Материалдар / Мектеп басшысы – қоғам көшбасшысы

Мектеп басшысы – қоғам көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп директоры – білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы негізгі буын болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
1330
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп басшысы – қоғам көшбасшысы

Мектеп директоры – білім беру саласындағы
өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы негізгі
буын болып табылады.

Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүретіні хақ. 

Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып  әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

            Жүрегі таза, пәк, шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған, жаутаңдаған жанарлары тұңғиық сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын ұстаздар емес пе? Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай-ақ болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; мұғалім педагогикалық қарым –қатынаста қызмет ететін тұлға болу керек; педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі  Жубер айтқандай «Оқыту деген екі есе оқу», — деп терең ой тастап отыр.

            Оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылау — мектеп басшысының үлкен абыройлы жұмысы. Сол білім берудің тиімділігі жоғары жүйелерінде басшылар оқытуды жақсарту, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударады. Олардың жұмысы оқу үрдісіне басшылық жасауға бағытталған.

            Өмір игілігін білуге үйрететін — тәжірибе. Басшының өмірлік тәжірибесі мол, кез келген ортада өзінің білгір ісін көрсетіп, алғырлығы мен біліктілігіне өзгенің сенімінін ұялата алатын тұлға.  Методика —  адам сияқты уақытпен жарыса дамып, өсіп жетіліп, керекті жерден орнын табады. Біз «жаңа методика, жаңа методика» деп жүріп. ғасыр жасаған жақсы методикалардан айырылып қалмайық, ескісіз жаңа болмайтынын да ескерген дұрыс па деймін?- деген сөздерге зер салып, мектебінің болашағын алыстан ойлайтын басшы.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам-деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, мен үшін «бақыт» деген тармағы кең ұғымның бір шеті осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде ұштасып жатыр.

Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.

«Жаңа формация басшысы — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті басшы, өзін — өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс — тәжірибемізде қолдану арқылы оқу — тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.

Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл — ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін — өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне — өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін — өзі үздіксіз дамытып отыратын тұлға.

            Мектеп басшысы құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар,  құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін қоғам алдында жауаптылық міндетін алып отырған білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ