400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ҰБТ-ге деген жағымсыз нәрселерден, қорқыныш, қобалжу, үрей секілді түрлі сезімдерден арылуға көмектесу; Түлектердің өздерін ұстауға, өздеріне деген сенімділіктерін артыруға және жағымды көңіл-күй тудыруға жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау


Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге деген жағымсыз нәрселерден, қорқыныш, қобалжу, үрей секілді түрлі сезімдерден арылуға көмектесу;

Түлектердің өздерін ұстауға, өздеріне деген сенімділіктерін артыруға және жағымды көңіл-күй тудыруға жағдай жасау.


Бұл психологиялық қолдаудан біз қандай нәтиже күтеміз?

  • Оқушының өз-өзіне деген сенімділігі артады;

  • Тұлғаның бойында қобалжу деңгейі төмендеп, сенімді мінез-құлық дағдылары дами түседі;

  • Жетістікке жетудегі қабілеттері қалыптасады;

  • Оқушының бойында жағымды психологиялық ахуал орнап, көңіл-күйлері жоғарлайды.


Сұрақ-жауап:

  • Қобалжу дегеніміз не?

  • Адам қандай жағдайда қобалжиды?

  • Үрей дегеніміз не?

  • Қобалжу, қорқу,үрейді жеңуге бола ма?


Оқушылар екі топқа бөлініп тапсырма орындайды.

1 топ- Үрейден арылу жолдарын тауып, кеңес беру.

2 топ- Үрейдің адамдарға әсері қандай?


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындағаннан кейін, ары қарай жаттығуларды орындамас бұрын «Көңілді күн» әнімен балаларды билетіп, көңіл- күйлерін көтеріп аламыз.


«Мәселені жою» жаттығуы: Оқушылар үрей мен қорқыныштың суретін қағаз бетіне бейнелеп, содан соң «Мен үрей мен қорқышты жеңе аламын» деп суретті мыжып қоқыс салғышқа тастайды.

«Биіктік» жаттығуы. Мақсаты: Тұлғаны өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.

Жаттығу барысы: Қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі: «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Мұнан соң тағы да былай деймін: «Енді барынша жоғары секір. Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».

«Мен-күнмін» тренингі. Мақсаты: оқушының өз-өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымақтастығын, бірігуін бақылау, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау.

Нұсқау: Күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.

«Тілектер» жаттығуы: Қатысушы оқушылар бір-біріне лебіздерін таратылған жүрекшелерге жазып, шеңбер бойымен беріп шығады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі