МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫ
БОЙЫНША ТРЕНИНГТЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Жалпы алғанда тренинг
практикалық оқуды ұйымдастыру құралдарының бірі ғана. Мұны кейбір
жаңашыл мұғалімдердің «тренинг – мәселенің барлығын шешеді» деген
ойларымен де бір жақты келісу қиын. Себебі, тренингтер үшін әмбебап
немесе сиқырлы сценарий болмайды. Басқаша айтар болсақ, өмірдің
барлық жағдайына қолданыла беретін ғажайып үлгі жоқ. Мұны әр
мұғалім, әр ұстаз өзінің пәніне сәйкес жасауы тиіс. Тренингте
жазуға қарағанда әрекет, қозғалыс көп. Ұстаздың өзіне тән мінезі
болғаны сияқты шәкірттің де адами қасиеттері әртүрлі. Біреуі
белсенді қатыстып, ойын мен әрекетті жақсы көрсе, екіншісі
тыныштықты, пікір алысып, ой жүгіркені жақсы көруі мүмкін, өйткені
адам жаны күрделі құбылыс.
Тренигтің «сиқырлы сценарийі»
жоқ деуіміз, біздің әрбір күніміз әр түрлі. Бүгінгі күн кешегіні
қайталамайды, ал ертеңгі күн бүгінмен бірдей болмасы анық.
Сондықтан да оның сценарийі сабақ тақырыбы мен оқиғаның желісіне
және жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Енді информатика тарауларына
арналып жасалған тренингтік жаттығуларға
тоқталайық.
«АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ
ҮРДІСТЕР»
тарауының кіріспе
сабағы
Тренингтің жалпы
сипаттамасы:
Мақсат: тыңдаушылардың әлеуметтік және
техникалық қатынастар саласындағы ақпарат және ақпараттық үрдістер
туралы түсініктерін қалыптастыру.
Бұл өз кезегінде төмендегі
міндеттерді айқындайды:
– ақпараттық қоғамға бейімдеу
және т.б.
– ақпараттың табиғи және
техникалық үрдісін байқап көру және
т.б.
Кіріспе
бөлімі:
Мұғалім тақырыпты айтып, оның
қоғам өміріндегі маңыздылығын, орнын немесе ерекшеліктерімен
таныстырады. Тыңдаушыларға сөз береді, олардың пікірімен танысады.
Кейін бұл тренингтің жүргізу ережесін
айтады.
Ереже. Уақыт белгіленеді. Ұялы
телефондар өшіріледі. Сөйлейтін адам қол көтеріп, кезекпен
айтады.
Топты сабаққа
әзірлеу:
Ол үшін мұғалім «Әділ шешім»
оқиғасын баяндайды.
Мақсат:
Қатысушыларды тақырыпқа
кірістіру.
Мәтін:
Бір күні Харон ар-Рашид
патшаның түсінде оның аузындағы барлық тістері түсіп қалады. Ол
ұйқысынан оянысымен көріпкеліне түсін жорытады. Сонда көріпкел:
«Мұсылмандар әміршісі сіздің туыстарыңыздың бәрі өліп, жалғыз
қаласыз» - деп түсін жориды. Бұған ашуланған патша көріпкелдің
басын алады. Екінші көріпкел патшаға: «туыстарыңызға қарағанда сіз
көп өмір сүресіз дейді». патша ол көріпкелді еркіне жібереді. Енді
бір көріпкел: «Мұсылмандар әміршісі, сіздің ғұмырыңыз ұзақ та
бақытты күн кешесіз» деп, патша тісінің түсіп қалуын жақсылыққа
жорыды. Патша оған ат басындай алтын беріп, қошеметпен шығарып
салады.
Тақырып
байланысы:
Айтылған ақпараттың айтылу
жолы әртүрлі болғанымен, мағыналары бірдей. Бұл оқиғада ақпаратты
дұрыс өңдеу, оны дұрыс жеткізе білу керек екендігі
айтылады.
Тренингте жұмыс жасау
формалары:
Шағын топтарда тақырыпқа
қатысты талдау жасалады, бейнелеу жұмыстары жүреді, кейін
(жобаларды, кейстерді, сызбаларды презентациялау және т.б.) рөльдік
ойын элементтері, имитациялық ойындар, мәтіндерді сараптау және
т.б. іс-шаралар атқарала береді.
Мұнан соң
мұғалім: «Ақпарат дегеніміз не?» және
«Ақпараттық үрдістердің қандай түрлері бар?» деген тақырыптарға
арнайы тоқталып, олардың мәнін ашып, мини-лекция оқиды. Бірақ, бұл
лекция да тыңдаушыға қызық әрі тартымды әдіспен ұсынылуы
керек.
Жоғарыда айтылған материалды
практикалық тұрғыдан сынақтан өткізіп, тыңдаушыларға әлі де
жақындата түсу үшін оларды қатыстырып, арнайы жаттығулар
орындалады. Мысалы тақырыбымызға жақын мынадай жаттығуды
аламыз:
«Қарым-қатынаста ақпаратты
қалай дұрыс пайдалануға болады?»
Өмірде біздің әрбіріміз әртүлі
ақпаратқа тап болып қалып жатамыз. Енді мұндай жағдайда ақпаратты
қабылдаудың сан алуан түрлері кездеседі: көру арқылы, есіту,
тітіркену арқылы адамдардан, газет-журналдардан, техникалық
құрылғылардан т.б.
«Аса тұғын молда бар, өртей
тұғын кітап бар» кері ақпараттыңда зияны мол. Ақпаратты дұрыс
таңдап уақытты тиімді пайдалана аласыз
ба?
Мұғалім тыңдаушыларға қарап,
осы сұрақты қояды. Кейін оларға басынан кешірген осындай оқиғаны
еске алуға шақырады. Тыңдаушыларан біреуі шығып, өзінің екілілік
баға алған кезін айтуы мүмкін. Егер айтпаса, онда естіген немесе
оқыған оқиғалардың бірі ортаға салынады. Сөйтіп, топ осы оқиға
бойынша ойын құрады. Мысалы, ағасы інісінің әлеуметтік желіде
отырып, үй тапсырмасын орындамағаны үшін тәртіпке салды
делік.
Шиеленіс жағдайынан тиімді
шешім табу алгоритмі:
1. Әңгімені нақты өзіңе
жақпайтын жағдайдан бастау: «Сен мені пәленше деп дөрекі сөйлеген
соң...».
2. Қарсыдағы адам қатыгездік
танытқан соң сенің бойыңда пайда болған эмоциялық сезімді жеткізу:
«...сенің сондай іс-әрекеріңнен кейін оқу үлгерімің төмендеп
кетті».
3. Оның саған қалай
қарым-қатынас жасағанын қалар едің? Соны айтыңыз немесе оның бұл
жағдайда қандай амал жасауына кеңес берер едіңіз: «Келесі жолы
маған ....».
4. Егер қарсыңыздағы адам
өзінің сізге деген әрекетін өзгерткен жағдайда сіз не істер
едіңіз?
Осы сияқты ақпаратты дұрыс
қолданбауға қатысты арнайы жағдайлар мен оқиғаларды келтіріп,
топпен біріге отырып шешуге болады.
Топта талдау
жасау:
Топ мүшелері пікірлерімен
бөлісіп, ақпарат ұғымын тек теориялық тұрғыдан қарастырып қана
қоймай, күнделікті адам өміріндегі ықпалын, тиімді және тиімсіз
жақтарын анықтап өз тәжірибесінде қолдану дағдысын
талқылау.