жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МЕКТЕП БӨЛМЕСІН КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨСІМДІКТЕРДІҢ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Бақыршық орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
МЕКТЕП БӨЛМЕСІН КӨГАЛДАНДЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨСІМДІКТЕРДІҢ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Ғылыми жобаны орындаушылар:
9 «А»сынып оқушысы Темирханова Айдана
Ғылыми жобаның жетекшісі:
Биология пәнінің мұғалімі Караулова Гулден Ануарқызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
І тарау. Бөлме өсімдіктері жайында бірер сөз.........................................6
І.1 Гүлсіз болса –жер мұңды, Күлкісіз болса – ел мұңды…...9
І.2 Ашуды басатын бөлме өсімдіктері………………………….10
І.3 Жаман әдеттерден сақтайтын бөлме өсімдіктері…………15
І.4 «Шаңсорғыш» өсімдіктер…………………………………….15
І.5 Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады………16
І.6 Тікен кірсе жаныңа тілмен сылап аларсың,
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың……………..21
І.7. Әдемілік үшін өсірілетін гүлдер…………………………….22
ІІ тарау. Фитонцидтер……………………………………………………..23
ІІ.1 Тәжірибе…………………………………………………..........24
ІІ.2 Сауалнама………………………………………………………24
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………......25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……….………………………………....26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, еліне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз[1]. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Сондықтан да мектеп бөлмелерін табиғаттың жасыл желегі – бөлме өсімдіктерімен сапалы безендіру – әр мектеп ұжымының алдына қойылған үлкен міндет болып табылады. Адам баласы тәуліктің көп бөлігін жабық кенселерде өткізеді. (үй, жұмыс орны).[3] Бұл дәл шаң бөлшектерінің демалыс жұмыс орындарында жиналған жері, шаң өсімдік жапырағының тақтасында, бөлме жиһаздарында жиналып, тыныс жолдарының жұмысын бұзады. Шаңмен бірге көптеген микроорганизмдер, патогенді микрофлора түрлері де кіреді. Сондықтан жабық бөлменің ауа тазалығын қорғау, адамдардың денсаулығын сақтауда және аурулардың алдын алу үшін өте қажет.[10.]
Зерттеу нышандары: «Бақыршық орта мектебі» КММ-ндегі орта және жоғары буын сыныптары оқитын кабинеттердегі өсімдіктердің сандық, түрлік құрамы
Зерттеу мақсаты: Мектеп бөлмесін көгалдандыруда қолданылатын өсімдіктердің оқушы денсаулығына әсерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
-
Мәселеге теориялық тұрғыдан талдау жасау;
-
Бөлме өсімдіктерінің оқушының ағзасына және қоршаған ортаға әсерін анықтау;
-
Мектеп бөлмесін көгалдандыру үшін қолдануға болатын өсімдіктердің тізімін жасау;
-
Оқушылардың психикалық ахуалына өсімдіктердің тигізетін әсерін анықтау (сауалнама жүргізу).
Жобамен жұмыс кезеңдері:
1. Ең алдымен бөлме өсімдіктері және олардың ағзаға әсері жөнінде түрлі ақпарат құралдарынан ақпаратпен таныстық.
2. «Бақыршық орта мектебі» КММ-нде орта және жоғары буын сыныптары арасында сауалнама жүргіздік.
3. Алған жаңа білімді қолдана отырып, сонымен қатар сауалнаманы зерделей отырып, өз қорытындымызды шығардық.
Зерттеу болжамы: Мектеп бөлмесін көгалдандыруда қолданылатын өсімдіктердің оқушы ағзасына және қоршаған ортаға әсері:
-
Жасыл өсімдіктер бөлмені зиянды заттардан тазартады;
-
Өсімдіктер жаман ойлардан арылтып, адамның ойлау қабілетін тездетеді, сөйлеу мәнерін жақсартады;
-
Өсімдіктер шығармашылық қабілеттерді дамытуға, оқушылардың жүрек-қантамырлар жүйесінің, жалпы алғанда физикалық, психикалық және энергетикалық ахуалының жұмысына оң әсер етеді;
-
Бөлме өсімдіктері тұрмыстық техниканың және синтетикалық материалдардың зиянды әсерін азайтады, ыңғайлы орта қалыптастырады.
-
Бөлме өсімдіктері жайында бірер сөз...
Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр. Әрине, біз үшін бұл үлкен жаңалық.[6] Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «өсімдіктерде көздің орнына нәруыздар бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді, ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген”, сондықтан, гүлдеріңізбен сөйлессеңіздер болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.[5]
Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды. Тіпті, әр өсімдіктің өзінің әуенді қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Өсімдіктер де қобалжуға бейім, адам мен өсімдіктің арасында көрінбейтін, белгісіз бір байланыс орнатылады. Сондықтан болар, адамның көңіл-күйі жоқ кезде өсімдіктердің арасында жүрсе, жақсарып қалатындығы. Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлінің де нашар болып кететіндігі немесе мүлде өліп қалатындығы да бір емес, бірнеше рет дәлелденген құбылыс. Міне, осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын байқауға болады. Өсімдіктердің «миы» тамырында орналасқан, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар».[2]
Негізінен көптеген ағаштар да, мысалы, терек, көктерек, мойылдар адамға операциядан кейін, радикулит және онкологиялық аурулар кезінде жағымды әсерін тигізеді. Емен, қарағай, қайың ағаштары адамға күш-қуат береді. Сондықтан күніне 3-4 минут осы ағаштардың жанында тұру керек, тіпті, құшақтап алса да болады екен.[3].
Бөлме ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін кейбір өсімдіктердің эфир майын қолдануға болады. Эфир майы адамның ағзасына еніп, оның физикалық әсерін жақсартып, түрлі бактерияларға қорған болады. Сонымен қатар, қан құрамында лейкоциттердің көбеюіне әсер етеді. Қазтамақтар бүйрекке түскен салмақты жеңілдетіп, адамға тыныштық күйін бере алады.[4].
Өсімдік арқылы адам табиғаттан ала алмаған әсерін толтырады. Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге, мектепте міндетті түрде гүл өсіруге кеңес береді. Себебі, өсімдіктер өзінен ауадағы зиянды микробтарды жоятын фитонцидтер бөледі. Яғни, өсімдік өскен бөлмеде ауа үздіксіз тазартылып отырады.
Ғалымдар зерттеу жүргізіп, амарилис, агапантус, гиппеаструм, зиферантес гүлдерінің фитонцидтері, сарымсақтың фитонцидтеріне қарағанда, микробтарды тезірек өлтіретіндігін дәлелдеді. Бөлмеде хлорофитум, мирт, шабдаргүл, аспарақұс өсімдіктерін өсірген пайдалы, олар ауадағы ауыр металдарды сіңіріп алады. Ауадағы ылғалдылық айналымын үлкен жапырақтылар атқара алады. Олардың қатарына диффенбахия, филодендрон, антуриум, монстера, пілқұлақ, каучукты фикус гүлдері жатады. Тазарту процесінде өсімдіктің жапырағы негізгі қызмет атқарады.[9]
-
Гүлсіз болса –жер мұңды, Күлкісіз болса – ел мұңды (Адамның көніл-күйін көтеретін бөлме өсімдіктері)
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп - оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.[7].
Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.еріс шақырады.[8].
Қынагүл – айналадағы келеңсіз, шешімсіз жүрген мәселелерге душар болған адамдарға жақсы әсер етеді. Адамның бойында жақсы қасиеттердің пайда болуына көмектеседі. Бөлмеге қуатын шашып, адам-ның еңсесін көтереді.[11].

1-сурет
Цикламен - мінезі қиын, құбылмалы адамдарға өсіру керек. Адамның көңіл-күйін жақсартады. Сонымен қатар, адамның біреуден көңілі қалған кезде көмектеседі. Бұл дымқыл ауа және ағыл-тегiл суаруда қажетсiнетiн өте нәзiк өсiмдiктер. Оның айнымалы және қызу сипаты туралы шұбар жапырақтар айтады, бiрақ гүлдер айдай сұлу жарық айдай сұлу қуаныш және шабыттың куәлiк қағаздары. Цикламенге шабыттың энергиясын өзiне тән қасиет құрылсын, көңiлдi жақсарту. Оның адамгершiлiк организмның қабiлеттiлiгiне қоршаған ортаның кез келген зиянды әсерлерiне бейiмделуге ықпал етедi, сонымен бiрге өте аласа температураларды суыққа аллергиямен азап шегiп немесе ауыр көтеретiнi сол үшiн пайдалы.[13]

2-сурет
Фуксия
Бұл айдай сұлу, ағыл-тегiл суаруда қажетсiнетiн өсiмдiк. Парақ итжығыс, айнымалы фуксия табиғи жылжымалы күйдегi үйдiң атмосферасының энергетикасын қолдайды. Ол адамдарға сергектік, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Адам бойындағы жағымсыз энергияны тартып алып, адамға ерекше әдемілік, көтеріңкі көңіл сыйлай алады. Бұл өсімдік сонымен қатар кішкене балаларды жақсы көреді екен. Дәрігерлер бұл өсімдікті әсіресе баласы жоқ адамдарға сыйға тартқан жөн деп санайды. Сонымен бiрге оны өмірден туңіліп жүрген адамдарға сыйға берген пайдалы. Фуксия асқорыту жүйесiнiң аурулары, сүт бездерi, өт сақтайды. [16]

3-сурет
Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айларында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар.[14]Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

4-сурет
-
Ашуды басатын бөлме өсімдіктері
Аспарагус – ауадағы кері әсерлерді жояды. Адамның көңіл-күйін жақсартып, сенімділік сезімін қалыптастырады. Белсенді, тынымсыз адамдарға өсірген дұрыс. Бұл аспарагустiң түрi ойлар және рухпен әлсiз адамдардың сөздерiнiң энергиясынан атмосфераны тазартуға бейім. Кейде жағымсыз әсерлер жандарда ұзақ жығылмай тұрады. Аспарагустiң нәзiк әсерi гүл ренiштiктер туралы басқа күнделiктi тақырыптарға адам ауыстырып қоса ұмытуға көмектеседi.[15]

5-сурет Аспарагус (лат. Asparagus)
Қазтамақ – адамның ашуын басады. Ол адам ашуланғанда сабыр сақтап, тыныш-талуына әсер етеді. Ашу – жанұяның ты-ныштығын бұзады – сондықтан, қазтамақ болған ортада ты-ныштық пен татулық орнайды.[17]

6-сурет
Монстера – ретсіздікке ұшырап жатқан үйлерге қажет. Астан-кестен болып жатқан ортаға жағымды әсер етеді. Сабырлылық, бірқалыптылық сыйлайды. Барлығын өз орнына орналастыруға, ретке келтіруге атсалысады.[18]

7-сурет Монстера Адансона (Monstera adansonii).
-
Жаман әдеттерден сақтайтын бөлме өсімдіктері
Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі.
Традесканция – көре алмаушылық қасиетін жояды. Сондықтан жанында қызғаншақ адамдар барларға жақсы көмектеседі. Қызғаншақ, көре алмаушылық сияқты жаман әдеті бар адамдарды біраз сабасына түсіреді.[20]
8-сурет Традесканция Андерсона
(Tradescantia х andersoniana).
Эхмея – жылауық, жиі көңіл-күйі болмайтын адамдар үшін тиімді. Адамның көңіл күйін көтереді. Және де іші тар адамдарды жақсартып, жомарттыққа тәрбиелейтін де қасиеті бар.[8]

9-сурет Эхмея (лат. Aechmea)
Фикус. Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.[19]

10-сурет Ficus indica Ficus altissima
Эхмея жалтылдақ. Бұл өсімдіктер адам бойындағы мақтаншақтық пен жағымпаздыққа шыдай алмайды. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл гүлді жатын бөлмеге өсірмеген жөн. Ол адамды ұйқысыздыққа әкеп соқтырады. Сондықтан бұл өсімдікті қонақ бөлмеге, немесе кеңселерге өсірген жөн.[7]

11-сурет Эхмея (лат. Aechmea)
Сүттіген жалтыр.Бұл өсімдік нәзік жандыларды жақсы көреді. Және өзінің иесін жақсы көретіні соншалықты ол жағымсыз жаналық алып келген қонақты жек көреді екен. Ол үйге келген адамдардың жазымсыз энергиясын өзіне тартып, мейлінше өзінің қожайынына сол сөзді естіткізбеуге тырысады екен.[8;2]

12-сурет Сүттіген (ағылш. Euphorbia)
Блосфельда каланхоэ.Бұл еттi жапырақтары бар әдемi гүлдеген өсiмдiктер және ақ, сары, қызғылт сары, қызғылт немесе райхандардан тұрады. Ол әдетте сәуiрде гүлдейдi, бiрақ үй шарттарында жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.[2;3]

13-сурет Каланхоэ Блоссфельда
Агава
Бұл өсiмдiктер - таң ғажайып түрдiң (ащы алоэға қарағанда, бiрнеше ұқсас агаваға) тәттi шырынымен тыныштандыруға бас салған шырынды, еттi жапырақтары бар суккулент үйдiң атмосферасын татуластырады. Мысалы, агава адам тыныштандыра алады долылық, қайғыға ортақтаспаған махаббаттан сезгiш қанағаттанбау бастан кешiру ашу, ызаны болдырмауға тырысады. Адамға бұл өсімдік адамның ішкі сырын ішіне бугіп қалмауға көмектеседi.
Дымқыл агава жүйке жүйесi үшiн пайдалы, невралгияның тез емдеуiне мүмкiндiк туғызады. Сонымен бiрге ол зат алмасуды процесстi жақсартады, түршiгудi тез жазыла бастауына мүмкiндiк туғызады.[4;9]

14-сурет Agava Americana - американская. Agava Funkiana - функа.
-
«Шаңсорғыш» өсімдіктер
Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды сіңіреді, бөлмедегі адамды қобалжуынан, ашуынан, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды.
1
15-сурет
Хан бегониясы. Бегония адамдарға қиын жағдайларда тығырықтан шыға алмай жүрген адамдарға жақсы энергиясы арқылы тез шешім қабылдауға көмектеседі. Ол қабiлеттi және қарым-қатынастың қорқынышы жеңуге көмектесу. Бегониялар қызыл жапырақтармен шылымшылдарға және әлсiз қолқалары бар адамдарға үйге өте пайдалы.[12;17]

16-сурет Бегония (лат. Begonia) Display of (tuberous) begonias, Hampton Court Flower Show
-
Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады. (Табыс әкелетін өсімдіктер)
Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.
Жасаңшөп (ақша ағашы)
Өсірген жасапшөптің жапырағына аса көңіл бөлген жөн. Себебі жапырақ мейлінше үлкен болса ол мол қаржы алып келет деген сөз. Ал егер мейлінше ұсақ, көп болса ақша кішкене – кішкене жан жақтан мол қаржы келет деген сөз. Ақша гүлін өсіре отырып оған күнде монетка салып тұру керек. "Балықты қалай су қызықтырады, ақша менің гүлімді де солай қызықтырады." деп айтқан жөн. Жасаңшөп (толстянка) фэн-шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін тозаңдар адам ағзасына пайдалы. Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады. Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.[11;18]
Күй талғамайтындықтан қараңғылау бөлмеде де жақсы өседі.
Бөлме өсімдіктерінің әрқайсысына тән сенімдер бар. Көбі жасаңшөпті «ақша шақыратын өсімдік» деп жатады. Ағаш биіктеп өссе, жапырағы қалың әрі үлкен болса, қаржылық жағдайдың жақсаратынын білдіреді деп сенеді. Ал өсімдік жақсы өсуі үшін оған күтім жасау керек.
Гүлдің жақсы өсуі оны дұрыс отырғызудан басталады. Оның өскінін ешкімге көрсетпей (ұрлап) немесе сатып алады. Отырғызар алдында өскіннің түбін сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне «ақша шақырсын» деген ниетпен тиын салып, сонан соң гүлді отырғызады. Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады. Өте қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздың ыстығына төзімді болғанымен, қыста бөлме температурасын он бес градустан асырмау керек. Ыстыққа төзімді болу үшін өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде ғана суарады. Сұйық тыңайтқыштармен тыңайтады. Өсімдік биіктеп, ыдысы тарлық еткенде ғана ыдысқа алмастырады.[19]
-
Тікен кірсе жаныңа тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың.
(Дәрілік өсімдіктер)
Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсерін тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына да өсіру керек. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.
Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады.
Алоэ – үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады. [5;8]
Піл құлағы гүлінің әдемілігі - жалпақ жапырағында. Жапырағының көлемді болуына байланысты гүл «піл құлағы» деп аталады. Сонымен қатар, жаңбыр жауар алдында піл құлағының жапырағынан тамшы тамады, осы қасиетіне орай гүлді «жылауық», «ауа райын болжағыш» деп те атайды.
Гүл фитостерол, темір, никель, хром, мыс т.б. көптеген макроэлемент пен дәруменге бай. Биологиялық белсенді заттардың құрамында көп болуы әр түрлі инфекциялық ауруларға төтеп бере алатындығынан көрінеді.
Ғалымдар өсімдікті ғылыми
тұрғыдан зерттеу барысында гүлдің жөтел, мастопатия, ревматизм,
денедегі түрлі жараға сондай-ақ, аллергия, қабыну мен ісікке және
асқазан ауруларына қарсы ем екендігін
дәлелденген. [10;16]

17-сурет Ало́э (лат. Áloë)
Кактус– қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.
Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ, Австралияда,Үндістанда, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген.[13]
Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, немесе оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында.
Техас кактустерін зерттеу нәтижесінде, үш ай қуаңшылық кезінде де көпқылтанды опунция (Opuntіa polyacantha) сабағының құрамында 81% су сақталғаны байқалды. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек – перескияда сақталған), кейбір түрлерінде біз сияқты (опунцияда), немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ға жетеді). Жемісі – етті, жидек тәрізді. Кактус тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі – отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады. [10]

18-сурет
Үнді және жапон азалиясы
Олардан тамаша гүлдер және жалтыр жапырақтармен Азалия сергектiктiң атмосферасын үйде қолдайды. Ол адамды ұйқысынан тұрғызады және СН О лығымен пайдалы.

19-сурет Карлик анары
Адамға граната әсер тәуліктің уақытынан тәуелді болады: ол таңертеңнен жұмысқа қабiлеттiлiктi сергiтiп, жағдай жасайды, көңiлдi жақсартады, ықылас шоғырландыруға күндiз көмектеседi және, майдалар бойынша әр нәрсенiң басын бiр ұстамағанында емес, күнiне iстеп шығылған ниетi қорытуға кешке ескенiнде.[2]
Граната үйдегi қатысу майда жарақаттарының жазыла бастауы үдету қабiлеттi, ойын таcы және бұлшық еттердiң күшейтуiне мүмкiндiк туғызады. Анар қан тамырларындағы қан ұйықтардың еруiне мүмкiндiк туғызатын және ауруларға жүрек-қолқаны кедергi келтiретiн керемет.

20-сурет Шегіргүл узамбарская
Осыған топқа керемет түрлi формалар және түстердiң гүлдерi бар мыңдаған шақты сорттары және барқыт бетi бар еттi жапырақтармен жатады. Шегiргүлдер үйдiң атмосферасына жұбанышты ным оның жайы iстей жұмыс iстейдi. Ақ гүлдерi бар өсiмдiктер кез келген үй үшiн жақсартады, бiрақ әсiресе балалар бар болатыны сол үшiн өйткенi ақ түс тазалықты, бас символмен көрсетедi. Шегiргүлiнiң ағы жүйке олқылығынан жүйке жүйесiне жүктеменi кiшiрейтiп сақтау қабiлетi бар. Сонымен бiрге ол шыбын-шiркейлерден құтылту қабiлеттi, Муравьеволардан әсiресе.[4] Шегiргүлдер қызғылт және райхандармен қанағаттық сезiмдердi сенiм туғызады, тағамдағы қажеттiктер азайтады, жұмыс немесе қарым-қатынастан қуаныштың сезiнулерi шақырады.

21-сурет
-
Әдемілік үшін өсірілетін гүлдер
Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем оларды өсірмеңіз.
Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар –солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б. /. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.[8]
Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз.
Көгілдір шегіргүлдер
Олар адамдарға әдемiлiк жұқа сезетiн творчестволық көмектеседi. Олар музыкалық, көркем және орта бiлiм мектептерi, бала Садақтары, творчестволық студияларда ұстауға болады. Шегiргүлдер күлгiл гүлдерiмен үйдегi энергетикалық атмосфераларды әсемдейдi. Олар өзара түсiнбеулер жеңуге көмектеседi. Барлық шегiргүлдер тамақ және қалқанша бездi күйлердi үйлеседi. Олар тамақтағы iсiп қызару процесстерi азайту қабiлеттi.[12]

22сурет
Каллолар. Бұл өсiмдiктер үйдiң мекендеушiлерiнiң бақытының тұмарымен қызмет көрсете алады. Оның сары гүлi шұңқыр сияқты ақ жапқышпен буынған. Сары - шабыт, қуаныш, өнердiң түсi, ақ - тазалықтың түсi. Сұлулықтың арқасында - үйде атмосфера калло адамдардың көңiл түңiлген көңiлсiз адамдарды қуанышқа шаттыққа бөлей алады. Каллолар адам иммунитетін жоғарылату қабiлеттi, қызу, жүдеу және стресстер, ренiш және жабырқаңқыда, өзіңді жалғыз сезінгенде бөлмеде калло болса ол сені жалғыздықтан құтқарып қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар ол жақсылықты жаны суйеді, бiреу оған күлiп, қорлағанын қорқады.[11]
Сонымен қатар, сіздерге ең пайдалы қосымша жеті гүлдің тізімін ұсынамыз:
– Айдаһар ағашы
– Шырмауық
– Фикус
– Филодендрон
– Спатифиллум
2.Фитонцидтер
Өсімдік — өмір бойы адамның серіктесі. Бактерия мен антисептиктерді білмей ежелгі адамдар микрофлораға қарсылық көрсететін өсімдіктерді анықтай білген. Тұрмыста, халық медицинасында өсімдіктерді қолдану, адамдардың ғасырлық дәрежесінің айқын дәлелі. Өсімдіктердің – олардың ұлпаларының немесе ұшқыш фракцияларының қарапайымдар мен микроағзаларды қыратын қабілетін көптеген ғалымдар атап өткен.
Фитонцид –латын-грек сөзі: «Фито»-грекше «өсімдік», «цидо»-латынша «өлтіремін» деген мағынаны білдіреді. Олар, бактериялардың дамуын бәсеңдетіп, қарапайым микросаңырауқұлақтарды жояды. Онымен қоса өсімдіктің қорғанысы, қазір адамның өмірінде кең қолданысқа енді. Өсімдіктің барлық түрлері мен сорттары, фитонцидтік қасиетке ие. Бұл құбылыс, барлық өсімдік әлеміне тән. Ұшқыш фитонцидтер өсімдіктің жер үсті мүшелері арқылы атмосфераға, жер асты мүшелері арқылы – топыраққа, су өсімдіктері – суға бөлінеді.[18;20]
Фитонцидтік құбылысты 1929 жылы Б.П.Токин ашты. Әр-түрлі өсімдіктердің фитонцидтері, құрамы мен әсері бойынша ерекшеленеді. Бір өсімдіктердің бактериостаттық қасиеті бар (микроорганизмдердің көбеюі мен дамуын тежейді, бірақ жоймайды),үшіншілері бактериялардың көбеюі мен өсуін стимулдайды.
Өсімдіктің қорғаныш қасиеті,фитонцидтік ерекшеліктеріне байланысты. Бір гектар жапырақты орман жаз айында 1 күнде 2 кг ұшқыш фитонцидті, қылқан жапырақты орман -5 кг, арша-30 кг, микроорганизмдерге кері әсер тигізетін ұшқыш заттар бөледі.
Бөлме өсімдіктері де фитонцидтер бөледі. Ауаны микроорганизмдерден тазартады.Себебі, бөлме өсімдіктері дегеніміз – экзотикалық түрлердің интродукциялануы.Мысалы: циперус-59%, хризантема – 66% микрофлораны төмендетеді.[6;9]
2.1Тәжірибе
Мақсаты: фитонцидтердің қасиетін зерттеу
Құрал-жабдықтар: 3 банка, дәке, пісірілген жұмыртқа, пияз, сарымсақ.
Жұмыс барысы:
Әр банканың түбіне пияз, сарымсақты езіп, саламыз.
Сеткаға оралған жұмыртқа бөліктерін қоспадан 3-4 см етіп жоғары орналастырып, бекітемзі.
Банкалардың аузын тығыздап жауып, бірнеше күн байқау жүргіземіз.
Қорытынды: Бірнеше күннен кейін 3-ші банкадағы (бос) жұмыртқалар шіріту бактерияларының әсерінен бұзыла бастады, ал фитонцид бөлетін өсімдік салныған банкада бұл құбылыс байқалмады.
-
Сауалнама жүргізу
Аты-жөні: _____________________________________ Сыныбы: ________
1.Мектепте қай кабинетті ең әсем кабинет дер едіңіз? _____________________
2.Қай кабинетте жарық жүйесі толық қамтамасыз етілген? __________________
3.Қай кабинетте сіз сабаққа белсене қатысасыз? ___________________________
4.Қай кабинет жаныңызды тыныштық күйге бөлейді? ______________________
5. Қай кабинеттің дизайны сізге ұнайды? ________________________________
Сауалнама 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Сауалнама жүргізудегі мақсат - біздің мектептегі кабинеттердің өсімдіктермен безендірілуі қаншалықты деңгейде орындалғанын анықтау.
Сауалнама қорытындысы:
-
Ең әсем кабинет - №28 кабинет;
-
Барлық кабинеттерде жарық жүйесі толық қамтамасыз етілген.
-
Оқушылардың сабақта белсенділігі №15 кабинетте артады.
-
Оқушыларды тынышытық күйге №12 кабинет бөлейді.
-
Дизайны жағынан оқушыларға №28 кабинет ұнайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйімізде және мектепте де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алған дұрыс.
Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұрмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол бөлмеден жылылықты сезіне алмайсың. Ал, кабинеттердегі бұрыш-бұрыштағы жасыл желектерді оқушылар көре қалса көңілдері жадырап сала береді; сол кабинетке деген, сол пәнге деген көзқарасы өзгереді деп ойлаймын. Өйткені, гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа шанди салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол – біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен ізгіліктің коэффицентін өлшейтін, біздің табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы.
Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен бөлме гүлдері туралы, оның шығу тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, гүлдің түрлерін, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.
Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Әсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімді таң қалдым. Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл әрекетім ініме үлгі болатын болды деп ойлаймын. Және де өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын.
Енді мен тек осы білгеніммен шектеліп қалмай зерттеу жұмысымды ары қарай жүргізгім келеді. Оқушыларды, достарымды бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтуге баулу үшін, арнайы «Бөлме өсімдіктері» атты кітап жазып, шығарғым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Балалар энциклопедиясы, І том. Алматы-2008.
-
Баталов Э.Н., «Қазақстан өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2004жыл(100бет)
-
«Биология және салауаттылық негізі» 1/2005. 63 бет
-
«Биология және салауаттылық» 6/2005 73 бет
-
«Биолог анықтамалығы» 1/2012 электрондық нұсқасы
-
Бірмағамбетұлы Ә., Жүнісқызы К., «Табиғаттану» Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1998жыл, 2001жыл (206бет)
-
Мухаметбекович К.А., «География возникновения жизни», Алматы қаласы, «Атамұра» баспасы, 2008жыл (60-64жыл)
-
Менің алғашқы энциклопедиям. Алматыкітап-2004.
-
Мұсақұлов Т.,«Ботаника», Алма-Ата, «Мектеп» баспасы, 1975жыл (8 бет)
-
Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы 2008жыл (60-64жыл)
-
Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерінің асыл қазынасы», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (72-74бет)
-
Көкенов Т., Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д., Исамбаев Ә.И., «Қазақстанныңдәрілік өсімдіктері мен оның қолданылуы», Алматы қаласы, «Ғылым» баспасы, 1998жы (89-91бет)
-
«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
-
«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
-
Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Энциклопедия.Алматыкітап-2008
-
«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
-
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
-
Сұрақ және жауап. Энциклопедия. Алматыкітап-2011.
-
Паркер С., Уильямс Б., «Сұрақ және жауап», Алматы қаласы. «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (114-117бет)
-
«Өсімдіктер сыр шертеді» Қ. Сыбанбеков

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген