қияды, бүктейді. Балалар тәжірибеге қатысады.
Педагог балаларға жапсырудың белгілі тәсілдерін пайдалана отырып жұмыс жасауды ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
«қайырлы таң».
Қайырлы таң, көздерім! (Сұқ саусақпен көздерімізді сипалаймыз). Сендер ояндыңдар ма?(Саусақтардан «дүрбі» жасап, онымен қараймыз). Қайырлы таң, құлақтарым! (Қолымызбен құлақтарымызды сипалаймыз). Сендер ояндыңдар ма? (Қолымызды құлақтарымызға «Чебурашка» тәрізді тақаймыз).
Қайырлы таң, қолдарым! (Кезеккезек қолдарымызды сипалаймыз).
Сендер ояндыңдар ма? (Шапалақтаймыз).
Қайырлы таң, аяқтарым! (Тізелерімізді сипалаймыз).
Сендер ояндыңдар ма? (Аяқтарымызды топылдатамыз).
Қайырлы таң, алтын күн! (Қолдарымызды жоғары қарай созып, күнге қараймыз).
Біз ояндық!
(ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы.
Мектеп құрылымының бөліктерін анықтаңдар – қабырға, шатыр, есік- терезелер. Балаларға қажет болуы мүмкін әзірлемелердің геометриялық фигураларын атауды ұсыныңыз. Балалардың мектеп бөліктерінің пішіні, өлшемі және орналасуы туралы түсінігі болуы тиіс.
Қиып алу кезінде қағаз түсі мен текстурасын таңдауға ерекше назар аударыңыз (балалардың барқыт немесе қатпарланған қағаз пайдалануы да мүмкін).
Балалар түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алуы тиіс. Ол мектеп ғимараты болады.
Тіктөртбұрыштан трапеция пішінді шатыр қиып алынады. Трапеция пішінін қиып шығару үшін таспаның екі қарама-қарсы жіңішке жақтарын бір-бірімен қосып, қиғаш сызық бойымен бұрышы қиылады.
Қағазды диагоналі бойынша екіге бүктеп, қарама-қарсы бір бұрыштан екіншісіне дейін қиғаштап қию арқылы үшбұрышты шатыр жасалады. Әзірлемеден таспаларды қиып, оларды тіктөртбұрыш немесе шаршы етіп қию арқылы терезе жасайды.
Көкорай шөп жасыл түсті қағаз парағына салынған иректі сызық бойы- мен қиып алынады.
(Балаларға тіктөртбұрышты тігінен екіге бүктеп, ағаштардың сұлбаларын қиюды ұсыныңыз. Қағаздың бүктеу сызығы ағаш бұтасының ортасына дәл келуін қадағалай отырып бүктелген қағаздың бір жағына жай қарындашпен ағаштың жарты сұлбасының суреті салынады және қиып алынады. Балалар дайындалған бөлшектерді жазған кезде ағаштың сұлбасы дайын болады.
Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып бөлшектерді негізгі параққа орналастырыңыз. Педагог тәрбиеленушілерге аппликацияда
Әліппе-альбом,
тақырыбы
иллюстрациялық
бойынша жұмыс
материал.
6–25 минут
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаздар,
жай қарындаштар, ПВА
желімі (немесе қарындаш-
желім), желімге арналған
жаққыш, шүберек,
клеенка.
|
|
ғимараттардың және т. б. нысандардың дұрыс орналасуын көрсетуге көмектеседі. Балалардың назарын бейнелеуді өз беттерінше жобалауға, жұмысты қиюдан бастауға, алдымен көлемді бөліктерін жапсыруға, со- дан соң кіші бөліктермен толықтыруға және соңында өзгешелік сипат беретін бөліктермен аяқтауға аударады. Барлық бөлшектер негізге кезектілікпен жапсырылады. (ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережесі ҰОҚ барысында педагог тәрбиеленушілердің назарын қағазды түзу сызық бойымен қиған кезде қайшының ашасын кең ашпау және соңына дейін жаппау керектігіне аударады. Қайшымен қиған кезде қайшының ұшын ғана пайдалану керек. Қайшымен жұмыс істеген кезде баланың қайшыны емес, қағазды бұруына назар аударады. Жұмыс орнын ретке келтіру қажеттілігі туралы ескертеді. |
|
|
IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут |
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау. Педагог балаларды бір-бірін бағалауға тартады. Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын кейіпкерлеріне не бүкіл сыныпқа дауыстап айтады: Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің? Бүгін саған кім көмектесті? Сен нені жасай алмадың және не себепті? Келесіде оны жасау үшін не істейсің? Ең қиыны не болды? Ең қызықтысы не болды? Тағы да нені жасай алмадың? Сабақтағы жұмысы үшін кімге алғыс айтар едің? |
Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарайды. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген