400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мектеп ережесін сақтаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
22.1.2.4 тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын сипаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Дүниетану

3-бөлім: Менің мектебім


Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.


Сынып: 2

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Мектеп ережелерін сақтаудың тиімділігі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы



Сабақтың мақсаттары

22.1.2.4 тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын сипаттау


Жетістік критерийлері

  • Мектеп ережелерін құрастырады;

  • Тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.


Сөздік қор


Уақытында келу, сыпайы болу, ізеттілік, бұзақылық, білім ор­дасы, білім ошағы, жауапкершлікпен қарау, ақыл­шы ұстазды тыңдау, болашағың үшін оқу керек, талпыну.


Құндылықтарды дарыту

Әдептілік мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын, ұқыптылыққа баулу. 


Пәнаралық байланыстар

Мәтінді оқу, талдау, өз ойын жазу барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.


Алдыңғы меңгерілген білім


1-сыныптан мектеп ережелерімен таныс


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


(Ұ) Сабақты сынып бөлмесінде дайындап қойған фотосуреттерді қараудан бастау. Оқушылардың мектептегі әрекеттері бейнеленген фотосуреттерді қарап шығуды ұсыну.

Оқушылар фотосуреттегі сәттерінде не істеп жатқандарына қарап сабақ тақырыбын болжауға мүмкіндік беру. Сабақ мақсатын айқындап алу. «Мектеп ережелері» бейнематериалдан үзіндіні көрсетіп, 1-сыныпта танысқан ережелерді еске түсіру.

Фотосуреттер, смайликтер


Сабақтың ортасы


(Ж) Қағазға жазылған бес ереже қабырғаға ілі­неді. Әр жұп сағат тілінің бағытымен жылжып, әр ережеге өз қөзқарастарын білдіреді. Алдын ала сыныпта анықтап алынған «келісу/ келіспеу» шартын білдіру үшін шартты бел­гіні қолданады. Берілген ережелердің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін дәлелдейтін ойларын айтуды ұсыну. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр ереже бойынша оқушы пікірлерінің қорытындысын шығару.

(Ұ) «Жалғастыр» ойынын жарыс түрінде ойнату. Оқушылар жалғастырып сөйлейді.


Не істеуге болмайды?


- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Жасы кіші баланы................(жылатуға болмайды.)
- Сабаққа ...........................(кешігуге болмайды.)
- Өзге адам сөйлегенде........................(сөзін бөлуге болмайды.)
- Сабақтың үстінде .............................(ойнауға, сөйлесуге

болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

- Дәлізде .................................(жүгіруге болмайды)


Не істеу керек?
- Үй тапсырмасын.......................(орындап жүру керек.)
- Сабақта айтылғанды ...................(мұқият тыңдау керек..)
- Басқа оқушының жауаптарын..........................(тыңдау керек.)
- Асханада..............................(сөйлемеу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

(Ж) Осы ережелердің негізінде оқушығаны сипаттауды ұсыну.

Мектеп ережесін бұзбайды, яғни (тәртіпті).

Мектепке уақытында ке­леді, ерте келіп, оқу құралдарын дайындайды (ұқыпты).

Мұғаліммен керіспейді (ізетті).


(Ұ)

Мәтінді оқу, талдау және хат жазу.

Жексен

Жексенді сыныптастары «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды.Себебі ол сабақта тыныш отырмайды. Қасындағы балаларға үнемі кедергі жасайды. Оқу құралдарын үйіне тастап кетеді. Сабаққа кешігіп келеді.

- Жексен қандай оқушы?

- Жексенде қандай жаман әдеттер бар?

- Жексенге көмектесу үшін хат жазуды ұсыну.


«Мектеп ережелері» бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=H6KOLwnkPYI


Сабақтың соңы


(Ж,Т) «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек?

Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?», - деген сұрақтардың көмегімен суреттерді талдап, сабақты қорытындылау. Мүмкін болатын жауаптардың ортақ құрылымын ұсыну:

«Егер де біз мектептегі ... тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ».

«Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....» Бұл тапсырманы орындау үшін «Ар-ождан ал­леясын» жүргізу.

«Галереяда ой шарлау» сабақтың басында көрген фотосуреттер аллеясына өздеріне ұнаған суретке смайликтерді жабысты­рады.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларға әдеп нормаларын құруға қажетті көмек көрсетіп қолдау. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі