Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп біздің ортақ үйіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №25

Тақырып: Мектеп-біздің ортақ үйіміз

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, құрметтеу.

Мұғалiм: Елеусизова Ж.

Сынып: 2 А сынып

Оқушылар саны:25 

Сабақ мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-мектептегі мінез-құлық ережесінің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып, ұғындыру;

- ұқыптылық, жауапкершілі қасиеттерін дамыту,;

- ұқыптылыққа, жауапкершілікке, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Нұрға бөлену.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

27-бет "Менің мектебім" (Ж.Жайлаубекқызы)

Сұрақтар:

1. Атайдың өз мектебін мақтаныш етудің себебі неде?

2.Атасы мектебінде кімді (нені) асқақ, жарық, таза деді?Неліктен?

3. Сен өз мектебіңде кімді (нені) асқақ, ең жарық, ең таза дер едің?

3. Дәйек сөз.

Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз. ( Қ.Аманжолов)

Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу.

Дәйексөздің мәнін ашу.

Сұрақтар:

1. Ұстаз қандай болу керек?

2. Ұстамы жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Шәкірт ұстазынан озады дегенді қалай түсінесің?


4. Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйы:

Табанды  бала

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. 

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.  

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

Сұрақтар:

·  Бала өз мақсатына қалай жетті?

·  Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

·  Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма

Бұлттағы мінез сипаттары екі оқушының қайсысына тән деп ойлайсың?Сызықпен бағыттап көрсет.


6. Топпен ән айту. Мектебім, аяулы мектебім

1. Мектебім, аяулы мектебім,

Өзінсің өмірдің көктемі.

Нәр алып, қолымды созамын,

Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,

Күн сайын өзіңді сағына.

Сыңғырлап соғылды қоңырау,

Бар бала бағына,

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағында гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін

2. Келеміз қуанып біз дәйім,

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады,

Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,

Білімді санама түйемін.

Аяулы ұстаздар алдында,

Басымды иемін!


7. Үй тапсырмасы.

"Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін" мәтінін оқып келу. 29-30-бет.


Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12