2019 – 2020 оқу жылының мектеп
бітіруші түлектеріне арналған «Біргеміз: Түлек - 2020» атты
салтанатты жиынның сценарийі
Армысыздар, құрметті ұлағатты
ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші
түлектер!
Бүгінгі «Біргеміз:Түлек -
2020» атты аттестат алу жиынына қош келдіңіздер. Бүгінгі күн әрбір
жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп
өміріндегі соңғы салтанаты.сонымен қатар, биылғы жыл – Қазақстан
жылнамасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдық, Әл-Фарабидің 1150
жылдығы, Ұлы даланың Ұлы тұлғасы Ұлтымыздың мақтанышы Абай
Құнанбаевтың 175 жылдығы. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің
алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, отанымыз тыныш,
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! - деп салтанатты жиынымызды
бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін қандай шаттық толы күн еді, Көңіл
шіркін, тасып-толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын,ағайын! Нұрлы үмітін арқалаған арқаға, Жан
сәулесін тарататын баршаға, Түлектерді шақырайық ортаға! Қарсы
алыңыздар, «Горный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 11-сынып түлектерінің жетекшісі тарих
пәнінің мұғалімі: Лахан Тілек. 11 сынып түлектері: Нұрмағанбет
Заңғар Есенжолұлы, Нұрахымова Әймен Нұрланқызы, , Әміржанова
Камилла Жандосқызы , Тілек Еркеназ , Мазан Ұлжан Саматқызы,
Бақытова Аида Бақтиярқызы, Ержанұлы
Еламан.
Таусылмаса жүректегі асқақ
әнім, Тек биікте самғатам жыр қыранын. Азатпыз, Тәуелсізбіз,
Еркінбіз!-деп ҚР мемлекеттік гимн
орындалсын.
Сөздер айтар жастарымды
бастайтындай ілгері,-дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп
дирекорының міндетін атқарушы: Н.М.Слямгазинаға беріледі. Өрендер
кетті, сендерден енді балалық, Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол
ашып. Кетігін елдің жетілдір ер бол азамат, бір кірпіш болып
дүниеге мына қаланып. 11 жыл оқып, білімің түсті қорлана Аттестат
алғалы тұрсың осынау ордада. Аттестат деген- азаматтық куәсі,
Аттестат деген-өмірге берген жолдама – дей келе көптен күткен
қуанышты кезең, 11
жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.
(Салтанатты түрде аттестат тапсыру) Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым. Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып-деп, келесі құттықтау сөз кезегін 11
сынып жетекшісі Лахан Тілекке және алғаш қолдарына қалам ұстатқан
ұстаздары Ахметқалиева Камалия Мұқанқызын ортаға шақырамыз. Ата-ана
тәрбиелеп балапанын, Әлдилеп, аялаған алақаның, Болашақта бақ тілеп
тұрасыңдар, Ойлау менен алдағы бала қамын – дей отырып, сөз кезегі
жас түлектердің ата- аналары
атынан...........................................................................................................................................
беріледі. Мектепке келгелі достармен, өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен, Қалайша,қалайша тараймыз. Қаз - қатар
тізіліп партамыз, тақтада ілулі картамыз. Он бір жыл білімге
үйреткен, Ұстазға мың алғыс айтамыз- балалық бал дәурен шақты артқа
салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттерімізге сөз
кезегін береміз.
11-сынып түлектеріне арналған
соңғы қоңырау соғу рәсіміне кезек бере отырып, қоңырауды соғу үшін
түлектерді ортаға шақырамыз.
Назар аударыңыздар! Салтанатты
сәт! Мектеп бітіруші түлектерге «Мектеп түлектері Кеңесінің
құрметті мүшесі» атағы берілді. МТА эмблемасы мен белгісін және
мектеп түлектері Кеңесі мүшесінің куәлігін табыстау құқығы 2011
жылдың түлегі Тлеукенже Нұрбол Ерболұлына
беріледі.
Өткен жылдың
түлегі:
-Осы сәттен бастап сіз мектеп
түлектері Кеңесінің «Горный жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толыққанды
мүшесісіз.
(Әуен ырғағымен белгілер мен
куәліктер табыстау жүргізіледі) Мектеп, мектеп, менің жарқын
көңілім Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім Мектеп, мектеп, әнім
болып төгілдің Мектеп, мектеп, ана болып
көріндің.
Қиындықтар мойытпасын
сендерді, Батылдық пен асыңдар сан белдерді. Білімің мен
қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар елді енді. Сіздерге
жалын жүрекпен айтамыз достық тілекпен. Әрқашан сәтті жол болсын
сапарларыңыз оң болсын-деп мектеп –ітіруші түлектерге ақ жол
тілейміз. Ұстаздар және мектеп түлектері, «Біргеміз: Түлек - 2020»
атты салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.
Салтанатты бөлімнен кейін
«Ағаш отырғызу» акциясына шақырамыз.
Бекітемін:
Мектеп директоры м.а.:
Н.М.Слямгазина
«Горный жалпы білім беретін
орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп бітіруші
түлектерге арналған «Біргеміз: Түлек - 2020» атты салтанатты
жиынның сценарийі
2019 – 2020 оқу
жылы