400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сыныпқа дүниетану пәнінен арналған мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Мектеп өмірінің ережелері

Мектеп ережелері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: «тәртіп ережелері» ұғымымен танысy


Оқушылардың басым бөлігі: сыныптағы өз тәртіп ережелерін үйренy;

Кейбір оқушылар: мектеп ережелерін сақтауға үйрену.

Тірек сөздер:

тәртіп – поведение – вehavior; ереже – правила – rules;

жауапкершілік – ответственность – responsibility.

Ресурстар:

«Жақсы және тамаша», «Нашар және жағымсыз» жазулары бар А4 форматындағы тақташа, А3 форматындағы қағаз (4-6 дана), маркерлер, қима әріптер.

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қарапайым адамгершілік мінез-құлық нормалары рулық қоғамда пайда болды. Дәл сол рулық құрылыста өзара көмек, адалдық және т.б. сияқты нормалар қалыптасты.

Мінез-құлықтың сыртқы формаларын анықтайтын ережелерді саналы түрде тарату көне кезеңге жатады. Бұл уақытта адамдарды өзін-өзі жақсы ұстауға үйрету әрекеттері байқалады. Орта ғасырларда этикеттің заңды күші болды және оның талаптарын бұзғаны үшін адам жазаға тартылатын. (Этикет – қоғамда қабылданған тәртіп ережелерінің жиынтығы). Орта ғасырларда этикеттің қатаңдығы «өз ортасындағы» адамдарды ажыратуға мүмкіндік беретін белгі ретінде қызмет атқарды.

Әр халықтың өз этикет ережелері бар. Қазақтардың ұлттық этикет шеңберіндегі күнделікті мінез-құлқы «әдет» (сыпайылық, дәстүр) ұғымымен айқындалады. Ең алдымен бұл үлкендерді сыйлауға қатысты. Ең құрметті қонақты және қарт адамды төрге (дастарқан басындағы құрметті орын) шығарады. Бұл қоғамдық көлікте үлкендерге орын беру қажет болғанда да қолданылады. Этикалық қағидалар жасы жағынан үлкен және кіші адамның, әйел және ер әдеп сақтауы талап етіледі. Мысалы, жасы кішілер үлкен адамның жолын кеспейді.


Тәртіп ережелері. Сабақты жұп болып жұмыс істеуден бастауға болады. Оқушыларға парталас көршісімен тәртіп ережелері деген не, олар не үшін қажет, ереже сақтамаса не болуы мүмкін екені туралы талқылауға тапсырма беріңіз.

Тәртіп ережелері


Жұпта талқыла.


  • Тәртіп ережелері деген не?


  • Тәртіп ережелері не үшін қажет?


  • Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?

Үзілісте

• Суреттен оқушылардың қандай әрекетін көріп тұрсың?

• Олардың қайсысы тәртіп ережелерін сақтайды?

• Тағы қандай тәртіп ережелерін білесің?



Shape1


«Сыныпта бәріне қолайлы болуы үшін әрқайсысың қандай ережелерді сақтауларың қажет?» Бұл сұрақ оқушыларға ережелердің мәнісін және маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Әр топ бұл сұрақты талдайды және постерді безендіреді (суреттер салуға, жазу жазуға, шартты белгілер ойлап табуға болады). Мұғалім әр топқа өз идеяларын қорғау үшін бір минут уақыт береді.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


«Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттарды тиісті түстерге бояйды.


Сабақта ауызша сөйлеу, өз көзқарасын білдіру және пікір таластыру дағдылары дамиды. Жұмыс дәптеріндегі «Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттардың атауларын жазуға тапсырма беріледі. Оқушылармен «Әріптерден сөз құра» ойынын ұйымдастыруға болады. Әр топ үшін қима әріптер салынған конверт дайындалады. Оқушылар ана тілінде тірек сөздердің біреуін жинап, оларды басқа екі тілде айтуы тиіс.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Оқушыларға оқулықтың 1-суретіндегі ұлдар мен қыздарды санап, олардың санын салыстыруға тапсырма беріледі (<; =; > белгілерін қолданылады).



Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Асханада өзіңді қалай ұстау керек?» тапсырмасын орындауға және асханадағы тәртіп ережелерін талқылауға ұсыныс беріледі. «Өзіңе сұрақ қой» тапсырмасы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға және ерте кезден өз тәртібін реттеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.



Бағалау


Оқушылар

– тәртіп ережелері дегеніміздің не екенін;

– олар неге арналғанын;

– жауапты болу дегеніміздің нені білдіретінін;

– мектепке қандай зат апаруға болмайтынын білді.

Оқушылар

– өмірде ережелеін сақтаудың маңызды екенін түсінді;

– сыныпта тәртіп ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсінді;

– өз әрекеттері өзіне де, өзге адамдарға да әсер ететінін білді.

Бағалаудың бір түрі ретінде мына тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушылар ұсынылған тізімнен жүгіру, айқайлау, тыңдау, жауап беру, келеке ету, итеру, кешігу, көмектесу, амандасу етістіктерін таңдап, оларды тиісті бағандарға орналастырады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі