400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды мектеп ережелерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: дүниетану Мектеп « А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні Нартаева А.А

Күні: 25.10.2018

Сынып 1 «Г» Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Мектеп ережелері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы : Оқушылар «ереже» ұғымымен таныса отырып, өз тәртібімен салыстырады, тапсырмадағы заттарды тиісті түстерге бояйды.

Оқушының басым бөлігі: Оқушылар сурет арқылы сөйлеу қабілетін, өз көзқарастарын білдіреді,суретте көрсетілген ұлдар мен қыздарды санап салыстырады;

Оқушының кейбірі:Суреттерден дұрыс әрекетті анықтап дәлелдейді.


Бағалау критерийлері


  • Ереже дегеніміз не екенін ,олар неге арналғанын түсінеді;

  • Жауапты болуды, мектепке қандай зат апаруға болмайтынын меңгереді;

  • Күнделікті өмірде ережелерді сақтаудың маңызды екенін түсінеді;

  • Сынып ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсінеді

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды сынып ережесін сақтауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек «заттарды бояу», математика «салыстыру»

Алдыңғы оқу

Мектептегі функционалды қаймақтардың орналасқан жерін анықтай алады.

Жоспар

Сабақтың жоспары

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут

Барлығы бірге хормен айтады.

Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз

-Мектепте қандай бөлмелер бар?

- Дәрігер, кітапхана, асхана бөлмесі не үшін керек?

-Дания еліндегі мектептер қандай болады ?



Сабақтың ортасы



18минут


































1 тапсырма.Жеке жұмыс. Қарқын тәсілі

Берілген суреттердің бірінші әрпінен алып сөз құра.

Балалар, мектеп ережелерін білесіңдер ме?

1 Ережелер не үшін керек?

  1. Ереже сақталмаса не болар еді?

Дескриптор

  • Оқушылар сурет бойынша берілген ребусты шеше алады.

  • Берілген сұрақтарға жауап беріп, мектеп ережесінің не үшін керек екенін айта алады.

Қалыптастырушы бағалау : Алманың түсіне қарай (қызыл, жасыл, сары) таратып шығу

Ынталандырушы бағалау: «Бас бармақ» тәсілі арқылы

Оқулықпен жұмыс

2-тапсырма. «Микрафон» әдісі. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

  1. Суреттен қандай әрекетті байқадың?

  2. Олардың қайсысы тәртіп сақтамады?

  3. Тағы қандай сынып ережелерін білесіңдер?

Дескриптор

Суреттегі іс – әрекеттерді анықтай алады. Тағы қандай тәртіп сақтау керек екенін айта алады.

Қалыптастырушы бағалау : Алманың түсіне қарай (қызыл, жасыл, сары) таратып шығу

Ынталандырушы бағалау: «Бас бармақ» тәсілі арқылы

3- тапсырма .Жұптық жұмыс. Қима қағаздармен жұмыс. «Тапсырма» тәсілі

Дескриптор

-Сурет бойынша жағымды ,жағымсыз әрекетерді ажыратады.

Мектеп ережесі бойынша ой бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау : Алманың түсіне қарай (қызыл, жасыл, сары) таратып шығу

Ынталандырушы бағалау: «Бас бармақ» тәсілі арқылы



* «Менің атым Қожа»

Дескриптор

Жұпта талқылап Қожаға өздерінің ақылдарын айта алады.

1.Дәптермен жұмыс.

* Мектепке нені апаруға болмайды?

Тәртіпті болу қиын ба?

Дескриптор

1 Оқушылар мектепке апармайтын заттарды қызыл түспен бояй алады.

2 Суреттегі балалардың іс- әркететтерін анықтап ұяшықтарды бояйды..


оқулықпен жұмыс

















Оқулық пен жұмыс






























Сабақтың соңы

2минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.




Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушы

білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың ортақ 7 тәсіліне сүйене отырып

1 -тапсырмада «қарқын» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Бұл тапсырмада кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс істейді. Осы орайда тапсырманы жылдам орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беремін.Үстелдің астына карточка жасырып қоямын..

2-тапсырма

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы жүзеге асырамын. Осы тапсырамада кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойландыру үшін және нақты жауаптарын алу үшін алдын-ала дайындап келген ашық және жабық сұрақтарды қоямын.

Бұл саралау барлық оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беруге ынталандырады.



Сабақ барысында критериалды бағалауды іске асыру үшін, күнделікті сабақ барысында әр тапсырма орындалғаннан кейін қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отырамын.

Тапсырмаларды әр оқушының қаншалықты деңгейде орындағанын анықтау үшін және әр оқушы сабақ барысында берілген тапсырмаларды өздері қалай орындаған мақсатында ынталандырып және алманың түсіне қарай беруді жоспарладым.

Осы қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін нақтылап, алған гүлдерінің түсіне қарай тақтада ілініп тұрған ағашқа келіп іледі.

Жасыл- жоғары деңгей

Қызыл- орта деңгей

Сары- төмен деңгей


1.Партада дұрыс отыру

2.Сыныпта жүгірмеу

3. Үшкір зат пайдаланбау




25.10.2018ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі