Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі
заманауи педагогтің рөлі
«Ел есінде мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле»
Халық даналығы
«Адам өмірінде екі жағдайда қателеспеуі қажет, соның бірі - мамандық таңдау» деген сөз бар халқымызда. Осыған орай, мен өз ойымды айтар болсам, мамандық таңдауда қателесе қойған жоқпын деп ойлаймын.
Өйткені менің бала күнгі арманым – тәрбиеші болу. Қазіргі таңда сол арман қанатында тәрбиеші болып еңбек етіп келе жатырмын.
Әрине, ХХI ғасыр – саналы тәрбие мен сапалы білім ғасыры. Балабақшадағы әрбір бүлдіршінге дұрыс тәрбие мен жан-жақты білім беру беру - заманауи педагогтің бірден-бір міндеті. Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіннің санасы таза, ақ парақ секілді даусыз. Не берсеңіз, соны қабылдайды. Не айтсаңыз, сол әрекетті бұлжытпай орындайды. Балалардың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан зор. Тәрбиеші – балаға бағыт-бағдар, тәлім- тәрбие беретін отбасынан кейінгі - екінші анасы. Тәрбиеші болу айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу, олармен тілдесу тек сырт көзге ғана оңай жұмыс. Топтағы әрбір бала - бір ашылмаған сыр, құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала баяу, ал үшінші бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді.
Абай дана айтқандай «Жас бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылықтан тұрады. Сондықтан мұның бәрін білгісі келген балаға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті болып саналады. Балаларға суық, ызалы, ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда, әзілді түсінетін, жайма-шуақ, шыншыл, өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды.
Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, яғни ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – балабақша, балабақшадағы тәрбиешілердің ыстық ықыласы, жанашыр қамқорлығы деп білемін. Әрбір атқан ақ таңда бүлдіршіндер балабақшасына асыға жетсе, ол сол жердегі құрбылары мен тәрбиеші апайларына деген сүйіспеншілігі білген абзал. Сондықтан мен де жұмысыма күнделікті мерекеге келе жатқандай көңіл күйде барамын. Өйткені мені бұл жерде жарқын жүзді, күлім көз бүлдіршіндерім күтіп отыр. Шат көңілді балалармен күнделікті көңілді қарым-қатынас жасау маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіндіреді.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Әр мамандық осынысымен ерекше.
Өзім балабақшада ұзақ жылдардан бері қызмет жасап келе жатқандықтан, түйген ойым: бала - біздің болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керектігі.
Мен көбінесе, әр сабағымды ойын арқылы өткізіп, әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулимын. Балалардың ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отырамын. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін, оған атрибуттар, ойыншықтар дайындап отырамын.
Қорыта келе айтарым, «Заманға сай тәрбиеші - ол өзіне артылған ауыр жүктің салмағын сезінген тәрбиеші, өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын тұлға» деген тағылымды өз жұмысымда үнемі бойтұмардай еске сақтап келемін. Жан-тәніммен қалап, жүрекпен сүйген тәрбиешілік жұмысымды ешқашан өзгерткім келмейді. Өйткені, бала - пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы. Сондықтан да мен өз мамандығымды сүйгендіктен, одан ләззат аламын, бақыт табамын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі

шағым қалдыра аласыз