Материалдар / Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектерге арналған қысқаша сценарий

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектерге арналған қысқаша сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
20 жылдық түлектерге арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

20 жылдық түлектердің кездесу кешінің сценарийі


1 - жүргізуші: Армысың, алтын – ұя мектебіміз!

2 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер, қадірлі жас түлектер!

1 - жүргізуші: Біз де осыдан 20 жыл бұрын алтын – ұя мектебімізден қимастықпен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққанбыз. Зымыраған уақыт – ай десеңізші!

2 - жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алатын, өміріңе нәр беретін алтын – ұя ғой.


1 – жүргізуші: Артқа салған кездесу жиырма жылды,
Сағынышпен шырқатып ән мен жырды.
Мектептегі бал күнді еске аламыз,
Сол шақтағы қызықты, бізге құнды.
2 - жүргізуші: Бұл күні отбасылы жандармыз біз,
Көңіліміз биікте, заңғармыз біз.
Сыныптастар, құрдастар аман болып,
Арайланып атсыншы таңдарыңыз.

174 орта мектебін 20 жыл бұрын бітірген ХХҮІІІ түлектердің атынан сөз кезегі Асанов Асхат пен Әбішев Мейрамбекке беріледі.

1 – жүргізуші: Бұл кездесу жанымызға нұр сыйлаған,
Алдарыңда шәкірттерің тұр қимаған.
Мектептегі естеліктер жанды тербеп,
Бұл кездесу ұмытылмас күй сыйлаған.

2 - жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі — жетекші бапкерлерде - деп, келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаздар, біздің аяулы сынып жетекшілеріміз Бәйменова Ләззат апайға, Асылбекова Шынар апайға және Сейтмуратов Нұрлыбек ағайға беріледі.


Ұстаздар мен мектепке сыйлық беру рәсімі


1 – жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер! Біз де осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім - тәрбиесін ала жүріп, болашағымыздың іргетас - фундаментін қаладық.

2 - жүргізуші: Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер!

1 – жүргізуші: Кішкентай бүлдіршіндерге айтар тілегіміз, ата-аналарыңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін.

2 - жүргізуші: Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, егеменді еліміздің білікті азаматы болып өсе берсін.

Мектеп бітіруші түлектер мен 1 – сынып оқушыларына сыйлық беру рәсімі

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

2 - жүргізуші: Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Рақмет!

































Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.

Күн келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын.
Келді олар артта қалған балалықтың
Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.

Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.

Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.

Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.

Осы ғой өмірдің де нандырмағы,
Жұлдызын жарқыратып жандырғаны.
Жиырма жыл - жиырма көктем, жиырма жазда
Сан түрлі болды олардың тағдырлары.

Сан түрлі өтті олар өткелдерден,
Ызғарлы, өтті-дағы көктем күннен.
Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен
Бас қосты сыр айтуға өткен күннен.

Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...





ЖИ арқылы жасау
22 Мамыр 2025
539
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі