400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп басшыларының кәсіби құзіретттіліктерін дамытудағы - аралас оқыту «Blended learning» режиміндегі курстың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазіргі педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы мектеп директорларының кәсіби құзіретттіліктерін дамыту туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іркітбай Ғалым Бұлтұлы

«Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР Білім беру жүйесінің

басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің

біліктілігін арттыратын республикалық институттың

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы



Мектеп басшыларының кәсіби құзіретттіліктерін дамытудағы - аралас оқыту «Blended learning» режиміндегі курстың рөлі.

ХХІ ғасыр барлық салада, соның ішінде білім беру саласында цифрлық технологияның рөлі барған сайын артуда.

Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтар Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын тиімді қолдануды ұсынған болатын. Онда «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз және бұл – маңызды кешенді міндет» делінген.

«Өрлеу» БАҰО Ұлттық портал құрылды. Біліктілікті арттыру жүйесінің Ұлттық порталы – педагогтар үшін «Blended learning» форматында білім беру бағдарламмалары жүзеге асуда.

2019 жылдың 09 қыркүйек- 04 қазан аралығында  «Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт базасында «Білім берудің жаңа парадигмасы контекстіндегі орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбында Ақмола облысынан келген 35 орта білім беру ұйымдары директорлары аралас оқу «Blended learning» режиміндегі біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курстың мақсаты – қазіргі педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы мектеп директорларының кәсіби құзіретттіліктерін дамыту. 

Курс бағдарламасы 3 бағыттағы 6 модулге созылған 80 академиялық сағатқа есептелінген. Олар мынадай бағытта:

1 кезең – күндізгі оқу – 16 сағат (курстың алғашқы және соңғы күні);
2 кезең – онлайн оқу (вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес беру) – 8 сағат;
3 кезең – өз бетімен оқу (тыңдаушының өз бетінше білім алуы) – 56 сағат.

Бұл әдістеме мен қашықтықтан оқыту технологиясын үйлестіруді қамтамасыз ететін аралас «Distance learning» – қашықтан, «Face-to-face Learning» – аудиторияда, «On-line learning» – ғаламтор арқылы оқытатын жүйелер.

Тыңдаушылар мектепті басқарудың ұстанымдары мен негіз болатын идеяларды; білім сапасын басқару аясында кәсіби құзіреттілікті дамытудың тетігі ретіндегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздерін; қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін, білім сапасын мемлекеттік бақылау процедураларын, енгізілген өзгерістердің мәнісін білді. Сондай-ақ педагогикалық менеджмент ұстанымдары бойынша мектепті басқарудың функционалдық негізі ретінде педагогикалық талдау жасау; мектепті басқару тәжірибесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланды.

Аралас оқытудың «Blended learning» оңтайлы жақтары оқу процесінің икемділігі, оқытудың қолжетімділігі, жеке тәсілдеме, өз бетінше жұмыстануға үйрету, ынтасын арттыру болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтар

Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Костина Е.В. Модель смешанного обучения (Blended Learning) и ее использование в преподавании иностранных языков//Известия высших учебных заведений. Серия: Гуманитарные науки. 2010. Т. 1. № 2. С. 141-144.

3. Information and Communication Technology in Education. A Curriculum for Schools and Programme for Teacher Development. – UNESCO, 2002. – 148 p. [Электронный ресурс]. – Режимдоступа: http://unesdoc.unesco.org/images/0012/001295/129538e.pdf



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі