Материалдар / "МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ"

"МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ"

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1336
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы

9 «Наурыз» бөбекжайы

Айтказиева Айгуль Еламановна



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ

Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
“Әлеуметтендіру” сөзі “әлеуметттік” сөзімен төркіндес яғни (латынша “socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі /1/.
Ал ғалым Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру” ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды /2/.Т.Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз – индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі /3/. Н.Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді /2/.Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.

Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады /4/.

Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134,1 пайызды , ауылдық жерлерде 13,4 пайызды құраған /5/. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін /6 жас/ отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?

Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ “Балбөбек” бағдарламасы, “Сорос - Қазақстан” қорының “Тәй-тәй” бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т.б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.“Балбөбек” бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық педагогикаға негізделе құрылған /6/.Бағдарлама мазмұны “Отбасы”, “Балабақша”, “Ойыншықтар”, “Жыл мезгілдері”, “Қазақстан-Республикам менің”, “Жануарлар дүниесі” атты тақырыптар негізінде 2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады. Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп, қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негізерімен қатар, имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.
“Балбөбек” бағдарламасында әлеуметтік тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен. Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе құрылған. Әр жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген. Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы. Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .
“Тәй-тәй” бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы баланы ақыл-ой, интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға қояды. Баланың 7 жасына дейін есі мен ойлауына күш түсіруге қарсы шығады. Бала айнала қоршаған өмірді талдап-талқылау жолымен емес өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі , өмірді танып-білуді баланың рухани және ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз еркімен, өз ықтияры болған кезде іске асыруды тиімді деп тауып, баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен үлкендер тарапынан жақсы көру мен сүйіспеншіліктің болуын басты шарт етіп алады /7/.
Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззат гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту бағытында құрылған.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.

Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.

Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.

Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру –мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ